Г. К. Ахметова-п.ғ. д., профессор, Ж. А.Қараев- п.ғ. д., профессор



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата22.12.2016
өлшемі4,37 Mb.
#124
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Қалиев  С.  Қазақ  этнопедагогикасының  теориялық  мәселелері  және  тарихы.  –  Алматы 
«Білім» 2004.
2.  Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы «Санат» 2001.
3.  Бес ғасыр жырлайды. Алматы: «Жазушы», 1989.
РОЛЬ НАРОДНОЙ ПОЭЗИЙ В ВОСПИТАНИИ РЕБЕНКА
Н.А.Алдабек, А.А.Серикбай 
Аннотация. 
  В  статье  рассматривается  важность  народной  поэзий  в  воспитании  ребенка. 
А так же приведены примеры в сказаниях великих и мудрых жырауов о воспитании мальчика и 
девочки. Так же уделена внимание о главных аспектах в воспитаний детей нынешнего поколения. 
Предлагается национальное воспитание, точнее воспитание через народную поэзию, для растущего 
наследия самым оптимальным вариантом. 
Ключевые слова:
 воспитание, патриотизм, семейное воспитание, роль отца и мать, народная 
поэзия
THE ROLE OF FOLK POETRY IN THE UPBRINGING OF THE CHILD
N.A. Aldabek, A.A.Serikbay 
Annotation.
  In this article about the importance of folk poetry in the child's upbringing. And also are 
examples in the stories of the great and wise zhyrauʼs about parenting boys and girls. Just paying attention 
to the main aspects in the education of children of the present generation. Proposed national education, or 
rather education through folk poetry, for a growing legacy of the best option.
Keywords:
  education, patriotism, family education, the role of father and mother, folk poetry
УДК 82:316.3
қаЗақ ЖӘНе ОРыс ӘдеБиеТІНдеГІ ӘЙел БеЙНесІНІң 
ТӘРБиелІк ӘлеУеТ
І
с.Ж. Зейнолла 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, ББЖ ҚБАРИ, Алматы қ.
а. джамбозова
 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.
Түйіндеме.
  Мақалада  қазақ  және  орыс  әдебиетіндегі  әйел  бейнесінің  тәрбиелік  әлеуетінің 
салыстырмалы  аспектісі  қарастырылады.    Автор  тәрбиелік  үдерістің  тиімділігін  арттыру 
мақсатында  оқытуда  қолдануға  болатын  тәрбиелік  бейнелері  бар  кейбір  шығармалардың 
салыстырмалы  талдауын  ұсынады.  Жазушылар  әйел  бейнелерінен  өз  халқына  тән  белгілерді 
анықтауға  тырысқан.  Мақалада  Ғ.  Мүсіреповтың  «Ұлпан»  шығармасына,  И.С.  Тургеневтың 
«Накануне» романындағы басты кейіпкер әйел бейнесіне ерекше көңіл бөлінген. Әйел, бұл барлық 
бастаманың  бастамасын.  Халық  идеалдарымен  жоғары  күш  тасушысы  –  әйел.  Оның  сұлулығы, 
әсемдігі, бай рухани әлемі барлық кезеңде ақындар  мен жазушыларды  еліктірген. Көркем әйел 
бейнелері  үлкен  тәрбиелік  әлеуетке  ие.  Автор  қазақ  және  орыс  әдебиетінде  әйел  бейнелерінің 
тәрбиелік әлеуетін талдау негізінде қыздар мен ұлдарды тәрбиелеу бағыттарын ұсынады. 
Түйінді  сөздер:
  әйел  бейнесі,  қыз  намысы,  отбасындағы  әйел  рөлі,  қазақ  әйелінің  тұрпаты, 
сыртқы бейне. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  –  2050» 
Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  «Біз  әйел  затына  –  анаға,  жарға, 
қызға  деген  қапысыз  құрметті  қайта  оралтуға 
тиіспіз» деп айтып кеткен. Қазақ әйелі дәстүрлі 
мәдениеттің  бесігін  тербетіп,  әйелдіктен 
даналыққа,  отбасы,  ошақ  қасы  тірлігінен 

103
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3,  2016 г. 
рулы  елдің  қамын  жейтін  ел  анасы  деңгейіне 
көтеріле  білген  [1].  Әйел  барлық  бастаманың 
бастамасы.  Оның  сұлулығы,  әсемдігі,  бай 
рухани  әлемі  барлық  кезеңде  барлық  ұлттың 
ақындары  мен  жазушыларының  музасы 
болған.  Көркем  әйел  бейнелері  қазіргі  кезде 
де  оқырмандардың  жүрегін  баурайды.  Қазақ 
және  орыс  халқында  әйел  тақырыбына,  оның 
ерлігі  мен  өнегелілігіне  арналған  шығармалар 
әдебиет қорында өте көп. Сол шығармалардағы 
өнегелі  әйелдердің  мінез-құлқы,  жүріс-тұрысы 
мен  даналығы  әрбір  оқырманға,  әсіресе  қыз 
балаларға, тәрбиелік ықпал етеді. Осыған орай, 
қазақ және орыс әдебиетіндегі әйел бейнесінің 
тәрбиелік  әлеуетін  салыстырмалы  аспектіде 
қарастырамыз. 
«Қазақ  әйелі»  концептісінің  этномәдени 
сипатын  зерттеумен  айналысқан  Байғұтова 
Ақлима Мархабатқызы жалпы христиан дінінде 
әйел  туралы  "зұлым",  "күнәһар",  "өтірікші", 
"кекшіл"  т.б.  деген  сияқты  өте  төмен  көзқарас 
қалыптасқан  деген  пікір  білдірген  және 
оны  кезінде  католик  дінінің  ресми  теологы 
болып  бекітілген  Фома  Аквинскийдің  сөзімен 
дәлелдеген: «Әйел тез өсетін арамшөп сияқты. 
Ол  толыққанды  адам  емес,  оның  денесінің 
толық жетілмегенінің өзі оның құндылығының 
төмендігінен, 
табиғат 
онымен 
азырақ 
айналысатындықтан...  Әйелдер  оларды  мәңгі 
билеушінің  немесе  ұстаздың  басқаруымен 
ұстап отыру үшін туады» [2, 27]. Бірақ идеялық 
мазмұнының  тереңдігімен,  өмірлік  маңызды 
мәселелерді  қою  және  шешуге  ұмтылысымен, 
адамға қатынасының ізгіліктілігімен, ақиқатты 
бейнелеудің  шынайылығымен  ерекшеленген 
орыс  әдебиетінің  көрнекті  жазушылары 
әйел  бейнелерінен  өз  халқына  тән  ең  жақсы 
сипаттарды  көрсетуге  тырысқан.  Орыс 
жазушылары әйел жанының күрделі уайымдары 
мен ішкі әлемін бейнелеуге көп көңіл бөлген. ХІІ 
ғасырдан  бастап  орыс  әйелінің  бейнесі  оның 
ұлы батырлығымен, ұлы әрекетке деген ыстық 
ықыласымен астарласып жатады. 
Ал ислам дінінде әйелге, әсіресе әйел анаға 
деген  көзқарас  бұдан  өзгеше.  Бұған  "Жұмақ 
ананың табанының астында", "Алдымен анаңды, 
анаңды, тағы да анаңды, одан соң әкеңді сыйла", 
"Ең қайырлы болғаныңыз, әйелдерге ең жақсы 
мәміле  жасағандарыңыз  болмақ",  "Балаларды 
махаббат пен сүйіспеншілікпен бағу, әйелдерге 
жақсы  мәміле  жасау  -  Исламның  бармақпен 
басып  көрсеткен  ахлақ  ережесі"  т.с.с.  ислам 
қағидалары  дәлел.  Қазақ  әйелдері  туралы 
сөз  болғанда,  әсіресе  олардың  сырты  мен  іші 
үйлескен  сұлулығы,  мінез  байлығы,  ақыл-
парасаты  жөнінде  әңгімелегенде,  ең  алдымен 
батырлар жырындағы әйел кейіпкерлердің көз 
алдыңызға келері сөзсіз. Қазақта қыз баланың, 
жалпы  әйел  затының  бойынан  төменшектік, 
именшектік,  ұялшақтықтан  гөрі  өжеттік, 
еркіндік,  ақыл,  парасат  сияқты  қасиеттерді 
жоғары бағалайды [3]. 
Қазақ  әдебиетінде  де,  орыс  әдебиетінде 
де  әйел  бейнесі  көпқырлы,  үйлесімді  болған, 
жылдар бойы әйел бейнесі уақытқа сай өзгеріп 
отырғанымен,  әрқашан  жылулық,  құпиялық 
және  сұлулық  сипатын  жоғалтпаған.  Ал  қазақ 
және  орыс  әдебиетіндегі  әйел  бейнелерінің 
тәрбиелік  әлеуетін  нақты  мысалдар  арқылы 
қарастырып, салыстырмалы талдау жасау үшін 
қазақ әдебиетінен Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» 
шығармасы мен орыс әдебиетінің көрнекті өкілі 
И.С.  Тургеневтың  «Накануне»  романындағы 
басты  кейіпкерлер  бейнесінің  сипаттамасына 
тоқталамыз. 
И.С.  Тургенев  әйел  жанының  білгірі,  әйел 
бейнесін  жасаудың  шебері  болған.  Ол  көркем 
орыс  әйелдерінің  көрмесін  бейнелеген.  Соның 
ішінде  тәрбиелік  әлеуеті  мол  жаңа  заманға 
жанасатын әйел бейнесі – Елена Стахова. Елена 
—  «ерекше  қыз»,  ол  «жақсылық  жасаушыны» 
іздейді,  отбасының  тар  шегінен  қоғамдық  іс-
әрекеттің  кең  аумағына  шығуға  ұмтылады. 
Бірақ  ол  кезеңдегі  өмір  шарттары  әйелдерге 
мұндай  іспен  айналысуға  мүмкіндік  бермеген. 
Елена  өз  өміріе  өз  отанын  бодандықтан 
құтқаруға 
арнаған 
Инсаровқа 
ғашық 
болады.  Инсаров  Еленаны  «ортақ  іске»  күрес 
сұлулығымен  баураған.  Оның  өлімінен  кейін 
Елена Болгарияда қалып, өзінің өмірін ең киелі 
іс  –  халқын  түріктердің  жаншуынан  құтқаруға 
арнайды.  И.С.  Тургеневтің  шығармасындағы 
Елена  бейнесінің  тәрбиелік  әлеуеті  оның 
беріктілігімен,  әділеттілігімен  ерекшеленеді. 
Еленаға,  сонымен  қатар,  арманқуғыштық, 
адамгершілік тазалық тән. Басты кейіпкер әйел 
батыл  және  шешімге  берік  болғанымен  қазақ 
әдебиетіндегі  әйел  бейнесінен  ерекшеленеді. 
Қазақ  әдебиетіндегі  әйел  бейнесі  отбасына 
адалдықты  басты  орынға  қойса,  И.С. 
Тургеневтың  шығармасында  Елена  өзін  ұлы 
іске  арнау  жолында  отбасымен,  достарымен 
және  қалыпты  өмірімен  қоштасады.  Бұл  қазақ 
әйеліне  жат  қылық.  [4].  Дегенмен,  Елена 
бейнесінің  тәрбиелік  әлеуетінің  көп  тұстары 
Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» шығармасындағы 
басты кейіпкердің бейнесінен де көрініс табады. 
Ұлпан да Елена сияқты ел-жұрттың, қалың 

104
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3,  2016 г. 
қауымның  қамын  көздеген  ел  қамқоры,  ел 
анасы.  Өз  бақытымен  қатар,  өзгенің  бақытын, 
тағдырын,  тұрмысын  ойлап,  қиыншылықта 
қол  ұшын  беруге  ұмтылу  бір  жағынан 
адамгершіліктің  ең  жоғары  түрі  болса,  екінші 
жағынан патриоттық сезімді тәрбиелейді. Ұлпан 
өзін мықты, батыл деп санаған, ол баласына әке 
де шеше де бола алғаны үшін өзін құрметтеген. 
Ол  өзінің  айтқанына  басқаларды  көндіре 
алатынын  біліп,  өзінің  сатылмайтынын  және 
сатып  алынбайтынын  нық  айтқан.  Бұл  рас.  Ол 
шынында да байлыққа бей-жай қараған. Өзінен 
қырық  жас  үлкен  би-батырдың  болмысына 
емес,  адамгершілігіне  қызыққанын  жоғары 
да  атап  өткен  болатынбыз.  Ұлпан  жайнаған 
жастық  дәуренін  осы  елдік  мұрат  жолына 
қиды,  бірақ  И.С.  Тургеневтің  Еленасы  сияқты 
жақындарынан  біржола  қатынас  үзген  жоқ. 
Қазақ  халқына  тән,  қазақ  әйелінің  шаңыраққа 
беріктілігімен  ерекшеленеді.  Ұлпанның  басқа 
әдеби  бейнелерден  ерекшелігі  –  отбасылық 
өмірге енген соң тұлға ретінде жойылмауы [5].
Осылайша,  қарастырылған  екі  әйел 
бейнесі  екі  халыққа  тән  болғанымен,  ортақ 
ұқсастықтары да бар. Бұл ұқсастық патриоттық 
тәрбиенің,  рухани-адамгершілік  пен  ақыл-
ой  тәрбиесінің  ұштасуынан  көрініс  табады. 
Қарастырылған қай халықтың әйелі болмасын 
өз ұрпағын еліне, жеріне адал болуға шақырады. 
Қазақ  әдебиетінде  Ұлпаннан  басқа,  орыс 
әдебиетінде  Еленадан  асқан  көптеген  әйел 
бейнелері  бар.  Орыс  әйелін  жырлаушылардың 
бірегейі  Н.А.  Некрасов  болған.  Некрасовқа 
дейін  және  Некрасовтан  кейін  де  бірде  бір 
ақын,  жазушы  әйел  тағдырана  көп  көңіл 
бөлмеген.  «Мороз,  Красный  нос»  поэмасында 
Н.А.  Некрасов  Дарья  бейнесімен  өз  халқының 
идеалынын  бейнелейді.  Дарья  —  батыр  орыс 
әйелі, «ұлы славянка». Оның мінезі жылдар бойы 
қалыптасып, көптеген таңғажайып қасиеттерге 
ие  болған:  аналық  сезімі,  жеке  намыс  және 
т.с.с. Ақын орыс шаруа әйелінің қиын тұрмысы 
туралы  налып,  әйел  бақытының  кілті  мәңгіге 
жоғалған  деп  жазған.  Қазақ  әдебиетінде 
де,  мәселен  Жүсіпбек  Аймауытовтың  қазақ 
қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік 
төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру 
процесін  суреттеген  «Ақбілек»  романында 
содырлардың  ортасына  түсіп,  қарамұртқа 
ермек  болған  қыз  тағдырының  қиындығы 
баяндалады.  Бірақ  орыс  әдебиетінде  де,  қазақ 
әдебиетінде де әйелдің өмірі қаншалықты қиын 
болса да, қырық шырақты абзал жанның намысы 
мен жеке күш-қуатын, өмірге құштарлығын жоя 
алмайтыны жеткізіледі.
Ал  Л.Н.  Толстой  үшін  сұлулық  –  бұл  ең 
алдымен  «адамгершілік  сезімнің  тазалығы». 
Мұны  Ә.  Нұршайықовтың  «Махаббат  қызық 
мол жылдар» еңбегіндегі Меңтайдың тәрбиелік 
болмысымен ұштастыруға болады. Екі жазушы 
да  адамдарды  адамгерішілік  өлшемдері 
бойынша  бағалайды.  Сондықтан  «Война  и 
мир»  романында  Наташа  Ростованың  бейнесі 
көрнекті әйел бейнелерінің бірі саналады: өмірге 
құштар  ару  қызы  жақсылықты,  шындықты, 
адамның,  табиғаттың,  өнердің  сұлулығына 
өте  сезімтал.  Толстой  Наташаның  өзгешелігін 
оның тәрбиесі мен дамуына халықтық ортаның 
ықпалымен  байланыстырады.  Наташаның 
жаны  Меңтайдыкі  сияқты  қанша  қиындыққа 
душар  болса  да,  өмірдің  барлық  қуанышына 
ашық.  Меңтай  да,  Наташа  да  шын  жүрегімен 
жалпы  халықтық  ауыртпалықты  қабылдайды, 
жоғары  патриоттық  әрекет  көрсетеді.  Л.Н. 
Толстой әйел адам ақылмен өмір сүрмеу керек, 
ақылдың қызметін әйелдерде сезімталдық пен 
нәзіктік алмастырады деп, Наташаның әрекетін 
түсіндірген [6]. Ал Ә. Нұршайықовтың кейіпкері 
бұл сапаларды арбауға түсуімен көрсеткен.
Қазақ әдебиетінде де, орыс әдебиетінде де 
әр автордың өзінде әйел бейнесінің өз идеалы 
бар,  тіпті  тұтас  бейне  идеалы  болмаса  да,  ол 
қайсыбір 
әрекеттерден, 
сипаттамалардан 
көрініс  табады.  Кейде  автор  үшін  идеал  әйел 
бейнесінің кейбір белгілері ғана саналады. Яғни, 
әдеби  шығармалардағы  әйел  бейленелерінің 
тәрбиелік әлеуеті қай тұсынан болса да көрініс 
табатыны анық.
Әйелдерді  кім  және  қашан  түсіне  алған?! 
Оларға  сүйінпеншілікпен  қараған,  жек  көрген, 
сүйген,  оларға  арнап  батырлық  жасаған.  Әйел 
болмысының  көпқырлылығы  көпжылдар 
бойы  көркем  әдебиет  пен  өнердің  ғана  емес, 
ғылымның  да  негізі  болып  келеді.  Тәрбиелік 
әлеуеті  педагогикалық  мағына  мен  көркемдік 
астарда жазылған туындылардағы әйел бейнесі 
батыр,  әрі  нәзік,  мейірімді  және  сезімтал,  сұлу 
әрі  ақылды  болып  сипатталады.  Олардың 
әрқайсысы  индивидуалды,  әрқайсысы  өзіне 
ғана  тән  мінез  сипатымен  ерекшеленеді,  бірақ 
қазақ  әдебиетіндегі  әйел  бейнесі  мен  орыс 
әдебиетіндегі әйел бейнесін бір нәрсе біріктіреді 
– жоғары руханилық пен адамгершілік тазалық. 
Әйелдерді барлық халық әрқашан құрметтеген, 
сүйген, бағалаған және олардан үлгі алған. Осы 
тұста,  әдеби  шығармалардағы  әйел  бейнесінің 
тәрбиелік  әлеуетінің  қаншалықты  тиімді, 
қаншалықты  пайдалы  екенін  дәлелденді. 
Жоғарыда  аталып,  талданған  қазақ  және  орыс 

105
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3,  2016 г. 
әдебиеттеріндегі  әйел  бейнесінің  тәрбиелік 
әлеуетінің  негізінде  қыздардың  ғана  емес 
бозбалалардың да тәрбиесін келесі бағыттарда 
жүзеге асыруға ұсыныс беремін:
•  Дене  тәрбиесі:  ерік-жігерді  тәрбиелеу, 
қиындықтарды жеңуге тырысу, жеңіске жетуге 
ұмтылу.  Әртүрлі  іс-әрекетті  орындауға  дайын 
болу. Сұлулыққа ұмтылу және оны сақтау.
•  Адамгершілік  тәрбие:  адамгершілік 
сезімдердің,  көзқарастардың,  білімдердің, 
әдеттер  мен  нормалардың,  мінез-құлық 
практикасының 
қалыптасуы 
(ізгіліктік, 
батылдық, парасаттылық және т.б.).
•  Ақыл-ой  тәрбиесі:  танымдық  іс-
әрекеттің  қалыптасуы  (ізденімпаздылықты 
тәрбиелеу,  сөз  шеберлігін  дамыту,  ойлау  іс-
әрекетін дамыту).
•  Патриоттық тәрбие: Отанға және халық 
тағдырына  ортақтасу.  Бейбітшілікке  ұмтылу. 
Отанның гүлденуі мен дамуына өз үлесін қосуға 
әрекет ету.
•  Еңбектік 
тәрбие: 
жалқаулықты 
жою,  еңбек  ету  қажеттілігін  қалыптастыру, 
еңбексүйгіштік негіздерін бойға сіңіру. 
Әйел  бейнесі  және  оның  суреттелуі 
әдебиеттің  дамуымен  бірге  өзгеріп  отырған, 
ол  өз  кезегінде  халықтың  тұрмыс  салтымен 
байланысты. Әдебиеттің әртүрлі бағыттарында 
ол  әртүрлі  болған,  бірақ  әдебиетте  даму 
жүргендіктен, әйел бейнесінің психологиялық-
педагогикалық  бейнесі  тереңдей  түскен:  ішкі 
әлем  күрделенді  және  маңызды  болды.  Егер 
ортағасырлық  романдарда  әйел  бейнесінің 
идеалы  жақсы,  тәрбиелі  сұлу  ару  болса, 
реализмде  идеал  күрделеніп,  әйелдің  ішкі 
әлемі маңызды рөл атқарады. Қазақ және орыс 
әдебиетіндегі әйел бейнесінің тәрбиелік әлеуеті 
махаббатта,  еңбекқорлықта,  қарым-қатынаста 
көрініс  табады.  Авторлар  әйелді  белгілі  бір 
тығырыққа  тірегенде,  кейіпкерлерінің  барлық 
сезімдерін,  қасиеттерін  көрсеткен.  Әйелдің 
сезімі оның ішкі әлемін анықтайды. Егер автор 
үшін  әйелдің  бейнесі  мінсіз  болса,  ол  әйелді 
тәрбиелік  индикатор  ретінде  қолданады. 
Көптеген  шығармаларда  әйел  бейнесі  арқылы 
адам  «тазарады»  және  «қайта  туылады». 
Сондықтан  әдеби  шығармалардағы  әйел 
бейнесінің  тәрбиелік  әлеуетін  жан-жақты, 
тиімді қолданып, жүзеге асыру өте маңызды.
Бұл  инфографика  арқылы  екі  елдің 
әдебиетіндегі  әйел  бейнесінің  сипаттамасы 
көрсетілген.  Қазақ  әдебиеті  мен  орыс 
әдебиетіндегі  әйел  бейнесінің  ұқсастығы 
мен  айырмашылығын  жоғарыда  нақты  атап 
көрсеткенбіз.
Ойымызды  аяқтай  келе  біз  әйел  бейнесін 
салыстыра  талдай  отырып,  ортақ,  әрі 
ерекшеліктерін  көрсетуге  тырыстық.  Енді 
осы  қорытындыға  назар  аудара  отырып, 
қазіргі  қоғамдағы  әйел  бейнесі  қандай,  әйел 
заты  елімізде  қандай  салада  көп  қызмет 
атқаратынына және қазіргі таңда әйел басшыға 
қаншалықты сұраныс барына назар аударамыз.
Қазіргі  нарықтық  заманда  әйел  заты 
үй  шаруашылығы,  бала  тәрбиесінен  гөрі 
құндылықтары, 
ақшаға 
ауысып 
бара 
жатқандай.  Ер  азаматтармен  теңесіп,  қызмет 
атқарады.  Әрине  бұл  дұрыс,  бірақ  әйел 
адам  өзінің  ең  бірінші  жар,  ана  екенін  естен 
шығармауы  керек.  Отбасының  ынтымағын, 
берекесінің  ошағы  екенін  есте  сақтауы  қажет. 
Қазақстан  Республикасының  статистикалық 
мәліметтеріне  сүйенсек,  қазіргі  таңда  8  мыңға 
жуық әйел Қазақстанның ішкі істер ұйымында 
жұмыс  жасайды,  оның  5  мыңы  офицер 
қызметін  атқарады  (7).  Яғни  бұл  дегеніміз 
елімізде  әйел  заты  қандай  қызмет  атқарсада, 
шек  қойылмайды.  Жұмыс  жасауларына  жол 
ашылған.  Мансап  қуып,  отбасын  тек  ақшамен 
қамтамасыз  етіп,  рухани  байлықты  екінші 
орынға  түсіргендей.  Шет  елдердің  әйелдеріне 
еліктей  отырып,  біз  өзіміздің  төл  салт-
дәстүріміз бен қазақи әйел бейнесінен алшақтап 
кеткендейміз.  Біздің  аналарымыз,  балаға  да 
далаға  да  үлгенген, әрі қандай  қызмет болсын 
бәрін  игере  алған  және  бірдей  алып  жүрген. 
«Алып-анадан  туады»  дегендей  балаларына 
дұрыс бағытта тәрбие берген. Адам басқа, заман 
басқа  демекші,  қазақ  еліктегіш  елге  айналып 
бара жатқанын аңғармай барады.
Тағы  бір  статистикаға  көңіл  аударсақ, 
Қазақстанда  әйелдер  қандай  жұмыста  көп 
екенін көруге болады (8). Суреттегі статистикаға 
сурет – 1. инфографика. қазақ әдебиеті мен 
орыс әдебиетіндегі әйел бейнесі.

106
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3,  2016 г. 
көңіл  бөлсек  әйел  адамдары  білім  саласында 
көп  қызмет  атқарады.  Яғни,  болашақ  ұрпақты 
тәрбиелеуде көп үлесті аналарымыз атқарады. 
Және  де,  тағы  көңіл  бөлетін  жағдай,  әйелдер 
қандай  сала,  қандай  қызмет  түрі  болмасын 
бәрін  игере  алатынына  дәлел.  Яғни,  нәзік 
жанды  арулар  қазақ  әйеліне  тән  батылдық 
мен 
шыдамдылықты, 
еңбекқорлығын 
жоғалтпағанына көз жеткіземіз. 
Тағы  бір  қызық  сауалнамаға  назар 
аударғымыз 
келеді. 
Бұл 
көрсетілген 
сауалнамада басшы әйел адамдарына қарағанда 
сурет – 3. «Вконтакте» әлеуметтік желісінде 
жүргізілген сауалнама (9).
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Байдуллина А. Әйел – мемлекет пен отбасының тірегі. // Жем-Сағыз газеті. 
2. Фома Аквинский // Наука и религия. - 1986, № 3. -с. 27. 
3. Байғұтова А.М. «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты. Филология ғылымдарының 
кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертацияның  авторефераты.  Алматы, 
2008.
4. Тургенев И.С. Избранные произведения .- М.: Худож. лит., 1987.- 671с. 
5. Мүсірепов Ғ. Ұлпан. – Алматы: "Раритет", 2006.- 256 б. 
6. Анпилогова Е.С. Образ русской женщины по памятникам литературы // Исторические науки. 
2006. №3. 73-80 сс.
7. http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30945740
8.http://www.kursiv.kz/news/infographics/ZHenskaya_dolya_Polovina_predprinimateley_v_
Kazakhstane_zhenshchiny/
9.https://vk.com/wall-51940537?q=%23%D0%9E%D0%9F%D0%A0%D0%9E%D0%A1
сурет – 2. қазақстанда жұмыс түрлері 
бойынша әйелдер үлесі (8).
ер адамдарға көп дауыс берген. Бұл нәтижеден 
көріп  тұрғандай,  әйел  басшыларға  қарағанда, 
ерлерге  деген  сенімнің  көп  екенін  аңғаруға 
болады. 
Қорыта  келе,  нәзік  жандыларымыз  қандай 
қызмет  саласында  жұмыс  жасасада,  «Ұлпан» 
анамыз секілді отбасын бірінші орынға қойып, 
елін  билеген  әдебиет  кейіпкерлерінен  үлгі 
алғанымыз нұр үстіне нұр болар еді. Әйел адам 
әрқашанда  жар,  ана  екенін,  отбасы  ұйытқысы 
екенін естен шығармауы керек. Сонда ғана ұлы 
жеңіске қол жеткізеді.

107
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3,  2016 г. 
ВОСПИТАТЕЛЬНЫЙ ПОТЕНЦИАЛ ОБРАЗА ЖЕНЩИН В КАЗАХСКОЙ И РУССКОЙ 
ЛИТЕРАТУРЕ
С. Зейнолла, А. Джамбозова
Аннотация.
  В  статье  рассматривается  сравнительный  аспект  воспитательного  потенциала 
образа  женщин  в  казахской  и  русской  литературе.  Автор  предлагает  сравнительный  анализ 
некоторых произведении с воспитательными образами, которые можно использовать в обучении 
с  целью  повышения  эффективности  воспитательного  процесса.  Писатели  стремились  выявить 
в  женских  образах  лучшие  черты,  свойственные  народу.  Прекрасные  женские  образы  имеют 
огромный  воспитательный  потенциал.  Автор  на  основе  анализа  литературных  произведений 
предлогает рекомендации по воспитанию девушек и юношей. 
Ключевые  слова:
  образ  женщины,  честь  девушки,  роль  матери  в  семье,  флагман  казахской 
женщины, мать, внешний облик.
THE EDUCATIONAL POTENTIAL OF THE PORTRAYAL OF WOMEN IN KAZAKH AND RUSSIAN 
LITERATURE
S. Zeinolla, A. Jambozova
Abstract.
 The article examines the comparative aspect of the educational potential of the portrayal of 
women in Kazakh and Russian literature. The author offers a comparative analysis of some of the work with 
educational images that can be used in training with the aim of increasing the efficiency of the educational 
process. Writers sought to identify female images in the best characteristic features of the people. In the 
article special attention is paid to the images of heroin the following work: "Ulpan is her name" by G. 
Musrepov, a novel by Ivan Turgenev "on the Eve". Woman, is the starting point. Carriers of the people's 
ideals and the women of the upper light. Her beauty, charm, and rich spiritual world at all times inspired 
poets and writers. The beautiful female characters have huge educational potential. The author on the basis 
of the analysis offers recommendations for the education of girls and boys. 
Keywords:
 women, honor girls, the role of the mother in the family, the flagship of Kazakh women, the 
mother, the appearance.

108
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3,  2016 г. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет