Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық


Тапсырма. Кестедегі түсініктерге сәйкес анықтамаларды



Pdf көрінісі
бет36/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   244
Байланысты:
5 synyp

Тапсырма. Кестедегі түсініктерге сәйкес анықтамаларды  
тауып, дәптеріңе жаз. 
Түсініктер
Анықтамалар
1. Отан
2. Туған өлке
3. Қоныс
4. Карта
а) өлке, өңір, аймақ, адамның туған жері, қаласы, ауылы, 
қонысы
ә) әр адамның туып-өскен жері, туыстарымен, жолдастары-
мен тұратын ел-жұрты
б) жер бетінің, аспанның немесе олардың жеке 
бөліктерінің кішірейтілген көрінісі
в) жергілікті халықтың ертеден мекен еткен жері
 
«Отан», «Туған өлке» 
деген сөздерді қалай 
түсінесің?
 
Отанға байланыс-
ты қандай мақал-
мәтелдер білесің? 
 
«Менің Қазақстаным» 
атты тақырыпта 
шығарма жазып кел.


39
§11. Қазақстанның табиғаты
1.  табиғат  жағдайлары.  Қазақстанның  жер 
көлемінің 10%-ын биік таулар алып жатыр. 
Онда ұшар басын мұздақ басқан Алатау, Алтай, 
Тянь-Шань сияқты биік таулар да орналасқан.  
Жазықтар мен үстірттер де,  аласа таулар мен 
қыраттар да бар.  Жеріміздің  төрттен бір бөлігі 
жазық дала болып келеді. Оның орталық бөлігін 
Сарыарқа, оңтүстігін Бетпақдала алып жатыр. 
Оңтүстік-батыста Маңғыстау түбегі, Каспий 
маңы ойпаты, оңтүстік-шығысында Жетісу 
өлкесі, шығысында Кенді Алтай, Тарбағатай 
жоталары орналасқан.
Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуы 
оның климаты мен табиғат жағдайларының 
да түрліше болуына ықпал етеді. Мысалы, 
Оңтүстік Қазақстанда күн ысып тұрғанда, сол-
түстік өңірінде салқын болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет