Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы


Инвестициялық жоба тиімділігін анықтау және бағалау



бет20/27
Дата05.05.2023
өлшемі178,05 Kb.
#90576
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

Инвестициялық жоба тиімділігін анықтау және бағалау


Инвестициялық жоба тиімділігін анықтау және бағалауды ивесторлар немесе олардың тапсырмалары бойынша – арнайы консалтингтік фирмалар, орталықтар жүргізеді, олар инвестициялау нәтижелері бойынша (қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға әсері үшін) материалдық және заң жағынан тікелей жауапты болады.
Қазақстан Республикасында меншік нысанына байланыссыз инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесі мен тәсілі Ресейде 31.03.1994ж. бекітілген Инвестициялық жоба тиіміділігін бағалау және қаржыландыру үшін оларды таңдау бойынша әдістемелік нұсқауға негізделеді.
Осы әдістемелік нұсқауға сәйкес инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын түсініктер: коммерциялық (қаржылық) тиімділік жобаға тікелей қатысушылар үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарын анықтайды; бюджетті тиімділік жобаның аймақтық және жергілікті бюджетіне қосатын үлесінің қаржылық салдарын көрсетеді; экономикалық тиімділік жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар мен нәтижелерді есепке алады, олар инвестициялық жоба қатысушыларының тікелей қаржылық мүдделері шегінен шығып кетуі мүмкін және құндық өлшемді қажет етеді. Инвестициялық жоба тиімділігі инвестициялық үрдіске қатысушылардың мүдделерін ескере отырып шығындар мен нәтижелердің арақатынасын көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.
Түрлі инвестициялық жобаларды (немесе жоба варианттарын) салыстыру және олардың ішінен ең тиімдісін таңдау бірнеше көрсеткіштерді қолдану арқылы жүргізіледі:

    • таза дисконтталған (ағымдық) құн (NPV), немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ);

    • инвестиция рентабельділігі, табыстылық индексі (ТИ, PI);

    • табыстылықтың ішкі нормасы (TIH, IRR);

    • өзін-өзі ақтау кезеңі (Тақт).

Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау кезінде қарастырылған көрсеткіштерді салыстыру кезіндегі құнға келтіру (дисконттау) керек, өйткені түрлі уақыт кезеңдеріндегі шығындар мен қаржы түсімдері бір мәнді болмайды (бұл салыстыруды жүргізгенде қиынға соқтырады), яғни алдыңғы кезеңде алынған табыс құны соңғы кезде алынған табыс мөлшерінен жоғары болады.
Шығындар мен нәтижелер мөлшерлерін келтіру оларды дисконттау коэффициентіне (К) көбейту арқылы жүргізіледі. Ол Е
дисконтының тұрақты нормасы үшін төмендегі формула арқылы анықталады


К  1/(1  Е)t , (7.1)

мұндағы

t

-

нәтиже алынған (шығын шығындалған) кезеңмен салыстыру кезеңіне дейінгі уақыт, жылмен
есептелінеді;




Е

-

дисконт нормасы – капитал табыстылығының коэффициенті (табыс мөлшерінің күрделі қаржыларға қатынасы), бұл жағдайда басқа да
инвесторлар осындай профильдегі жобаларды жасауда өз қаржыларын салуға келіседі.

Инвестицияқ жобаның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтауда өнім мен қолданылатын ресурстардың базисті, әлемдік, болжамдық және есепті бағалары қолданылуы мүмкін.


Базисті бағалар – уақыттың нақты кезеңінде қалыптасқан баға. Олар инвестициялық мүмкіншіліктерді техника-экономикалық зерттеу кезеңінде қолданылады.
Болжамдық баға - өнімнің, ресурстардың, қызмет түрлерінің бағасы өзгерісінің болжамдық индексіне сәйкес инвестициялық жобаны жүзеге асырғандағы t жылының соңындағы баға. Оларды келесі формула арқылы анықтауға болады


Бt Бб It , (7.2)


мұндағы

Бt

-

инвестициялық жобаны жүзеге асырғандағы t
жылының соңындағы болжамды баға;




Бб

-

өнімнің немесе ресурстың базисті бағасы;




It

-

базисті бағаны қабылдау кезеңіне қатысты инвестициялық жобаны жүзеге асырғандағы t жылының соңындағы сәйкес өнім немесе сәйкес ресурстар бағасы өзгерісінің болжамдық
коэффициенті (индексі).

Есепті баға – базистік бағаны жалпы инфляция индексіне сәйкес келетін дефляторға, яғни экономикадағы немесе нақты ресурс, өнім, қызмет түрі бағасының орташа деңгейін жоғарлату индексіне көбейту арқылы анықталады.


Жобалық және есепті баға инвестициялық жобаның техника- экономикалық түсініктеме беру кезеңінде қолданылады. Техника- экономикалық түсініктемеде есептеулер отандық базисті, керек жағдайда - әлемдік баға бойынша жүргізіледі.
Егер шығындар мен нәтижелердің ағымдағы мәні болжамдық бағамен есептелген жағдайда тиімділіктің интегралды көрсеткіштерін анықтауда есепті баға пайдаланылады. Бұл инфляцияның түрлі деңгейінде алынатын нәтижелерді салыстыру үшін қажет.
Базисті, болжамдық және есепті баға теңгемен есптелеуі немесе тұрақты шетел валютасымен есептелуі мүмкін (АҚШ доллары, герман маркасы, экю және т.б.)
Инвестициялық жобалар тиімділігін бағалаудағы есептеулерде сату көлемі өзгерісінің әсерінен болатын өнім мен тұтынылатын ресурстар бағасының өзгерісінің әсерін міндетті түрде ескеру керек (таурлар мен қызмет түрлері нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қанағаттандырылуына әсері).
Таза дисконтталған табыс (NPV, ТДТ) бастапқы қадамға келтірілген, барлық есепті кезеңдегі ағымдық эффектілердің қосындысы немесе интегральдық нәтижелердің интегральдық шығыннан артық болуы ретінде анықталады








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет