38
мәтелдерінің мәні зор. Отан жайында атақты би-
шешендер, ойшыл-ғалымдар, ақын-жазушылар
өсиет сөздер қалдырған.
Қаздауысты Қазыбек би:
«Алтын ұяң – Отан қым бат,
Құт-берекең – атаң қымбат» деген екен. Ал
заңғар жазушы Мұхтар Әуезов:
«Алтын анам –
Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер
күшім жоқ» деп жазған. Біртуар дарынды ақын
Мұқағали Мақатаев жырларының көбін туған
елі, өскен жері, Отан тағдырына арнаған.
Әрбір қазақстандық өз Отанын мақтан тұ-
туы тиіс. Бүгінде Қазақстан Респуб
ликасы
бар ша әлем таныған іргелі елге айналды. Біз-
дің мақсатымыз – Отанын сүйетін, Отанын
мақтаныш ететін, Отанын қорғайтын, елжанды,
жан-жақты білімді адам болып өсу. Әрбір адам
өзінің еліне, Отанына, туған жеріне адал болуы
керек. Қайда жүрсе де өз Отанын, жері мен суын
шексіз сүйіп, барлық күш-жігерін Отан мүд-
десіне, оның көркейіп дамуына жұмсауы керек.
Әрбір Қазақстан азаматы осындай кең-
байтақ жердің лайықты мұрагері болуы тиіс.
Қазақстанның болашағы жастарға, олардың бі-
лімділігі, тәрбиелілігі мен Отанға адалдығына
байланысты. Олай болса, жақсы оқып, өнегелі,
Отанымызға лайық болып өсейік!
Достарыңызбен бөлісу: