135
Құрманғазы өмір сүрген
уақыт Ресей импе-
риясының отаршылдық езгісі күшейіп, шек-
тен шыға бастаған кезі еді. Ол тұңғыш шығар-
маларының бірі –
«Кішкентай» атты күйін
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске арна-
ды. Бұл күйден
халықтың ерлігі, қайғысы мен
күйініш үні естіледі.
«Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Адай»,
«Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Жігер» сияқты күй-
лерінде азат өмірді
аңсаған халықтың арма-
ны, үміті, халық күресінің құдіреті, ерлігі
дәріп теледі. Құрманғазының
«Сарыарқа» атты
шығармасында халықтың асыл арманы мен
жеңілмес бейнесі көрініс тапқан.
Құрманғазының жанына шәкірттері, жас
күйшілер Дина Нұрпейісова, Меңдіғали Сү-
лейменов, Ерғали Есжанов және басқалар жина-
лады. Құрманғазыдан күй
тартудың қыр-сырын
үйренген шәкірттері кейін өздері де атақты
күйші атанады.
Бүкіл өмірін күйге
арнаған Құрманғазының
бізге 60-тан аса күйлері жетті. Озық ойлы орыс
азаматы Н.
Ф. Савичев Құрманғазы туралы:
«...Егер ол
еуропалық білім алғанда, музыка
әлеміндегі ең алып жұлдызға айналар еді» деп
жазған.
Достарыңызбен бөлісу: