Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы


Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы



бет15/27
Дата05.05.2023
өлшемі178,05 Kb.
#90576
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
Ã. Ê. Àíäàáàåâà Ê?ñ³ïîðûí ýêîíîìèêàñû

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы


Өнім өндірісінің жоспары (өндірістік бағдарлама) өнімнің сату көлемі, номенклатурасы мен ассортименті негізінде, оның сапасы, одан түсетін пайда мөлшері, рентабелділік деңгейі негізінде, кәсіпорынның нарықтық үлесінің мөлшерімен және т.б. анықталады.
Өндірістік бағдарлама натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құндық көрсеткіштер арқылы есептелінеді.
Натуралды өлшем бірлігіндегі өндіріс көлемі өндірілетін өнім номенклатурасы мен ассортиментімен сипатталады. Өнім номенклатурасы - өндірілуі керек бұйымдардың (жұмыстар мен қызмет түрлерінің) аталуы (тізімі). Өнім ассортименті – номенклатура көлеміндегі осы бұйымдардың (түрлері, типтері, сорттары, мөлшерлері және т.б. бойынша) түрлілігі.
Материал сыйымдылығы және т.б. белгілері бойынша біртекті бұйымдардың өндіріс көлемін өлшеу үшін шартты-натуралды өлшеуіштер қолданылады.
Норма-сағат, адам-күн, станок-сағатпен өлшенетін өндіріс көлемінің еңбек өлшемі натуралды өлшемдермен үйлесімдері басқа цехтардың өндірістік бағдарламаларын жоспарлауда және басқа да мақсаттар үшін қажетті қызметкерлер санын, өндіру нормасын, еңбек ақы мөлшерін анықтауда қолданылады.
Құндық (ақшалай) өлшеуіштер жалпылама өлшеуіштер болып табылады, олардың көмегімен өндірістің жалпы көлемі анықталады және өнімнің товарлы, жалпы және өткізілетін көлемі жоспарланады.
Товарлы өнім - өткізулерге арналған өнім, жалпы және өткізілген өнімді анықтау негізі болып табылады және олардың құраушылары:

  • дайын бұйымдар құны;

  • өздері өндірген жартылау фабрикаттар құны және қосымша цехтармен сырттағы тұтынушыларға өткізуге арналған өнімдер құны;

  • өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтарына және күрделі құрылыстарына жөнелтілген өнімдері мен жартылай фабрикаттарының құны;

  • өз өндірісінде қолданылатын стандартты емес құрал- жабдықтар құны, олар кәсіпорынның негізгі қорларына енуі мүмкін немесе сыртқы тұтынушыларға өткізілуі мүмкін;

  • сыртқы тұтынушылардың тапсырыстары бойынша немесе өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтары мен ұйымдары үшін өндірілген өнеркәсіптік сипаттатғы жұмыстар мен қызмет түрлерінің құны.

Дайын бұйымдар бойынша товарлы өнім кәсіпорынның әрекеттегі бағаларымен жоспарланады. Есеп бойынша сол кезеңдегі әрекеттегі баға бойынша есептелінеді және сонымен бірге товарлы өнім есептерде кәсіпорынның салыстырмалы бағалары бойынша анықталады.
Жалпы өнім – кәсіпорынның нақты кезең ішіндегі өндірістік қызметінің жалпы нәтижесінің құны. Жалпы өнімнің товарлы өнімнен ерекшелігі жоспарлы кезең басындағы және соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің мөлшерімен анықталады. Жалпы өнім (ЖӨ) зауоттық тәсіл бойынша екі әдіспен есептелінеді:

  1. жалпы және зауот ішіндегі айналымның айырмасы арқылы анықталады

ЖӨ = Жа – ЗІа, (5.6)





мұндағы

Жа

-

жалпы айналым;




ЗІа

-

зауот ішіндегі айналым;

  1. товарлы өнім мен жоспарлы кезең басындағы және соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтарының айырмасының қосындысы арқылы анықталады

ЖӨ = ТӨ + (АӨб + АӨс), (5.7)



мұндағы

АӨб
,АӨс

-

кезең басындағы және соңындағы аяқталмаған
өндіріс қалдықтарының құны.

Жалпы айналым – кәсіпорынның барлық цехтарымен нақты кезең ішінде өндірілген өнімнің барлық көлемінің құны.
Зауот ішіндегі айналым – уақыттың бір кезеңі ішінде кәсіпорынның бір цехымен өндірілген, және басқа цехымен пайдаланылған өнім құны.
Аяқталмаған өндіріс - өндіріспен аяқталмаған өнімдер.
Өткізілген өнім – нақты кезеңде нарыққа енген және тұтынушылармен сатып алынатын өнім көлемінің құны.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет