Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет55/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

Жағымсыз әсері: орталық жүйке жүйесі қозады, жүрек қағады, айниды, ұйқы бұзылады, тынышсызданады, кіші дәрет жүрмейді.
Қарсы көрсеткіштері: ұйқтамағанда, қан қысымы көтерілгенде, атеросклероз, жүрек ауруларында.
α – Адреноблокаторлар
Қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді
Фентоламин гидрохлорид – Phentolaminum hydrochloridum, шығу түрі: табл 0,025, 1 таб күніне 2-4 рет
Қолдануы: гипертонияда, шеткері жатқан қан тамырларының, қан айналымы бұзылғанда: облитериялық эндотереитте, аяқтың трофикалық жараларында.
Тропафен – Tropaphenum, шығу түрі: 0,02 амп N5 қолданар алдында 2 мл инъекцияға арналған суға ерітіп б/е 1,2 мл күніне 2-3 рет. гипертония ауруында қолданады.
Доксазозин(камирен) шығу түрі: табл 0,001, 0,002, 0,004 1 таб күніне 2-4 рет,


β – Адреноблокаторлар
Жүректің соғуын сиретеді, әлсіретеді, оттегі қолдануын азайтады, жүректің автоматизмін, қан қысымын төмендетеді.
А наприлин - Anaprilinum “Б” (обзидан, индерал) шығу түрі: таб 0,01, 0,04 N10 1 таб күніне 3 рет
Қолдануы: стенокардия ауруын емдеуге, жүректің ырғақтылығы бұзылғанда, тахикардия, гипертонияда.
Жағымсыз әсері: жүректің жұмысын әлсіретеді, қан қысымы төмендейді, бронхтың тонусы жоғарлайды, ұйқы бұзылады, жүрек айниды, іш өтеді, депрессия туғызады.
Қарсы көрсеткіштері: инфаркт миокардта, демікпеде, жүрек әлсірегенде, шеткер қан
тамырларының спазмасында.
Окспренолол (тразикор) -Trasicor шығу түрі: таб 0,01, 0,08 N10 1 таб күніне 1-2 рет
Қолдануы: стенокардия, аритмияларда, гипертония ауруында
Надолол (коргард) – Nadololum, шығу түрі: таб 0,02, 0,04, 0,08 N10 1 таб күніне 1-2 рет
жүректің ишемиялық ауруларында, гипертония ауруының алғашқы кезеңінде қолданады.
Тимолол-Timololum, шығу түрі:, 0,25% - 3-5 мл. көзге тамшы, глаукома ауруында.
Корданум – Cordanum, шығу түрі: таб 0,05, 0,1 N50 1 таб 3 рет.
Қолдануы: жүректің ишемиялық ауруларында; стенокардия, пароксизмалды тахикардия аритмияларды журек талмасын алдын алу үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет