Кәсіпорын пайдасы, рентабельділік көрсеткіштері
Кәсіпорын пайдасы мен табысы
Пайда – кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады, жалпы түрде өнім бағасы мен оның өзіндік құнының арасындағы айырма арқылы анықталады, ал толықтай кәсіпорын бойынша - өнімді өткізуден түскен түсім мен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма ретінді анықталады. Пайда экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік қызмет үрдісінде материалдық өндіріс саласында пайда болған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейінде таза табыс пайда нысанын қамтиды.
Нарықтық қатынастардың басты категориясы ретінде пайда бірнеше қызмет атқарады:
пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіші, яғни пайдасы бар кәсіпорын, оның қызметінің тиімді екендігін куәлендіреді;
пайда – түрлі деңгейдегі бюджет табысын қалыптастыру көзі. Ол бюджетке салық түрлері, экономикалық санкциялар арқылы жинақталады және бюджеттің шығыс бөлігінде көрсетілген түрлі мақсаттарға пайдаланылады;
пайда – қызметкерлер үшін еңбек жағдайын жақсарту көзі. Кәсіпорынның өз иелігінде қалған, яғни салықтар мен бірінші реттегі төлемдерді және дивидендтарды төлегеннен кейін қалған пайда есебінен қызметкерлерге материалдық сыйақы, әлеуметтік жеңілдіктер төленеді;
пайда – өндірілген өнім мен негізгі қорларды жаңарту көздері. Кәсіпорынның иелігінде қалған пайда мөлшерінің негізінде капитал иесі мен менеджерлер кәсіпорынның даму болашағын ескере отыра, кәсіпорын қызметіне қажетті инвестициялық саясат жүргізу туралы шешімдер қабылдайды.
Кәсіпорын пайдасы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы, сондықтан оның кәсіпорында қалыптасу механизмін анықтау өте маңызды болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар: жалпы пайда, баланстық, салық салынатын (есепті) және таза пайда.
Жалпы пайда тауарларды (жұмыс, қызмет түрлерін) сатудан түскен түсім мен өткізілген өнімнің толық өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма арқылы анықталады.
Баланстық пайда әр қызмет түрлері бойынша бөлек-бөлек жоспарланады:
товарлы өнімді өткізуден түскен пайда;
басқа өнімдерді және товарлы емес сипаттағы қызмет түрлерін өткізуден түскен пайда;
негізгі қорларды және басқа да мүліктерді өткізуден түскен пайда;
өткізулерден тыс табыстар мен шығындардан түскен пайда.
Товарлы өнімді өткізуден түскен пайда - әрекеттегі бағамен есептелінген өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімнің өзіндік құнына енетін товарлы өнімді өндіру мен оны өткізуге кеткен шығындар арасындағы айырма арқылы анықталады.
Басқа өнімдерді және товарлы емес сипаттағы қызмет түрлерін өткізуден түскен пайда (немесе шығын) - әр қызмет түрі бойынша жеке-жеке жоғарыдай анықталады, яғни негізгі кәсіпорынның балансындағы ауыл шаруашылықтары, көлік шаруашылығы және басқа да шаруашылықтар.
Негізгі қорларды және басқа да мүліктерді өткізуден түскен пайда (немесе шығын) – сол мүлікті (қос, акцизді есепке алмағанда) өткізуден түскен түсім мен инфляция индексіне сәйкес коэффициентке дұрысталған баланс бойынша қалдық құн арасындағы айырма арқылы анықталады.
Өткізулерден тыс табыстар мен шығындардан түсетін пайда (немесе шығын) түрлі тәсілдермен анықталынады, соның ішінде өткен жылдар тәжірибесінің негізінде есептелінеді.
Осы өткізулерден түскен пайда (немесе шығындардың) қосындысын баланстық пайда құрайды. Осы пайданың есебінен бірінші реттегі төлемдер, яғни салықтардың түрлері, пайдаға салынатын салықтан басқалары төленеді, несие пайыздары, басқа да төлемдер төленеді, соның ішінде ренталық төлемдер. Қалған пайда салық салынатын пайда деп аталады. Оның есебінен пайдаға салынатын салық төленеді, қалған пайда мөлшері таза пайданы құрайды. Ол кәсіпорынның өз меншігінде қалады, өздігімен жеке дербес пайдаланылады және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін бағытталады.
Таза пайда бағытталатын бағыттар:
кәсіпорынның өндірістік дамуын қаржыландыру;
тұтынушылық және әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыру;
әлеуметтік-мәдени сфераларды қаржыландыру;
еңбек ақыға қосымша еңбек ақы төлеу қорына бөлінетін аударымдар;
қайырымдылық мұқтаждықтар, театр ұжымдарына көмек көрсету, көркем өнер көрмелерін ұйымдастыру және т.б. мақсаттар.
Кейбір кәсіпорындарда, соның ішінде акционерлік қоғамдарда таза пайда келесі бағыттарда бөлінеді: жинақтау қоры, пайдалану қоры, резервті қор, әлеуметтік сфера қоры, валюталық аударымдар қоры, құрылтайшылар (акционерлер) арасында пайданы бөлу және т.б. Бөлінбеген пайда кәсіпорынның жарғылық капиталына қосылады. Сонымен пайданы бөлу деп кәсіпорындағы пайда бюджеті мен оны пайдалану статьялар бойынша бағыттауды айтады. Пайданы жоспарлаудың негізгі тәсілдері:
тікелей есептеу тәсілі;
аналитикалық тәсіл;
жиынтық есептеу тәсілі.
Тікелей есептеу тәсілі - өндірілетін өнімнің көп емес ассортиментінде қолданылады; бұл жағдайда пайда товарлы өнімді өткізуден түскен түсім мен оның толық өзіндік құнының арасындағы айырма арқылы есептелінеді
П=(Q*Баға) - (Q*S), (9.1)
мұндағы
|
П
|
-
|
жоспарлы пайда;
|
|
Q
|
-
|
натуралды өлшем бірлігіндегі жоспарланған
кезең ішінде өндірілген товарлы өнім көлемі;
|
|
Баға
|
-
|
өнім бірлігінің бағасы (қос пен акцизді
есептемегенде);
|
|
S
|
-
|
өнім бірлігінің толық өзіндік құны.
|
Пайданы жоспарлаудың аналитикалық тәсілі өндірілетін өнімнің көп ассортименті болған жағдайда қолданылады және жоспарлы пайдаға әсер ететін жеке факторларды анықтаумен сипатталады. Аналитикалық тәсілде пайда жоспарлы жылдағы өндірілетін өнімнің әр түрі бойынша анықталмайды, толықтай салыстырылатын өнім бойынша есептелінеді. Салыстырылмайтын өнім бойынша пайда жеке анықталынады.
Жиынтық есептеу тәсілі бірінші және екінші тәсілдер элементтерін қамтиды. Сонымен, жоспарлы жылдағы бағамен және есепті жылдағы өзіндік құн бойынша товарлы өнім құны тікелей есептеу тәсілі арқылы анықталады, ал жоспарлы пайдаға өзіндік құн өзгерісі, сапаның арытуы, ассортименттің, бағаның және т.б. өзгеруі сияқты факторлардың әсері аналитикалық тәсіл көмегімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |