Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет30/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   244
3.  Картаны  оқу.  Картадағы барлық шарт-
ты белгілерді түсіну арқылы аймақтың та-
биғат жағдайын, халықтың қоныстануын, мем-
лекеттің орналасқан жерін көз алдымызға елес-
тете аламыз.
Картада әр мемлекеттің нақты шекарасы, 
мемлекеттер, олардың астаналары белгіленеді. 
Ертедегі қазақ жері
халықтың тұрмыс-
тіршілігі туралы 
мәліметтерді қайдан 
аламыз?
«Дүниетану» пәнінен 
алған біліміңді еске 
түсір:
 
План дегеніміз не? 
 
Карта туралы не 
білесің? 
 
Картада жер бедерін 
қалай белгілейді?
 
Масштаб деген не?


32
Қ
а
зақ
ст
ан
 к
ар
т
а
сы


33
Мемлекеттер әртүрлі түспен ерекшеленіп 
көрсетіледі. Әр мемлекеттің атауы жазылады. 
Егер мемлекет аумағы шағын болса, ол санмен 
беріледі де, мемлекеттің аты картаның жиек 
сызығының төменгі жағында көрсетіледі.
Географиялық және тарихи карталар  бо-
лады. Тарихи картадан белгілі бір дәуірдегі 
маңызды оқиға болған жерді, көтеріліс, шай-
қас орындарын, мәдени ескерткіштерді, ірі 
қа 
лаларды, өнеркәсіп аймақтарын біле ала-
мыз.
 Географиялық картада теңіз бен өзендер 
көгілдір түспен, жер бедері жасыл, сары, қоңыр 
түсті бояулармен көрсетіледі. Ал тарихи картада  
бұл түстер басқа мағынада пайдаланылады. 
Мәселен, «Түрік қағандығы» картасындағы 
жасыл түс ертедегі түрік тайпалары мекен-
деген аумақты белгілейді. Тарихи картада 
географиялық картада жоқ шартты белгілер 
кездеседі. Мысалы, үлкенді-кішілі бағдаршалар 
мен салт аттылар кескіндері шайқас болған 
жерді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет