Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы



бет18/27
Дата05.05.2023
өлшемі178,05 Kb.
#90576
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
Ã. Ê. Àíäàáàåâà Ê?ñ³ïîðûí ýêîíîìèêàñû

Инновациялық үрдіс


Инновациялық процесті идеяның тауарға тізбектей айналу процесі ретінде, яғни негізгі, қолданбалы зерттеулерден, конструкторлық өңдеулерден, маркетинг, өндіріс, өтім кезеңдерінен өтетін процесс деп атауға болады.
Инновациялық үрдіс түрлі позициялардан және топтастырудың түрлі деңгейіне байланысты қарастырылуы мүмкін.

  1. ден, ғылыми-зерттеулердің, ғылыми-техникалық, инновациялық, өндірістік қызметтер мен маркетингтің параллел және тізбектей жүргізілуі ретінде қарастырылады;

  2. ден, идеяның пайда болуын оның өңделіп, таратылуындағы жаңалықтардың өмірлік циклының уақытша кезеңдері ретінде қарастырылуы мүмкін;

  3. ден, өнімнің немесе қызмет түрінің жаңа түрлерін өңдеп, оны таратудың қаржыландыру және инвестициялау процесі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Жалпылама алғанда инновациялық процесс жаңалықты, технологияның, тауардың, қызмет түрлерінің жаңа түрлерін, өндірістік, қаржылық, әкімшілік немесе басқа да сипаттағы және басқа да интеллектуалды қызмет нәтижелерін өңдеп, оларды өткізу.
Иновациялық идеяның пайда болуы және жаңа ғылыми нәтижелерді пайдалану мүмкіншілігі негізгі және іздену зерттеулерінде және қолданбалы зерттеу мен өңдеулер кезеңдерінде жүзеге асады.
Жаңа техниканы жасап шығарып, оны игеру процесі негізгі зерттеулерден басталады, олар жаңа ғылыми жетістіктерге қол жеткізуге және пайдалы заңдылықтарды анықтауға бағытталған. Негізгі зерттеулердің мақсаты – құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды көрсету, табиғат пен қоғам дамуын және оларды нақты пайдаланылуына қатысты заңдылықтарын білу. Негізгі зерттеулер теориялық және ізденістік болып бөлінеді.
Теориялық зерттеулердің нәтижелері ғылыми жаңалықтарды ашуда, жаңа түсініктердің түсініктемесін беруде, жаңа теорияларды шығаруда көрінеді. Ізденістік зерттеулердің міндеттері – идея мен технологияның жаңа қағидаларын іздестіру болып табылады. Ізденістік негізгі зерттеулер қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырудағы жаңа тәсілдерге түсініктеме беру мен оны бақылаудан өткізу арқылы аяқталады. Барлық ізденістік негізгі зерттеулер академиялық мекемелер мен жоғарғы оқу орындарында, өнеркәсіптің ірі ғылыми-техникалық ұйымдарында жүргізіледі. Инновациялық процестердің дамуындағы негізгі зерттеулердің басты мәнділігі – идеяның генераторы ретінде қарастырылып, білімдердің жаңа салаларының дамуына мүмкіншілік береді.
Инновациялық процестің келесі кезеңі – қолданбалы ғылыми- зерттеу жұмыстары. Оны жүзеге асыруда нәтижелердің теріс болу ықтималдылығы жоғары болады. Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруда шығындар тәуекелі пайда болады. Инновациядағы инвестицияның тәуекел сипаты болса, онда оны тәуекел инвестиция деп атайды.
Тәжірбиелі-конструкторлық және жобалық-конструкторлық жұмыстар кезеңі жаңа өнім түрін өңдеумен байланысты, ол эскизді- техникалық жобалаудан, жұмыс конструкторлық құжаттардың шығарылуынан, тәжірбиелік үлгілерді дайындау және оларды тексеруден тұрады.
Тәжірбиелі-конструкторлық жұмыстар деп қолданбалы зерттеулер нәтижелерін пайдалану арқылы техниканың, технологияның, материалдардың жаңа үлгілерін жасауды қарастырады. Бұл ғылыми зерттеулердің соңғы кезеңі, яғни лабороториялық жағдайлар мен экперименталды өндірістен өнеркәсіби өндіріске ауысуы. Оларға жататындар: инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің (конструкторлық жұмыстардың) нақты конструкцияларын өңдеу, яғни физикалық, химиялық, технологиялық және басқа да процестерді еңбек ресурстарымен бір жүйеге біріктіру тәсілдері жатады.
Дайындық кезеңіндегі жұмыстарды жүзеге асырушылар: ғалымдардың шығармашылық ұжымдары мен жоғары оқу орындарының, унивеситеттердің, ғылым академияларының институтары, мемлекеттік және ғылыми-техникалық орталықтардың инженерлі-техникалық қызметкерлері.
Инновациялық қызмет нәтижелерін тарату нарық кезеңінде жүзеге асады. Бұл кезеңнің құраушылары: нарыққа енуі, нарықтың кеңейтілуі, өнімнің ұзақ пайдаланылуы және төмендеуі.
Өнеркәсіби өндіріс қадамы екі кезеңнен тұрады: жаңа өнім өндірісі және оны тұтынушыларға тарату.
Инновациялық процестің ғылыми техникалық прогрестен өзгешелігі өндіріске енгізілуінде, яғни жаңа өнім, қызмет түрінің нарықта бірінші рет пайда болуымен немесе жаңа технологияны жобалық қуатына дейін жеткізумен аяқталмайды. Бұл процесс енгізуден кейін де тоқтап қалмайды, жаңалықты тарату (диффузия) шараларына сәйкес, олар жаңартылады, жетілдіріледі, бұрын болмаған тұтынушылық қабілетке ие болады. Ал бұл болса оны пайдаланудың жаңа салаларын, жаңа нарықты, сәйкесінше жаңа тұтынушыларға танымал етеді. Сонымен, бұлпроцесс нарыққа қажетті өнімдерді, технологиялар мен қызмет түрлерін жасауға бағытталған. Олардың бағыттылығы, даму қарқындары, мақсаттары олардың әрекет ететін әлеуметтік-экономикалық ортасына байланысты болады. Инновация диффузиясы дегеніміз инновацияның жаңа аймақтарға, жаңа нарықтарға таратылуы. Ал қозғалыс деп өндірісті қолдануды жарнамалық шараларды сауда нүктелерінің
ұйымдастырылуын қамтиды. Инновацияны өткізудің үш тәсілі бар:

  • тікелей;

  • қосымша;

  • аралас.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет