Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1
Іркілдек дәрілер Шырыш қабығына қолданғанда қабыршық жасап сезімтал нерв талшықтарының ұштарын тітіркендіргіш заттардан сақтайды. Крахмал қоймалжыны – Mucilago Amyli, шығу түрі: флакон 200,0 асқазан ауруларында кең қолданады, қабыршық жасайтын әсері бар, сондықтан сұйқ коспаның (микстура) қүрамыны кіреді. Жалбызтікен (алтей) тамырының қайнатпасы – Decocti rаdicis Althaeae 10,0 -200 мл, алтей шырыны 100 мл, 1 қасықпен күніне 3 рет. « Мукалтин» -“Mucaltinum” таб. N 20 1 таб күніне 3 рет (таблетканы суға еріту қажет) – алтей тамырынан алады, тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында қолданады. Өгей шөп жапырағы (мать-и-мачеха), жолжелкен сөлі, зығыр қоймалжыны (лён) – препаратары, тұнбалары жатады, тыныс алу жолдары қабынғанда, асқазан ауруларында қолданады Сіңіргіш дәрілер Суда ерімейді, ұлпаларды тітіркендірмейді, өзгермей ағзадан шығады. Адсорбикс Экстра -Аdsorbix extra: шығу түрі кабықта 200 мг: N 15, сіңіргіш, іш өтуін тоқтататын әсерлері бар. Қолдануы: дизентерияда, сальмонеллезде, энтероколитте, іш кепкенде, уланганда, әр-түрлі интоксикацияларда. Қолдану тәсілі: ересектерге 1-3 кабықтан күніне 3-4 рет за 1-2 сағ. тамақтан бұрын немесе кейін. 6 жастан асқан балаларға 1-3 кабықтан күніне 2 рет. Белсендірілген көмір – Carbo activatus, қара ұнтақ, суда ерімейді шығу түрі: табл 0,25, 0,5, 1таб. күніне 3-4 рет іш кепкенде, диспепсия қ олданады, емдеу курсы – 3-7 күн. уланғанда ішке 20,0-30,0 гр қолданады, улы заттарды сіңіріп, қанға сіңуіне кедергі жасайды Смекта - Smecta, ұнтақ 3,0 балаларға 1 пакеттен күніне 1-2 рет ішу қажет, іш өткенде (диареяда) Карболен- табл. Тітіркендіргіш дәрілер Терідегі немесе шырыш қабығындағы сезімтал нерв ұштарын қоздырады, қабынуды, ауру сезімін басды. Орталық жүйке жүйесін рефлекторлық жолмен және арнайы рецепторлардыда қоздырады Аммиак ерітіндісі – Solutio Ammonii caustici. шығу түрі: 10мл, 40мл флаконда шығады. Ес танғанда 1-2 тамшы мақтаға тамызып мұрынға иіскету қажет, рефлекторлық жолмен тыныс алу орталығын қоздырады. Меновазин – Menovasinum, шығу түрі: ерітінді 30,0 күніне 2-3 рет жағу керек (ысқылап): неврагияда, артралгияда, миялгияда, қышитын дерматоздарда Эвкалипт жапырағы, ингалипт, қыша қағазы – тыныс алу органдарының қабынуында қолданады. жүктеу/скачать 6,73 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |