Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет211/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   244
§63. Бүгінгі Қазақстан
1.   Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс 
қарсаңында. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қыс-
қа мерзім ішінде Қазақстанның экономика-
сында үлкен өзгерістер жүзеге асырылды. Қа-
зақстан әлеуметтік-экономикалық реформалар-
ды жү 
зеге асыруы жағынан бұрынғы КСРО 
елдері мен Батыстың бірқатар елдеріне үлгі бола 
білді.
Қазақстан Республикасының Президенті 
 
Н.Ә. Назарбаев жыл сайын қазақстандықтарға 
Жолдау арнайды. 
«Қазақстан өз дамуындағы 
жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп  атала тын 
Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсеке-
ге қабілетті 50 елдің қатарына ену бағыттары 
айқындалған. Жолдауда еліміздің алдағы да му 
жос 
пары анықталып, бірқатар маңызды мін-
деттер нақтыланады. Маңызды міндеттердің 
бірі – Қазақстанның болашағы саналатын жас-
тар бойында қазақстандық патриотизм сезімін 
тәрбиелеу.
Жастар – Отанымыздың күш-қуатын ны-
ғай 
татын, ғылымды, экономиканы дамыта-
тын, әлеуметтік проблемаларды шешетін, же-
тістіктерін одан әрі арттыратын үлкен күш. 
Қазақстанның өскелең дамуына бағытталған 
барлық іске жастар қолдау көрсетіп, белсене 
қатысуы тиіс. 
Республикада халықтың өмірі жақсара баста-
ды. Зейнетақы мөл шері артты. Мұғалімдердің
дә рі герлердің, 
мәдениет 
қызмет кер ле рінің 
жалақысы  көтерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет