Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы



бет9/14
Дата09.05.2023
өлшемі316,05 Kb.
#91133
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

Өндірістікүрдістүрлері

Белгісі




Үрдіс түрлері











Ұйымдастырушылық
қатынастар

Қарапайым

Күрделі

Уақыт өтуіне байланысты

Үздіксіз

Дискретті

Еңбекке қатысы

Еңбек

Табиғи

Қосымша Қызмет көрсету




Кезеңдік белгі
і
Жинақтаукезеңі

Сурет 5 - Өндірістік үрдіс түрлері


Үздіксіз үрдіс – мысалы, мұнайды өңдеу. Сипаттамасы: өнімнің унификация деңгейінің жоғары болуы, өндірістің тұрақты циклы, үздіксіз қызмет көрсету, үзілістердің болмауы, алдын ала белгіленген ырғақтылық, қайталану ырғақтылығы. Дискреттік үрдіс – мысалы, жеңіл көліктер өндірісі. Сипаттамасы: өнімдік дифференциация, топтық технологияға арналған құрал-жабдықтар, сериялық және жеке дара өндіріс.


Еңбек үрдісі – адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Табиғи үрдіс – адамның қатысуын қажет етпейді, мысалы, бұйымды бояғаннан кейінгі оның кебуі, еңбек затын термиялық өңдеуден өткізгеннен кейінгі суу үрдісі және т.б.
Негізгі үрдіс – ұйым жоспары мен оның мамандануына сәйкес өнім түрін дайындау процесі. Қосымша үрдіс – негізгі үрдістің дұрыс, уақытында жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін үрдіс және бұл үрдістің нәтижелері негізгі үрдісте қолданылады. Қызмет көрсету үрдісі – негізгі және қосымша үрдістердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін үрдіс. Мысалы, өнім сапасын бақылау, зауот ішіндегі тасымалдау, қоймалық операциялар және т.б.
Дайындау кезеңі – темір соғу, кесу, құю арқылы дайындау (құюларды, есілген) бөлшектерін алу үрдісі. Өңдеу кезеңі - дайындау
бөлшектерінен механикалық, термиялық, электр, физика-химиялық өңдеулер және басқа да тәсілдер арқылы дайын бөлшектер алу үрдісі. Жинақтау үрдісі – жинақтау бірліктерін, дайын бұйымдарды алу үрдісі, сонымен қатар оларды тексеру, сыртқы орауы және т.б.
Өндірістік үрдістер жиынтығы ұйымның өндірістік құрылымын, өндірістік құрал-жабдықтардың құрамы мен санын, өндірістік жұмысшылар құрылымын анықтайды.
Өндірістік цикл – жеке еңбек затын (бұйымдар, жинақтау бірліктері, жартылай фабрикаттар) дайындауға байланысты болатын ұйымның өндірістік үрдісінің бір бөлігі. Өндірістік циклдың ұзақтығы (Тц) - өңделетін зат (материал, дайындау бөлшектері) өндірісінің нақты кезеңіндегі дайын өнімге ауысатын уақыттың күнтізбелік кезеңі. Өндірістік цикл ұзақтығы өндірістік үрдістерді



    1. Кәсіпорынның өндірістік қуаты. Өндірістік қуатты есептеу әдістемесі

Қуат – нақты кезең ішінде жүйеден ең жоғары мүмкін шығу компоненті. Өндірістік қуат өндірістен шығу нормасын анықтайды, яғни календарлы кезең ішінде (апта, ай, жыл) нақты өнім атының (номенклатурасы) ең жоғары мүмкін болатын көлемін өндіруді қарастырады.
Нақты өнімді өндіру мүмкіндігі ретіндегі өндірістік қуат кәсіпорында, оның бөлімшелерінде өндірістік ресурстардың: құрал- жабдықтар, персонал, материалдың болуын қамтиды. Өндірістік қуат түсінігінің анықтамасының екі тәсілі бар. Біріншісі бойынша өнімді өндіруге қатысатын өндірістік ресурстардың барлық түрлері есепке алынады, ал екінщісі бойынша – тек өндірістік құрал-жабдықтар мен аудандар. Тәжірибеде кеңінен екінші тәсіл қолданылады.
Кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаты – нақты өндірістік ресурстар (өндірістік құрал-жабдықтар мен аудандар) жиынтығын тиімді пайдалану арқылы нақты кезең ішінде нақты сандық қатынастар мен номенклатурасы бойынша ең жоғары мүмкін болатын өнім өндірісі.
Сұраныстың өзгерісі жағдайында өндірістік қуатты басқару үшін өндірістік ресурстар жиынтығы құрамынан екі құраушыны – тұрақты және айнымалы деп бөліп көрсетеді. Басқару объектісі ретінде олар бір-бірінен ерекшеленеді. Тұрақты құраушысы – құрал- жабдықтар мен аудандар, ал айнымалы құраушысы – персонал мен материалдар. Сұраныс өзгерген жағдайда өндіріс көлемі де өзгереді, ал ол қолданылатын өндірістік ресурстардың барлық түрлері көлемінің өзгерісіне әкеледі.
Қуат өндірістік ресурстарды қамтығандықтан, өндірістік ресурстардың өлшем бірлігімен есептелінеді. Өндірістік қуат сұранысқа бағытталғандықтан сұраныс сияқты товарлар (жұмыс, қызмет) бірліктерімен өлшенеді.
Өндіріс тек бір өнім түрін өндірсе, қуат кәсіпорынмен немесе бөлімшелермен өндірілетін өнім бірлігімен өлшенеді, ал түрлі өнім өндірілсе, өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытымен есептелінеді.
“Өндірістік қуат” терминімен бірге “өткізу қабілеттілігі” деген термин қолданылады, бірақ ол кәсіпорынға, цехқа, учаскеге қатысты емес, ол құрал-жабдықтың, станоктың, агрегаттың, станоктар топтарының жұмысына қатысты ең жоғары өнім өндірісін сипаттайды.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін төмендегі бастапқы мәліметтер пайдаланылады:

  1. құрал-жабдықтардың саны, құрамы мен техникалық жағдайы және өндірістік аудандар туралы мәліметтер. Есепке негізгі өндірістің барлық құрал-жабдықтары алынады (соның ішінде жөндеудегі, бұзылып қалған және модернизациядағы жұмыс істемейтіндері де бар);

  2. құрал-жабдықтар өнімділігінің техникалық нормалары және өндірілетін өнімнің еңбек сыйымдылығы. Жаңадан құрылатын кәсіпорындар үшін құрал-жабдықтар өнімділігінің паспорттық нормалары қолданылады, ал әрекеттегі кәсіпорындар үшін – техникалық түсініктемесі бар өнімділік көрсеткіштері қолданылады, олар паспорттық нормалардан төмен болмауы керек;

  3. құрал-жабдықтар жұмысының уақыт қоры мен кәсіпорын жұмысының тәртібі. Есептеулерде құрал-жабдықтар жұмысының ең жоғары мүмкін болатын жоспарлы (тиімді) жылдық уақыт қоры ескеріледі;

  4. өндірілетін бұйымдардың номенклатурасы және олардың бағдарламадағы өзара сандық қатынастары. Есептеулерде өндірілетін өнімнің жоспарлы номенклатурасы мен ассортименті (еңбек сыйымдылығы) пайдаланылады. Орташа жылдық қуатты есептеген кезде өнімнің номенклатурасының өзгерісінің есебінен (еңбек сыйымдылығының азаюы мен арытуы) қуаттың арытуы (төмендеуі) толық мөлшерде ескеріледі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты негізгі (алдыңғы қатардағы) өндірістік бірліктердің: цехтардың, учаскелердің қуатымен анықталады. Цехтар мен учаскелердің өндірістік қуаты негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың: агрегаттардың, жабдықтардың, құрал-жабдықтар топтарының және т.б. қуаты бойынша анықталады.
Алдыңғы қатардағы цехтың өндірістік қуаты (Мц) келесі формуламен есептелінеді

Мц = М11 + М21 + ... + Мnn, (5.2)





мұндағы

М1, М2, ... ,
Мn

-

бір типті құрал-жабдық түрінің жылдық
өндірістік қуаты;




а1, а1, ... , аn

-

құрал-жабдықтың нақты түрінің саны.

Кәсіпорынның өндірістік қуатының пайдалану дәрежесі қуатты пайдалану коэффициентімен (кқ.п.) сипатталады


кқ.п. = Qн / Морт, (5.3)





мұндағы

Qн

-

өнім өндірудің нақты көлемі;




Морт

-

орташа жылдық өндірістік қуат.

Өндірістік қуаттың түрлері: ену, шығу, жобалық және орташа жылдық. Ену қуаты деп ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы немесе нақты күндегі кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуатын қарастырады.


Шығу қуаты (Мш) деп жоспарлы кезең соңындағы кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуатын атайды, келесі формула арқылы есептелінеді

Мш = Мб + Мқ + Мж + Мт + Мн – Мқжш , (5.4)




мұндағы

Мб

-

кезең басындағы өндірістік қуат;




Мқ

-

қуатты құрылыс нәтижесінде енгізу;




Мж

-

кәсіпорынды жаңарту салдарынан қуаттың
өсімі;




Мт

-

техникалық жағынан қайта жарақтандыру және басқа да шаралардың нәтижесінде қуаттың
арытуы;




Мн

-

өнім номенклатурасының (еңбек
сыйымдылығының) өзгерісінің әсерінен қуаттың арытуы (төмендеуі);




Мқжш

-

құрал-жабдықтардың шығуының салдарынан
қуаттың төмендеуі.

Кәсіпорын (цех, учаске) бойынша әрекетке енгізілген, бірақ игерілмеген қуаттарда өндірістік қуат деп әрекетке енгізілген жобалық қуатты айтады.
Орташа жылдық қуат (Морт.ж.) – есепті кезең немесе жыл ішінде орташа есеппен кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) иелігінде бар қуат, ол баланстық тәсілмен анықталады

Морт.ж. = Мб + Σ (Менг* Nенг) / 12 - Σ (Мшығ* Nшығ) / 12, (5.5)




мұндағы

Мб

-

кезең басындағы өндірістік қуат;




Менг

-

жыл ішінде әрекетке енгізілген қуат;




Nенг

-

әрекетке енгізілген қуаттың пайдаланылған
айлар саны;




Мшығ

-

жыл ішінде шығарылған қуат;




Nшығ

-

қуаттың шығарылған кезеңінен жыл соңына
дейінгі айлар саны.




    1. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы

Өнім өндірісінің жоспары (өндірістік бағдарлама) өнімнің сату көлемі, номенклатурасы мен ассортименті негізінде, оның сапасы, одан түсетін пайда мөлшері, рентабелділік деңгейі негізінде, кәсіпорынның нарықтық үлесінің мөлшерімен және т.б. анықталады.
Өндірістік бағдарлама натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құндық көрсеткіштер арқылы есептелінеді.
Натуралды өлшем бірлігіндегі өндіріс көлемі өндірілетін өнім номенклатурасы мен ассортиментімен сипатталады. Өнім номенклатурасы - өндірілуі керек бұйымдардың (жұмыстар мен қызмет түрлерінің) аталуы (тізімі). Өнім ассортименті – номенклатура көлеміндегі осы бұйымдардың (түрлері, типтері, сорттары, мөлшерлері және т.б. бойынша) түрлілігі.
Материал сыйымдылығы және т.б. белгілері бойынша біртекті бұйымдардың өндіріс көлемін өлшеу үшін шартты-натуралды өлшеуіштер қолданылады.
Норма-сағат, адам-күн, станок-сағатпен өлшенетін өндіріс көлемінің еңбек өлшемі натуралды өлшемдермен үйлесімдері басқа цехтардың өндірістік бағдарламаларын жоспарлауда және басқа да мақсаттар үшін қажетті қызметкерлер санын, өндіру нормасын, еңбек ақы мөлшерін анықтауда қолданылады.
Құндық (ақшалай) өлшеуіштер жалпылама өлшеуіштер болып табылады, олардың көмегімен өндірістің жалпы көлемі анықталады және өнімнің товарлы, жалпы және өткізілетін көлемі жоспарланады.
Товарлы өнім - өткізулерге арналған өнім, жалпы және өткізілген өнімді анықтау негізі болып табылады және олардың құраушылары:

  • дайын бұйымдар құны;

  • өздері өндірген жартылау фабрикаттар құны және қосымша цехтармен сырттағы тұтынушыларға өткізуге арналған өнімдер құны;

  • өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтарына және күрделі құрылыстарына жөнелтілген өнімдері мен жартылай фабрикаттарының құны;

  • өз өндірісінде қолданылатын стандартты емес құрал- жабдықтар құны, олар кәсіпорынның негізгі қорларына енуі мүмкін немесе сыртқы тұтынушыларға өткізілуі мүмкін;

  • сыртқы тұтынушылардың тапсырыстары бойынша немесе өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтары мен ұйымдары үшін өндірілген өнеркәсіптік сипаттатғы жұмыстар мен қызмет түрлерінің құны.

Дайын бұйымдар бойынша товарлы өнім кәсіпорынның әрекеттегі бағаларымен жоспарланады. Есеп бойынша сол кезеңдегі әрекеттегі баға бойынша есептелінеді және сонымен бірге товарлы өнім есептерде кәсіпорынның салыстырмалы бағалары бойынша анықталады.
Жалпы өнім – кәсіпорынның нақты кезең ішіндегі өндірістік қызметінің жалпы нәтижесінің құны. Жалпы өнімнің товарлы өнімнен ерекшелігі жоспарлы кезең басындағы және соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің мөлшерімен анықталады. Жалпы өнім (ЖӨ) зауоттық тәсіл бойынша екі әдіспен есептелінеді:

  1. жалпы және зауот ішіндегі айналымның айырмасы арқылы анықталады

ЖӨ = Жа – ЗІа, (5.6)





мұндағы

Жа

-

жалпы айналым;




ЗІа

-

зауот ішіндегі айналым;

  1. товарлы өнім мен жоспарлы кезең басындағы және соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтарының айырмасының қосындысы арқылы анықталады

ЖӨ = ТӨ + (АӨб + АӨс), (5.7)



мұндағы

АӨб
,АӨс

-

кезең басындағы және соңындағы аяқталмаған
өндіріс қалдықтарының құны.

Жалпы айналым – кәсіпорынның барлық цехтарымен нақты кезең ішінде өндірілген өнімнің барлық көлемінің құны.
Зауот ішіндегі айналым – уақыттың бір кезеңі ішінде кәсіпорынның бір цехымен өндірілген, және басқа цехымен пайдаланылған өнім құны.
Аяқталмаған өндіріс - өндіріспен аяқталмаған өнімдер.
Өткізілген өнім – нақты кезеңде нарыққа енген және тұтынушылармен сатып алынатын өнім көлемінің құны.



  1. Кәсіпорынның инновациялық қызметі




    1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін сипаттайтын негізгі түсініктер

Экономикалық талдау және зерттеу тәжірибелерінде бірнеше терминдер қатарын қолданады, олар инноватика, инновация және инновациялық процестер туралы түсініктер туралы мағұлымат береді. Инноватика – жаңалықтар енгізудің түрлі теориясын зерттейтін ғылым саласы. Осында зерттелінетін теориялар – жаңалықтарды жасау, оларды тарату, жаңалықтар енгізуге кедергі болатын факторлар, осы кері әрекеттерге адамның және инновациялық
ұйымдардың әсерлері, инновациялық шешімдерді жасау.
Инновациялық қызмет – аяқталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулер немесе нарықта өткізілетін жаңа немесе қасиеттері өзгертілген, яғни жаңартылған өнімнің, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процестің ғылыми- техникалық жетістіктерінің, және осылармен байланысты болатын қосымша ғылыми зерттеулер мен өңдеулердің нәтижелерін таратуға бағытталған процесс.
Инновация (жаңалықтар енгізу) – нарықта өткізілетін жаңа немесе жаңартылған өнімі, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесі түрінде өткізуге болатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
Инновация бұл тек өндіріске енгізілген ғана емес, сонымен бірге тиімді және жоғары пайда әкелетін объект. Инновацияны жүзеге асыру процесінде жүргізілетін ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиындығын инновациялық процесс деп атауға болады, ал жаңа енгізулерді жасауға, таратуға және оны пайдалануға кеткен уақытты инновациялық кезең деп атайды.
Зерттеу объектісіне байланысты инновацияны келесідей қарастыруға болады:
а) инновация – процесс ретінде (Б. Твисс, А. Койре, И.П. Пинингс, В. Раппопорт, Б.Санта, В.С. Кабаков, Г.М. Гвишиани, В.Л. Макаров и другие);
б) инновация – жүйе ретінде (Н.И. Лапин, Й. Шумпетер);
в) инновация - өзгерістер ретінде (Ф. Валента, Ю.В. Яковец, Л. Водачек и другие);
г) инновация – нәтиже ретінде (А. Левинсон, С.Д. Бешелев, Ф.Г. Гурвич).
Инновация және оның экономика дамуындағы ролі туралы зерттеулердің негізін қалаған Н.Кондратьев. Ол конъюнктураның ірі циклдарын (ұзын толқындарды) қарастырып, бұл циклдардың себептерін және олардың ұзақтығын зерттеуге жол салды. Осы себептердің ішінен бастысы инновация болып табылады.
Бұл идеялар австриялық экономист Й.Шумпетерге көп әсерін тигізген, ол өзінің “Экономикалық циклдар” атты жұмысында инновациялық процестер теориясының негізгі түсініктерін зерттеген. Ол жаңалықтарды технология мен басқару тәсілдерінің өзгерісі ретінде және ресурстарды пайдалану комбинациялары ретінде қарастырған. Сонымен бірге Й.Шумпетер инновациялық процестердегі кәсіпкердің ролін бөлек атап көрсеткен, оның ойынша кәсіпкер - жаңалық пен жаңалықты енгізу арасындағы байланыстырушы.
Инновациялық процестерді ұйымдастырудың түрлі формаларын кәсіпкерлік практикада пайдалану үш фактормен сипатталады:

  • сыртқы орта жағдайы (саяси және экономикалық жағдай, нарық түрі, бәсекелестік күрес сипаттамасы, мемлекеттік- монополиялық реттеу тәжірбиесі және т.б.);

  • шаруашылық жүйенің ішкі орта жағдайы (лидер-кәсіпкердің және қолдау тобының болуы, қаражаттық және материалды- техникалық ресурстар, пайдаланылатын технологиялар, қалыптасқан ұйымдық құрылым, ұйымның ішкі мәдениеті, сыртқы ортамен байланысы және т.б.);

  • басқару объектісі ретіндегі инновациялық процестердің ерекшеліктері.

Инновациялық процестер өндірушілердің барлық ғылыми- техникалық, өндірістік, маркетингтік қызметін ескеретін және нәтижесінде нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған процестер ретінде қарастырылады.
Инновациялық менеджмент – фирманың нарық жағдайында әрекет ететін нақты инновациялық мақсаттарға жету үшін бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.
Кәсіпорынның (саланың, аймақтың, мемлекеттің) инновациялық потенциалы – инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті түрлі ресурстардың, соның ішінде материалдық, қаржы, интеллектуалды, ғылыми-техникалық және басқа да ресурстардың жиынтығы.
Инновациялық сфера – инновациялық өнімді (жұмысты, қызмет түрін) өндірушілер мен тұтынушылардың қызмет ету саласы, соның ішінде инновацияларды жасау және оны тарату да қарастырылады.
Инновациялық бағдарлама – өнім мен технологияның жаңа түрлерін игеруге және оны таратуға байланысты тиімді шешімдерді қамтамасыз ететін және олардың орындалуын ресурстармен, орындаушылармен, тапсырылатын мерзімі келісілген инновациялық жобалар мен шаралардың кешені.
Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық қызметтің жүзеге асырылуына жағдай туғызатын ұйымдар (инновациялық- технологиялық орталықтар, технопарктер, оқу-іскерлік орталықтар мен басқа да мамандандырылған ұйымдар). Инновациялық қызметтің дамуына әрекет ететін құрылымдарды тізбектей келесідей қарастыруға болады: инкубаторлар, технологиялық парктер, технополистер.
Инкубатор фирма дегеніміз жаңа компания ұйымдастырылып шығару мақсатында басқарудың жергілікті органдарымен немесе ірі компаниялармен құрылатын ұйымдар.
Жаңадан құрылатын компанияларға төлем ақысы төмен қызмет орындарын жалға беру үшін және оларға басқару, экономикалық, техникалық мәселелер бойынша эксперттен кеңес алу мүмкіндіктерін жеңілдіктер негізінде жүзеге асыру үшін инкубатор-фирмалар құрылады. Олардың үш түрі бар:

  • бірінші түрі – пайдасыз бизнес-инкубаторлар. Бұл көп таралған түрі. Жалгер фирмалардың жалға төленетін төлемі орта деңгейден 15- 50%-тен төмен болады. Пайдасыз бизнес-инкубаторларды жергілікті ұйымдар қаржыландырады, өйткені олар аймақтың экономикалық дамуына, жұмыс орындарының пайда болуына мүдделі. Жалгерлер – бұл өнеркәсіптік фирма зерттеу, конструкторлық және сервистік ұйымдар;

  • екінші түрі – пайдасы бар бизнес-инкубаторлар. Бұл жеке ұйымдар, олардың қызметкерліерінің саны тұрақты түрде өсіп тұрады. Біріншіден ерекшелігі қызмет түріне төмендетілген тариф қолданбайды, бірақ жалгерлерге қызмет түрінің кеңейтілген спекторын көрсетеді және тек қолданған қызмет түріне қатысты ақысын алады;

  • үшінші түрі – жоғары оқу орындарының филиалдары ретінде қалыптасады. Олар технологиялық жағынан күрделі бұйымды өңдеп шығаруды жүзеге асыратын компанияларға тиімді көмек көрсетеді.Жалға төленетін төлем ақысы жоғары болуы мүмкін, бірақ ол институт лабороторияларын, техникалық қамсыздандыруды есептегіш техниканы, кітапхананы пайдалана алады.

Технологиялық парктер – аймақтық өнеркәсіптік-ғылыми кешендер, олардың негізгі мақсаты шағын және орта ғылыми сыйымдылықты инновациялық фирмалардың дамуына қажетті ортаны қалыптастыру. Технопарктер құрылымына: ақпараттық- технологиялық, оқу, ақпараттық, маркетингтік, кеңес беру орталықтар, өнеркәсіптік аймақ жатады. Орталықтардың әрқайсы мамандандырылған қызмет түрін көрсетеді, мысалы, нақты технология түрі бойынша ақпараттарды іздестіру және оларды тарату, мамандарды қайта дайындықтан өткізу қызметін көрсетеді, түрлі кеңес беру және т.б.
Технополистер – қала экономикасында инкубаторлар мен технопарктер шешуші роль атқаратын жеке қала негізінде құрылған бүтін ғылыми-өндірістік құрылымды құрайды. Ғылыми орталықтарда жасалынған жаңа өнім мен технологиялар түрлері қаланың толықтай әлеуметтік-экономикалық кешенді мәселелерін шешу үшін пайдаланылады.
Инновациялық қызметтің нәтижесі интеллектуалды өнім болып табылады. Интеллектуалды өнімге жататындар: ғылыми-техникалық өнім, информатика өнімі мен мәдени өнімдер.



    1. Инновациялық кәсіпкерлік

Инновацияға қатысты кәсіпкерліктің екі моделін атап көрсетуге болады: классикалық және инновациялық.
Классикалық модель – бұл дәстүрлі, репродуктивті кәсіпкерлік. Бұл модель негізінде әрекет ететін кәсіпкер кәсіпорынның пайдасын, рентабелділігін арттыру үшін оның ішкі резервтерін пайдаланады. Бұл моделдегі кәсіпкерліктің табыстылығы мемлекет және аймақтық басқару органдары тарапынан субсидия берумен, протекционизммен байланыстырылады.
Екінші модель инновациялық (өнімділік) кәсіпкерлікті сипаттайды. Мұнда кәсіпорын дамуының жаңа жолдары, соның ішінде соңғы пайдалану кезеңіне дейін жеткізілген инновация немесе жаңалықтарды қарастырады.
Жаңалық деңгейіне байланысты инновация түрлері: базисті, жақсартатын және жалған инновациялар. Базисті инновациялар ірі
жаңалықтарды жүзеге асырады және техника дамуының жаңа бағыттары мен түрлерін қалыптастырудың негізін қалайды. Жақсартатын инновациялар шағын және орташа жаңалықтарды енгізумен байланысты және ғылыми-техникалық циклдың дамуы тұрақты түрде жүргізіледі. Жалған инновациялар техника мен технологияның ескірген түрлерін жақсартуға бағытталады.
Ұдайы өндіріс процесіндегі роліне байланысты инновациялар тұтынушылық және инвестициялық болып, ал күрделілік дәрежесіне байланысты (немесе масштабына байланысты) – күрделі (синтетикалық) және қарапайым инновациялар болып бөлінеді.
Инновациялардың пайда болуына байланысты екі түрі бар: реактивті және стратегиялық. Реактивті инновациялар фирманың қызмет етуіне бағытталады, бәсекелестермен жүзеге асырылатын инновациялық жаңалықтарға әсерлері ретінде қарастырылады. Стратегиялық инновациялар болашақта бәсекелестік артықшылықтарға ие болу үшін бағытталады.
Пайдалану сипатына байланысты инновация түрлері: өнімді инновация - өнім мен қызметтің жаңа түрлерін өндіруге және оны пайдалануға бағытталады; нарықтық инновациялар - өнімді пайдаланудың жаңа сфераларын ашуды және жаңа нарықтағы өнімдер мен қызмет түрлеріне деген қажеттілікті қанағаттандырады; инновация-процестер – жаңа технологияға, процесті ұйымдастыруға және басқаруға бағытталады; әлеуметтік инновациялар – жаңа әлеуметтік құрылымдардықұруға және әрекет етуге бағытталған; кешендік инновациялар – бірнеше өзгерістер түрлерінің бірлігімен сипатталады.



    1. Инновациялық үрдіс

Инновациялық процесті идеяның тауарға тізбектей айналу процесі ретінде, яғни негізгі, қолданбалы зерттеулерден, конструкторлық өңдеулерден, маркетинг, өндіріс, өтім кезеңдерінен өтетін процесс деп атауға болады.
Инновациялық үрдіс түрлі позициялардан және топтастырудың түрлі деңгейіне байланысты қарастырылуы мүмкін.

  1. ден, ғылыми-зерттеулердің, ғылыми-техникалық, инновациялық, өндірістік қызметтер мен маркетингтің параллел және тізбектей жүргізілуі ретінде қарастырылады;

  2. ден, идеяның пайда болуын оның өңделіп, таратылуындағы жаңалықтардың өмірлік циклының уақытша кезеңдері ретінде қарастырылуы мүмкін;

  3. ден, өнімнің немесе қызмет түрінің жаңа түрлерін өңдеп, оны таратудың қаржыландыру және инвестициялау процесі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Жалпылама алғанда инновациялық процесс жаңалықты, технологияның, тауардың, қызмет түрлерінің жаңа түрлерін, өндірістік, қаржылық, әкімшілік немесе басқа да сипаттағы және басқа да интеллектуалды қызмет нәтижелерін өңдеп, оларды өткізу.
Иновациялық идеяның пайда болуы және жаңа ғылыми нәтижелерді пайдалану мүмкіншілігі негізгі және іздену зерттеулерінде және қолданбалы зерттеу мен өңдеулер кезеңдерінде жүзеге асады.
Жаңа техниканы жасап шығарып, оны игеру процесі негізгі зерттеулерден басталады, олар жаңа ғылыми жетістіктерге қол жеткізуге және пайдалы заңдылықтарды анықтауға бағытталған. Негізгі зерттеулердің мақсаты – құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды көрсету, табиғат пен қоғам дамуын және оларды нақты пайдаланылуына қатысты заңдылықтарын білу. Негізгі зерттеулер теориялық және ізденістік болып бөлінеді.
Теориялық зерттеулердің нәтижелері ғылыми жаңалықтарды ашуда, жаңа түсініктердің түсініктемесін беруде, жаңа теорияларды шығаруда көрінеді. Ізденістік зерттеулердің міндеттері – идея мен технологияның жаңа қағидаларын іздестіру болып табылады. Ізденістік негізгі зерттеулер қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырудағы жаңа тәсілдерге түсініктеме беру мен оны бақылаудан өткізу арқылы аяқталады. Барлық ізденістік негізгі зерттеулер академиялық мекемелер мен жоғарғы оқу орындарында, өнеркәсіптің ірі ғылыми-техникалық ұйымдарында жүргізіледі. Инновациялық процестердің дамуындағы негізгі зерттеулердің басты мәнділігі – идеяның генераторы ретінде қарастырылып, білімдердің жаңа салаларының дамуына мүмкіншілік береді.
Инновациялық процестің келесі кезеңі – қолданбалы ғылыми- зерттеу жұмыстары. Оны жүзеге асыруда нәтижелердің теріс болу ықтималдылығы жоғары болады. Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруда шығындар тәуекелі пайда болады. Инновациядағы инвестицияның тәуекел сипаты болса, онда оны тәуекел инвестиция деп атайды.
Тәжірбиелі-конструкторлық және жобалық-конструкторлық жұмыстар кезеңі жаңа өнім түрін өңдеумен байланысты, ол эскизді- техникалық жобалаудан, жұмыс конструкторлық құжаттардың шығарылуынан, тәжірбиелік үлгілерді дайындау және оларды тексеруден тұрады.
Тәжірбиелі-конструкторлық жұмыстар деп қолданбалы зерттеулер нәтижелерін пайдалану арқылы техниканың, технологияның, материалдардың жаңа үлгілерін жасауды қарастырады. Бұл ғылыми зерттеулердің соңғы кезеңі, яғни лабороториялық жағдайлар мен экперименталды өндірістен өнеркәсіби өндіріске ауысуы. Оларға жататындар: инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің (конструкторлық жұмыстардың) нақты конструкцияларын өңдеу, яғни физикалық, химиялық, технологиялық және басқа да процестерді еңбек ресурстарымен бір жүйеге біріктіру тәсілдері жатады.
Дайындық кезеңіндегі жұмыстарды жүзеге асырушылар: ғалымдардың шығармашылық ұжымдары мен жоғары оқу орындарының, унивеситеттердің, ғылым академияларының институтары, мемлекеттік және ғылыми-техникалық орталықтардың инженерлі-техникалық қызметкерлері.
Инновациялық қызмет нәтижелерін тарату нарық кезеңінде жүзеге асады. Бұл кезеңнің құраушылары: нарыққа енуі, нарықтың кеңейтілуі, өнімнің ұзақ пайдаланылуы және төмендеуі.
Өнеркәсіби өндіріс қадамы екі кезеңнен тұрады: жаңа өнім өндірісі және оны тұтынушыларға тарату.
Инновациялық процестің ғылыми техникалық прогрестен өзгешелігі өндіріске енгізілуінде, яғни жаңа өнім, қызмет түрінің нарықта бірінші рет пайда болуымен немесе жаңа технологияны жобалық қуатына дейін жеткізумен аяқталмайды. Бұл процесс енгізуден кейін де тоқтап қалмайды, жаңалықты тарату (диффузия) шараларына сәйкес, олар жаңартылады, жетілдіріледі, бұрын болмаған тұтынушылық қабілетке ие болады. Ал бұл болса оны пайдаланудың жаңа салаларын, жаңа нарықты, сәйкесінше жаңа тұтынушыларға танымал етеді. Сонымен, бұлпроцесс нарыққа қажетті өнімдерді, технологиялар мен қызмет түрлерін жасауға бағытталған. Олардың бағыттылығы, даму қарқындары, мақсаттары олардың әрекет ететін әлеуметтік-экономикалық ортасына байланысты болады. Инновация диффузиясы дегеніміз инновацияның жаңа аймақтарға, жаңа нарықтарға таратылуы. Ал қозғалыс деп өндірісті қолдануды жарнамалық шараларды сауда нүктелерінің
ұйымдастырылуын қамтиды. Инновацияны өткізудің үш тәсілі бар:

  • тікелей;

  • қосымша;

  • аралас.




  1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі




    1. Инвестиция және инвестициялық қызмет

Инвестиция – табыс (пайда) алу мақсатында инвесторлармен кәсіпкерлік объектілеріне және басқа да қызмет түрлеріне салынатын қаржылық, материалдық және басқа да құндылықтардың барлық түрлері. Инвестициялық көрсеткіштер динамикасы ел дамуының потенциалы мен жақсы жағдайын сипаттайтын басты макроэкономикалық индикатор болып табылады.
Инвестицияға арналған ресурстар шартты түрде төмендегі бағыттарға бөлінеді:

  • жаңа өнімді игеру және шығару;

  • техникалық жағынан қайта жарақтау;

  • өндірісті кеңейту;

  • қайта құру;

  • жаңа құрылыс.

Кәсіпорында техникалық жағынан қайта жарақтау – ескі өндірістік техника мен технологияны жаңаға ауыстыру. Өндірісті кеңейту – жаңа қосымша цехтардың құрылысы мен басқа да бөлімшелерді құру арқылы өндіріс көлемін арттыру мақсатындағы инвестициялау. Жаңартуға моральды жағынан ескірген және физикалық жағынан тозған машиналар мен қондырғыларды ауыстыру және құрылыс пен ғимараттарды жетілдіру, қайта құру шаралары жатады. Жаңа құрылыс – жаңа өнеркәсіпті кәсіпорындардың құрылысы, толықтай жобалық қуатына енгізілгеннен кейін аяқталған деп есептелінеді.
Кәсіпорынның техникалық жағынан қайта жарақтануы мен қайта жаңартылуында басты негізгі қорлардың белсенді бөлігі ғана жаңартылады.
Инвестициялау объектісіне байланысты инвестиция түрлері:

  • айқын инвестиция (кәсіпорынның физикалық капиталына салынған қаржылар, мысалы, жаңа негізгі қорларды құру, ескі қорларды жаңартуға немесе оларды қайтадан техникалық жағынан жарақтау);

  • қаржылық инвестиция (инвестордың қаржылық капиталын арттыру мақсатында акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да қаржылық құралдарды пайдаланудағы салымдар);

  • ғылыми – техникалық өнім инвестициясы;

  • материалдық емес инвестиция (мүліктік құқықтарға, интеллектуальды жеке меншік құқығына салынатын салымдар).

Инвестициялау үрдісіне қатысу сипатына байланысты бөлінуі:

  • тікелей инвестиция (инвестициялау объектісін таңдауға инвестордың тікелей қатысуы);

  • тікелей емес инвестиция (үрдісті инвестициялық компания және басқа да қаржылық делдалдар жүргізеді).

Меншік формасына байланысты инвестицияның бөлінуі:

  • жеке инвестиция;

  • мемлекеттік инвестиция;

  • шетелдік инвестиция;

  • аралас инвестиция.

Инвестициялық қызмет субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызмет объектілерін пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар жатады. Инвестициялық қызмет субъектілері инвестициялық сферада әрекет етеді (сурет 6), онда қаржы және материалдық салымдар жүзеге асырылады.



Сурет 6 - Инвестициялық сфера құрылымы Кәсіпорынның инвестициялық саясатының негізгі бағыттары:



  1. кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғырлатуға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция мақсаты – ескірген қондырғыларды ауыстыру, персоналды қайта оқыту немесе өндірістік қуатты өндіріс және өтім шарттары өте тиімді аймақтарға ауыстыру арқылы кәсіпорын шығындарын төмендету үшін жағдайлар туғызу;

  2. өндірісті кеңейтудегі инвестиция. Бұл инвестициялар мақсаты

  • әрекеттегі өндіріс негізінде қалыптасқан нарыққа арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің өндіріс көлемін кеңейту;

  1. жаңа өндірісті құрудағы инвестиция. Бұл инвестициялар кәсіпорынмен бұрын өндірілмеген тауарлар мен қызмет түрлерін шығару үшін жаңа технологияларды игеру және тіптен жаңа қуаттарды құруға арналған;

  2. мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандырудағы инвестициялар (жаңа экологиялық нормалар немесе қауіпсіздік стандарттары).

Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері әртүрлі болады (сурет 7)


Инвестиция объектісі – Инвестициялық жоба



Коммерциялық эффект Әлеуметтік эффект

Жеке меншік қаражаттары:
-жарғылық қор;

  • пайда аударымдары;

  • амортизация;

  • сақтандыру жарналары




Республикалық, жергілікті бюджет, түрлі кәсіпкерлікті қолдау қорларының ассигнациялары

Активтердің басқа да түрлері:

  • негізгі қорлар;

  • жер учаскелері;

  • өнеркәсіптік меншік (патенттер, сауда маркалары, бағдарламалық өнім және т.б.)

Шетелдік инвестициялар:

  • қаржылық ресурстар;

  • материалдық ресурстар;

  • материалдық емес активтер

Жоғары буындағы холдингтік және акционерлік компаниялармен, ҚӨТ-мен қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаржылар

Халықаралық қаржылық институттар мен ұйымдардың, мемлекеттің, түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, жеке тұлғалардың
тікелей салымдары

Мейірімдік және басқа да жарналар (қайтарылмайтын негізде)

Заем қаржыларының түрлі формалары:

  • мемлекет немесе қорлар несиесі;

  • банктер мен институциональды инвесторлар несиесі;

  • басқа кәсіпорындар несиесі;

-облигациялық заемдар, вексель

Сурет 7 - Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері



    1. Инвестициялық жоба тиімділігін анықтау және бағалау

Инвестициялық жоба тиімділігін анықтау және бағалауды ивесторлар немесе олардың тапсырмалары бойынша – арнайы консалтингтік фирмалар, орталықтар жүргізеді, олар инвестициялау нәтижелері бойынша (қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға әсері үшін) материалдық және заң жағынан тікелей жауапты болады.
Қазақстан Республикасында меншік нысанына байланыссыз инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесі мен тәсілі Ресейде 31.03.1994ж. бекітілген Инвестициялық жоба тиіміділігін бағалау және қаржыландыру үшін оларды таңдау бойынша әдістемелік нұсқауға негізделеді.
Осы әдістемелік нұсқауға сәйкес инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын түсініктер: коммерциялық (қаржылық) тиімділік жобаға тікелей қатысушылар үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарын анықтайды; бюджетті тиімділік жобаның аймақтық және жергілікті бюджетіне қосатын үлесінің қаржылық салдарын көрсетеді; экономикалық тиімділік жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар мен нәтижелерді есепке алады, олар инвестициялық жоба қатысушыларының тікелей қаржылық мүдделері шегінен шығып кетуі мүмкін және құндық өлшемді қажет етеді. Инвестициялық жоба тиімділігі инвестициялық үрдіске қатысушылардың мүдделерін ескере отырып шығындар мен нәтижелердің арақатынасын көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.
Түрлі инвестициялық жобаларды (немесе жоба варианттарын) салыстыру және олардың ішінен ең тиімдісін таңдау бірнеше көрсеткіштерді қолдану арқылы жүргізіледі:

    • таза дисконтталған (ағымдық) құн (NPV), немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ);

    • инвестиция рентабельділігі, табыстылық индексі (ТИ, PI);

    • табыстылықтың ішкі нормасы (TIH, IRR);

    • өзін-өзі ақтау кезеңі (Тақт).

Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау кезінде қарастырылған көрсеткіштерді салыстыру кезіндегі құнға келтіру (дисконттау) керек, өйткені түрлі уақыт кезеңдеріндегі шығындар мен қаржы түсімдері бір мәнді болмайды (бұл салыстыруды жүргізгенде қиынға соқтырады), яғни алдыңғы кезеңде алынған табыс құны соңғы кезде алынған табыс мөлшерінен жоғары болады.
Шығындар мен нәтижелер мөлшерлерін келтіру оларды дисконттау коэффициентіне (К) көбейту арқылы жүргізіледі. Ол Е
дисконтының тұрақты нормасы үшін төмендегі формула арқылы анықталады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет