Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 8-cypem



Pdf көрінісі
бет22/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   250
40


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
8-cypem.
Әр түрлі талшықтылар: А - Жасыл эвглена - Euglena viridis; 1 - талшық,
2 - резервуар, 3 - жиырылғыш вакуоль, 4 - қосымша вакуоль, 5 - стигма,
6 - хроматофоралар, 7 - ядро, 8 - парамил түйіршіктері; Б - Volvox aureus - жыныссыз 
колония; В - Volvox globator - колонияның бір бөлігі; 1 - талшықтары, 2 - клеткалары,
3 - цитоплазмалық көпіршік, 4 - жас колониялар, 5 - макрогамета, 6 - микрогамета;
Г Trypanosoma rhodesiense; 1 - талшық, 2 - толқын тәрізді мембрана, 3 - ядро,
4 - цитоплазма, 5 - кинетопласт, 6 - кинетосома
сезгіш көзшесі стигма орналасқан, қызыл пигмент - гематохромнан 
құралған. Зәр шығару және осмос қысымын реттеу жұмысын 
жиырылғыш вакуолі атқарады. Оны бірнеше қосымша ұсақ 
вакуольдері қоршап жатады. Қосымша вакуольдерінен жиналған 
сұйық зат және зәр жиырылғыш вакуольден резервуарға құйылады 
да, жұтқыншақ арқылы сыртқа шығарылады.
Ұзынынан бойлай бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. 
Қолайсыз жағдайларда эвглена сыртына қалың қабық шығарып, соған 
қапталып цистаға айналады.
Фитомонадалар отряды - Phytomonadina
Жасыл түсті, екі талшықты, автотрофты не миксотрофты, тұщы 
суларда және теңіздерде тіршілік ететін қарапайымдылар.
Хроматофоралары тостағанша, ассимиляция нәтижесінде 
крахмал пайда болады. Кейбір түрлері Chlamydomonas braunii, Сһ.
41


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
steinii бір клетка құрылысты, ал басым көпшілігі клетка жиынтығынан 
құралған колония түзейді. Колониялы формаларына эударина 
(Eudorina), пандорина (Pandorina), вольвокс (Volvox) туыстары 
жатады. Эударина - 32 клеткадан, пандорина 
16, вольвокс мың- 
нан аса клеткалардан құралған колония.
Вольвокстар тұщы суларда кең тараған, колониясы шар тәрізді, 
жасыл түсті. Колонияны кілегейлі зат қоршап тұрады, ішінде бір- 
бірімен цитоплазмалық көпірше (түтікше) арқылы байланысқан 
клеткалары орналасқан, әрбір клетканың талшықтары колонияның 
сыртына қарай шығып тұрады (8,Б,В-сурет). Колониядағы особьтар- 
дын саны 500-ден 20000-ға дейін жетеді.
Клеткаларының құрылысы эвгленаға өте ұқсас, айырмашылығы 
екі талшықтың болуында. Вольвокстың клеткалары атқаратын 
қызметтеріне қарай ірілі-ұсақты болып келеді. Ірі клеткалары немесе 
генеративті-көбею қызметін атқарады, аналық және аталық гамета- 
ларды түзейді (макро- және микрогаметаларды). Ал ұсақ клеткалары 
немесе соматикалық көбеюге қабілеті жоқ, сондықтан барлық қалған 
қызметтерін атқарады (жылжу, ас қорыту тағы басқаларды).
Вольвокс жыныссыз палинтомия жолымен көбейеді, шар тәрізді 
колонияның ішінде жас колониялар түзіледі. Олардың ұлғаюынан 
аналық шардың қабырғасы жыртылады да, жас шарлар сыртқа шы- 
ғып, өз бетінше тіршілік ете бастайды. Жас колония өсе келе ересек 
колонияға айналады. Вольвокс жынысты жолмен де көбейеді. Гене- 
ративті клеткалардан пайда болған макро және микрогаметалар 
қосылып зигота түзейді, зиготаның бөліну нәтижесінде колония 
түзіледі.
Колониялы талшықты қарапайымдылардың теориялық маңызы 
зор. Эволюциялық тұрғыдан қарағанда көп клеткалы жануарлардың 
арғы тегі бір клеткалы колониялы талшықты қарапайымдылар 
болып саналады (Э. Геккельдің, И. И. Мечниковтың теориясы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет