Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Емен қабығының қайнатпасы - Decocti corticis Quercus



бет44/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

Емен қабығының қайнатпасы - Decocti corticis Quercus 20.0 -200 мл ауз қуысын шайқау үшін қолданады
Түймедақ гүлі, сәлбен жапырағы, қаражидектер. ауыз қуысының шырышты қабаты қабынғанда, шайқау үшін, қара жилектер – іш өткенде қоланады.
2) Органикалық емес тұтастырғыш дәрілер
B ismuthi subnitratisВисмут негізгі нитраты, шығу түрі: таб 0,25-0,5 және “Викаир”, “Викалин” таблеткаларының құрамына кіреді.
Викалин (Vicalinum) – тұтастырғыш, антацидтік, спазмолитик (қысымды басатын) әсерлері бар.
Қолдануы: гиперацитті гастритте (асқазан сөлінің, қышқылының көбейуі), асқазан, 12-лі ішек жараларында. Қолдану тәсілі: 1табл. 30-60 мин. тамақтан кейін күніне 3 рет. 100 мл. сумен ішу қажет.
Шығу турі: таблетка №10, 20
Де-нолDe- Nol – тұтастырғыш, гастропротекторлық әсерлері бар.
Қолдануы: асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруының өршу фазасында, оның ішінде Helicobacter pylori-мен астасқанда, көбінесе диарея симптомдарымен жүретін ішектің тітіркену синдромында, диспепсияда
Қ олдану тәсілі:1 табл. 30 мин тамақтан бұрын күніне 3 рет және жатар алдында 1 таблетка ішу қажет. Шығу түрі: таб 0,12 N112. Жағысыз әсері: жүрек айну, құсу, қатпа немесе іш өту, аллергиялық реакция болуы мүмкін. Қарсы көрсеткіштері: жасы 6 жасқа жетпеген балаларға, бүйрек ауруларында, аяқ ауыр және емізетін әйел адамдарға.
Алмагель суспензия – Suspensio Almagelum – тұтастырғыш, жергілікті анестетикалық әсерлері бар. Колдануы: өршу сатысындағы асқазанның және он екі елі ішектің ойық-жара ауруында, жедел және созылмалы гастритте, дуоденитте, энтеритте. Шығу түрі; суспензия флаконда (шыныда) 170 мл, 200 мл.
Қолдану тәсілі: күніне 1-2 шәй қасықпен 4-6 рет 30 мин. тамақтан бұрын, және жатар алдында 1 таблетка ішу қажет.
Жағымсыз әсері: ауыздың дәм сезінуіңің бұзылуы, жүрек айниды, құсу, іштің бұріп ауруы, қатпа тууы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштері: жас нәрестелерге 1айға дейін, егер препарат жақпағанда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет