Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы


Кәсіпорынның инновациялық қызметі



бет16/27
Дата05.05.2023
өлшемі178,05 Kb.
#90576
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Байланысты:
Ã. Ê. Àíäàáàåâà Ê?ñ³ïîðûí ýêîíîìèêàñû

Кәсіпорынның инновациялық қызметі




    1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін сипаттайтын негізгі түсініктер


Экономикалық талдау және зерттеу тәжірибелерінде бірнеше терминдер қатарын қолданады, олар инноватика, инновация және инновациялық процестер туралы түсініктер туралы мағұлымат береді. Инноватика – жаңалықтар енгізудің түрлі теориясын зерттейтін ғылым саласы. Осында зерттелінетін теориялар – жаңалықтарды жасау, оларды тарату, жаңалықтар енгізуге кедергі болатын факторлар, осы кері әрекеттерге адамның және инновациялық
ұйымдардың әсерлері, инновациялық шешімдерді жасау.
Инновациялық қызмет – аяқталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулер немесе нарықта өткізілетін жаңа немесе қасиеттері өзгертілген, яғни жаңартылған өнімнің, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процестің ғылыми- техникалық жетістіктерінің, және осылармен байланысты болатын қосымша ғылыми зерттеулер мен өңдеулердің нәтижелерін таратуға бағытталған процесс.
Инновация (жаңалықтар енгізу) – нарықта өткізілетін жаңа немесе жаңартылған өнімі, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесі түрінде өткізуге болатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
Инновация бұл тек өндіріске енгізілген ғана емес, сонымен бірге тиімді және жоғары пайда әкелетін объект. Инновацияны жүзеге асыру процесінде жүргізілетін ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиындығын инновациялық процесс деп атауға болады, ал жаңа енгізулерді жасауға, таратуға және оны пайдалануға кеткен уақытты инновациялық кезең деп атайды.
Зерттеу объектісіне байланысты инновацияны келесідей қарастыруға болады:
а) инновация – процесс ретінде (Б. Твисс, А. Койре, И.П. Пинингс, В. Раппопорт, Б.Санта, В.С. Кабаков, Г.М. Гвишиани, В.Л. Макаров и другие);
б) инновация – жүйе ретінде (Н.И. Лапин, Й. Шумпетер);
в) инновация - өзгерістер ретінде (Ф. Валента, Ю.В. Яковец, Л. Водачек и другие);
г) инновация – нәтиже ретінде (А. Левинсон, С.Д. Бешелев, Ф.Г. Гурвич).
Инновация және оның экономика дамуындағы ролі туралы зерттеулердің негізін қалаған Н.Кондратьев. Ол конъюнктураның ірі циклдарын (ұзын толқындарды) қарастырып, бұл циклдардың себептерін және олардың ұзақтығын зерттеуге жол салды. Осы себептердің ішінен бастысы инновация болып табылады.
Бұл идеялар австриялық экономист Й.Шумпетерге көп әсерін тигізген, ол өзінің “Экономикалық циклдар” атты жұмысында инновациялық процестер теориясының негізгі түсініктерін зерттеген. Ол жаңалықтарды технология мен басқару тәсілдерінің өзгерісі ретінде және ресурстарды пайдалану комбинациялары ретінде қарастырған. Сонымен бірге Й.Шумпетер инновациялық процестердегі кәсіпкердің ролін бөлек атап көрсеткен, оның ойынша кәсіпкер - жаңалық пен жаңалықты енгізу арасындағы байланыстырушы.
Инновациялық процестерді ұйымдастырудың түрлі формаларын кәсіпкерлік практикада пайдалану үш фактормен сипатталады:

  • сыртқы орта жағдайы (саяси және экономикалық жағдай, нарық түрі, бәсекелестік күрес сипаттамасы, мемлекеттік- монополиялық реттеу тәжірбиесі және т.б.);

  • шаруашылық жүйенің ішкі орта жағдайы (лидер-кәсіпкердің және қолдау тобының болуы, қаражаттық және материалды- техникалық ресурстар, пайдаланылатын технологиялар, қалыптасқан ұйымдық құрылым, ұйымның ішкі мәдениеті, сыртқы ортамен байланысы және т.б.);

  • басқару объектісі ретіндегі инновациялық процестердің ерекшеліктері.

Инновациялық процестер өндірушілердің барлық ғылыми- техникалық, өндірістік, маркетингтік қызметін ескеретін және нәтижесінде нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған процестер ретінде қарастырылады.
Инновациялық менеджмент – фирманың нарық жағдайында әрекет ететін нақты инновациялық мақсаттарға жету үшін бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.
Кәсіпорынның (саланың, аймақтың, мемлекеттің) инновациялық потенциалы – инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті түрлі ресурстардың, соның ішінде материалдық, қаржы, интеллектуалды, ғылыми-техникалық және басқа да ресурстардың жиынтығы.
Инновациялық сфера – инновациялық өнімді (жұмысты, қызмет түрін) өндірушілер мен тұтынушылардың қызмет ету саласы, соның ішінде инновацияларды жасау және оны тарату да қарастырылады.
Инновациялық бағдарлама – өнім мен технологияның жаңа түрлерін игеруге және оны таратуға байланысты тиімді шешімдерді қамтамасыз ететін және олардың орындалуын ресурстармен, орындаушылармен, тапсырылатын мерзімі келісілген инновациялық жобалар мен шаралардың кешені.
Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық қызметтің жүзеге асырылуына жағдай туғызатын ұйымдар (инновациялық- технологиялық орталықтар, технопарктер, оқу-іскерлік орталықтар мен басқа да мамандандырылған ұйымдар). Инновациялық қызметтің дамуына әрекет ететін құрылымдарды тізбектей келесідей қарастыруға болады: инкубаторлар, технологиялық парктер, технополистер.
Инкубатор фирма дегеніміз жаңа компания ұйымдастырылып шығару мақсатында басқарудың жергілікті органдарымен немесе ірі компаниялармен құрылатын ұйымдар.
Жаңадан құрылатын компанияларға төлем ақысы төмен қызмет орындарын жалға беру үшін және оларға басқару, экономикалық, техникалық мәселелер бойынша эксперттен кеңес алу мүмкіндіктерін жеңілдіктер негізінде жүзеге асыру үшін инкубатор-фирмалар құрылады. Олардың үш түрі бар:

  • бірінші түрі – пайдасыз бизнес-инкубаторлар. Бұл көп таралған түрі. Жалгер фирмалардың жалға төленетін төлемі орта деңгейден 15- 50%-тен төмен болады. Пайдасыз бизнес-инкубаторларды жергілікті ұйымдар қаржыландырады, өйткені олар аймақтың экономикалық дамуына, жұмыс орындарының пайда болуына мүдделі. Жалгерлер – бұл өнеркәсіптік фирма зерттеу, конструкторлық және сервистік ұйымдар;

  • екінші түрі – пайдасы бар бизнес-инкубаторлар. Бұл жеке ұйымдар, олардың қызметкерліерінің саны тұрақты түрде өсіп тұрады. Біріншіден ерекшелігі қызмет түріне төмендетілген тариф қолданбайды, бірақ жалгерлерге қызмет түрінің кеңейтілген спекторын көрсетеді және тек қолданған қызмет түріне қатысты ақысын алады;

  • үшінші түрі – жоғары оқу орындарының филиалдары ретінде қалыптасады. Олар технологиялық жағынан күрделі бұйымды өңдеп шығаруды жүзеге асыратын компанияларға тиімді көмек көрсетеді.Жалға төленетін төлем ақысы жоғары болуы мүмкін, бірақ ол институт лабороторияларын, техникалық қамсыздандыруды есептегіш техниканы, кітапхананы пайдалана алады.

Технологиялық парктер – аймақтық өнеркәсіптік-ғылыми кешендер, олардың негізгі мақсаты шағын және орта ғылыми сыйымдылықты инновациялық фирмалардың дамуына қажетті ортаны қалыптастыру. Технопарктер құрылымына: ақпараттық- технологиялық, оқу, ақпараттық, маркетингтік, кеңес беру орталықтар, өнеркәсіптік аймақ жатады. Орталықтардың әрқайсы мамандандырылған қызмет түрін көрсетеді, мысалы, нақты технология түрі бойынша ақпараттарды іздестіру және оларды тарату, мамандарды қайта дайындықтан өткізу қызметін көрсетеді, түрлі кеңес беру және т.б.
Технополистер – қала экономикасында инкубаторлар мен технопарктер шешуші роль атқаратын жеке қала негізінде құрылған бүтін ғылыми-өндірістік құрылымды құрайды. Ғылыми орталықтарда жасалынған жаңа өнім мен технологиялар түрлері қаланың толықтай әлеуметтік-экономикалық кешенді мәселелерін шешу үшін пайдаланылады.
Инновациялық қызметтің нәтижесі интеллектуалды өнім болып табылады. Интеллектуалды өнімге жататындар: ғылыми-техникалық өнім, информатика өнімі мен мәдени өнімдер.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет