Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет47/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

Э фкамонEvcamonum, шығу түрі: жақпа май 10,0 күніне 2-3 рет жағу керек: буын, бұлшықет ауруларында, ревматизм, радикулитте қолданады.
К апсикам – Capsicam; шығу түрі: жақпа май 30,0 күніне 2 рет жағу керек, ауруды басып қыздырады, буын мен бұлшықеттің ауыруында, невралгия, ревматоидты артритте қолданады.
Камфора- Camphora, шығу түрі: майдағы, спиртегі ерітінді 10% -30,0 буынға, күніне 2-3 рет жағу керек:миозитте, невралгия, артритте.
Ингалипт (тимол) – Inhalyptum, шығу түрі: флакон аэрозоль 30,0 күніне 2-3 рет тамаққа себелеу (шашу). Қолдануы: тонзилит, фарингит, ларингит, стоматитте.
Қыша қағазы – Charta sinapis, шығу түрі: қағаз жылы суға малып (+38 градус), теріге қою 10-15 мин.


Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар
Бақылау сұрақтары
1. Афферентік иннервация деген не, қандай топқа бөлінеді?
2. Жергілікті анестезияның анықтамасы, түрлері?
3. Жергілікті анестезия препараттарына қоятын талаптар?
4. Новокаин, лидокаин, дикаин, анестезин, ультракаин препараттарына рецепт жазу?
5. Жоғарғы анестезияда қандай препарат қолданады?
6. Егер новокаинге жоғары сезімталдық болса, қандай препаратқа ауыстыруға болады?
7. Тұтастырғыш дәрілердің анықтамасы, қандай топқа бөлінеді?
8. Тұтастырғыш дәрілердің қолдануы, препараттары?
9. Белседірілген көмірдің әсері, қолдануы?
10. Іркілдек дәрілердің негізгі фрамакологиялық әсері, қолдануы?
11.Тұтастырғыш дәрілердің фармакологиялық әсері қандай?
12. Ментол препараттары қандай ауруларда қолданады?
13. Аммиак ерітіндісінің тыныс алу жүйесіне әсері қандай?
14. Не себептен қыша қағазын қолданар алдында жылы суға малу керек?
Эференттік иннерфацияға әсер ететін дәрілер
Эфференттік иннервация 2 түрлі нерв талшықтарынан тұрады.

  1. Қимылдатқыш нерв талшықтары, скелеттік бұлшықеттерді жиырып босатады.

  2. Вегетативтік нерв талшықтары ішкі органдарының қан тамырларының, ішкі бездердің жұмысын қамтамасыз етеді, вегетативтік нерв талшықтары 2 бөлімнен тұрады: а) симпатикалық б) парасимпатикалық

Бұл нерв талшықтары ішкі органдармен, бездердің жұмысын реттейді, бірақ әсерлері қарама-қарсы. Мысалы, көз қарашығының симпатикалық нерв талшықтарын үлкейтсе, парасимпатикалық нерв талшықтары кішірейеді т.б.(қан қысымы жоғарлатады, жүректі тез жиырылтады)
Ганглий – жүйке талшықтарының біріккен жерлері
Синапс – жүйке талшықтарының ұштарының ағза жасушыларымен түйіскен жері.
Нерв талшықтарының ұштарында химиялық заттар бөлінеді, олар медиаторлар деп аталады. Медиатор арқылы қоздырғыш беріледі, ағзада қоздырғышты рецепторлар қабылдап алады. Медиаторлардың әсері өте қысқа, келесі қозу берілгенде жаңа медиатор пайда болады (солай қайталана беріледі).
Ганглийден кейінгі симпатикалық нерв талшықтары норадреналин медиаторын бөледі. Осы норадреналин арқылы қоздыру симпатикалық талшықтардан ағза мен ұлпалардың жасушаларына беріледі. Норадреналин бөлетін нерв талшықтары адренергілік нерв талшықтары деп аталады, ал эфференттік иннервацияның басқа синапстарында медиатор ацетилхолин бөлінеді. Ацетилхолин вегетативтік ганглийларда, бұлшықет синапстарында, ганглийден кейінгі парасимпатикалық талшықтар мен ағза жасушаларының түйіскен жерінде бөлінеді. Ацетилхолин бөлінетін нерв талшықтары холинергілік нерв талшықтары деп аталады.
Ацетилхолин, холинергілік нерв талшықтарының ұшынан бөлініп әсер ететін жасуша рецепторларының мембранасын қоздырады, бұл рецепторлар холинорецепторлар деп аталады.
Норадреналин, адренергілік нерв талшықтарының ұшынан бөлініп әсер ететін жасуша рецепторларының мембранасын қоздырады, бұл рецепторлар адренорецепторлар деп аталады.
Әр-түрлі улар холинорецепторларға бірдей әсер етпейді, кейбір холинорецепторлар мускарин уына өте сезімтал болып келеді, бұл холинорецепторлар мускарин сезімтал холинорецепторлар деп аталады, мускарин - (мухомор) саңырауқұлақ уы.
Ал кейбір холинорецепторлар никотин (темекінің уы) уына сезімтал, бұл холинорецепторлар никотин сезімтал холинорецепторлар деп аталады.
Мускарин сезімтал холино рецпторлар орналасқан: орталық жүйке жүйесінде, барлық
парасимпатикалық иннервациясы бар ағзалрда, тері бездерінде, қан тамырларында
Никотин сезімтал холино рецпторлар орналасқан: орталық жүйке жүйесінде, бүйрек
үсті бездің ми бөлігінде, скелеттік бұлшық етте, каротид шумактарында
Эференттік иннерфацияға әсер ететін дәрілер 2 топқа бөлінеді:
а) Холинерлік синапста әсер ететін дәрілер
б) Адренерлік синапста әсер ететін дәрілер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет