Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет43/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153
Қолдануы новокаиннің: Өткізгіш, инфильтрациялық анестезияларда, антибиотиктерді еріту үшін, ішке - асқазан және 12-лі ішектің жарасында қолданады, балауыз түрінде тік ішек ауруында қолданады (геморойда –тік ішек қан тамырларының ісінуі және қабынуы)
Жағымсыз әсері: Бас айналады, әлсірейді, гипотония (қае қысымының төмендеуі), аллергия.
Қарсы көрсеткіштері- егер препарат жақпағанда қолдануға болмайды.
Дикаин--Dicainum “A” тізімі, шығу түрі: 0,25% -0,5% -10 мл.ерітінді көзге 2-3 тамшыдан, әсері 1-2 мин кейін байқалады, 1%-3% - 10 мл ерітінді, ЛОР практикасында, жоғарғы анестезияда қолданады ( жағу, тамызу)
Анестезин–Anaesthesinum, ұнтақ суда ерімейді, спиртте, майда жақсы ериді, шығу түрі:
жақпа май 5%-50,0 және “Алмагель А”, “Меновазин”,“Белластезин” препараттарының құрамына кіреді. «Анестезол» - “Anaesthezolum” балауыз N10 1 балауыздан күніне 2 рет
Қолдануы: асқазан және 12-лі ішектің жарасында, тік ішек (геморрой), буын ауруларында және күйгенде қолданады.
Лидокаин гидрохлорид (ксикаин) – Lidocaini hydrochloridum, шығу түрі: 1%, 2% - 2мл, 10мл.,10%-2 мл N10 ампулада шығады
Барлық анестезия үшін қолданады, әсіресе стоматологияда және экстрасистолияда, тахикардияда, инфаркт миокардтың жедел кезеңінде.



Совкаин –Sovcainum, шығу түрі: 0,5-1% -1мл N10 амп, жұлын анестезиясында қолданады.
Ультракаин- Ultracainum, шығу түрі: 2% -10 мл N10 амп, өткізгіш, инфильтрациялық анестезия үшін қолданады
Тұтастырғыш дәрілер
Шырыш қабығына, теріге қоланғанда белок қабыршығын кұрып, сезімтал нерв талшықтарын, тітіркендіргіш заттардан қорғайды, бұл дәрілер 2 топқа бөлінеді
1) Органикалық тұтастырғыш дәрілер (өсімдіктерден алынатын)
Т анин – Tanninum. шығу түрі: 0,5% -2 литр, ерітіндісі- асқазан жуу үшін, ауыр металдар тұзымен немесе алколоидтармен уланғанда қолданады, 1%, 2% -500 мл ерітіндісі ауыз шайқау үшін, 3%-5% - 200 мл ерітінді, күйгенде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет