Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет28/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   244
біздің зама-
нымыз (қысқаша – б.з.) деп аталады. Бір ғасыр – 
100 жылға тең немесе жүзжылдық деп аталады. 
10 ғасыр – мыңжылдық саналады. Содан бері екі 
мыңнан аса жыл өтті. Ал адамдар бұл екі мың 
жылға дейін де өмір сүріп, тіршілік жасаған, 
көптеген тарихи оқиғалар өткен, ол тарихи 
оқиғаларды еске алғанда 
біздің заманымыздан 
бұрынғы (қысқаша – б.з.б.) деп айтамыз. Бұны 
түсіну үшін 29-беттегі «уақыт сызығына» назар 
аударайық.
Біз күнделікті өмірде қолданатын сандар 
араб цифрларынан жасалады. Олар бар болғаны 
он цифр – 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. 
Тарих ғылымында ғасырлар мен мыңжыл-
дықтар рим цифрларымен жазылады: I, II, III, IV, 
V, VI..., IX, X, XI..., XX..., XXI... тағы басқалар. 
Біздің заманымыздан бұрынғы ғасырлар 
мен жылдарды санау қазіргі уақыттан кері 
тәртіппен жүргізіледі. Мысалы: б.з.б. І ғасыр, 
б.з.б. ІІ ғасыр, сөйтіп шегіне береді.
Ғасырларды санау жүзжылдықтың бірінші 
жылынан басталады.
Мысалы: 1800 ж. – XVIIІ ғ.; 1801 ж. – 
 
XІX ғ.-дың басы; 1900 ж. – XІX ғ.; 1901 ж. –  
XX ғ.; 2001 ж. – ХХІ ғ.
Уақыт сызығын түсіну үшін төменде кел-
тірілген жылдарды есептеп көрелік:
а) егер оқиғаның біздің заманымыздан қанша 
мың жыл бұрын болғанын білсек, онда оның бұдан 
қанша жыл бұрын болғанын анықтау үшін:
Біздің заманымыздан бұрынғы жетінші 
мыңжылдықта егіншілік пайда болды. Сол 
уақыттан бері қанша жыл өтті?
Б.з.б. 7 мың жыл + б.з. 2010 жыл = барлығы 
9010 жыл өткен.
ә) оқиға біздің заманымыздың қай жылы 
болғанын білеміз, осы оқиғаның бұдан қанша 
жыл бұрын болғанын білу үшін:
Моңғолдар Отырар қаласын б.з. 1219 жылы 
басып алды. Содан бері қанша жыл өткен?
Б.з. 2010 – б.з. 1219 = барлығы 791 жыл 
өткен. 
 
Қандай жыл санау 
түрлері болды?
 
Қазақша жыл санау 
есебі қазіргі күні пайда-
ланыла ма?
 
Қазіргі жыл санауы-
мыз қалай басталған?
 
Уақыт сызығы жайлы 
әңгімеле.
есептеп шығар:
1. Б.з.б. 2600 жылы 
Египеттегі ең үлкен 
Хеопс пирамидасы са-
лынды. Пирамиданың 
салынғанына қанша 
жыл болды?
2. Б.з.б. 55 жылы Ғұн 
мемлекеті оңтүстік 
және солтүстік ғұндар 
болып екіге бөлінді. 
Содан бері қанша жыл 
өтті?
3. Қай жыл бұрын болды: 
б.з.б. 720 жыл, әлде  
б.з. 720 жылы ма? 
4. Қазақ хандығы  
1466 жылы құрылды? 
Бүгінде бұл датаға 
қанша жыл толады?
Хеопс пирамидасы


31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет