Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет33/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   244
Байланысты:
5 synyp

Еуразия  – жер шарын дағы ең үлкен құрлық. Еуразия екі дүние бөлігі нен – 
Еуропа мен Азиядан тұрады. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың 
шақырым, батыстан шығысқа 16 мың шақырымға дейінгі ау мақта созылып жа-
тыр.
Еуразия – дүниежүзін 
дегі халық ең көп тұратын әрі тығыз қоныстанған 
құрлық. Онда 4 миллиардтан астам халық тұрады.
дың шекарасының ұзындығы 15 мың кило-
метр ден асады. Еліміздің бас қаласы – Астана 
Қазақстанның солтүстік өңірінде орналасқан. 
2.  Қазақстанның  топонимикасы.  «Топони-
мика» – грекшеден аударғанда «мекен» неме се 
«жер атауы» деген түсінік береді. Топоними - 
ка – жер-су аттарының шығуын, қазіргі жағ-
дайын, мағынасын зерттейді.
Махмұд Қашқари – 
«Диуани лұғат ат-түрк» 
(«Түрік тілдерінің жи-
нағы») атты еңбегінде 
түркі тілдес халықтардың 
тілі мен әдебиетін, тілдік 
ерекшеліктерін зерттеген, 
түркі рулары мен тай 
па-
ларының тарихын, тұр-
мысын, салт-дәстүрін зер-
делеген.
Махмұд Қашқари 
жасаған дөңгелек карта – 
әлем дегі ең ежелгі түркі 
кар 
тасы ретінде белгілі. 
Осы картада Қазақстан 
же  рінде 
болған 
ежелгі 
ша һарлар – Барсқан, Ба-
ла 
сағұн, Тараз, Екіоғыз, 
Қашқардан бастап, түр-
кі дүниесінің елді ме-
кендері, жер бедері түгел 
қағаз бетіне түскен. Түр-
кі дүниесі жөнінде ег-
жей-тегжейлі сипатта-
ма берілген осынау көне 
дә 
уірдегі түркі картасы 
 
ғалымның өлмес мұрасы 
саналады.


36
Қазақ халқы ежелден-ақ табиғатына лайық-
тап даладағы жер-су мен орман-тауларға ат қоя 
білген. Сарыарқа, Бетпақдала сияқты атау-
лар сол жердің кеңдігін, қасиетін аңғартады. 
Негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ 
малға тиімсіз жерге Ащыкөл, Жаманбұлақ, 
Атқырылған сияқты атаулар берген. Шөбі шүй-
гін, малға да, адамға да қолайлы жерлерге 
Мыңжылқы, Байқоныс, Кеңбұлақ деген атаулар 
беріліпті.
Халқымыздың салт-дәстүріне байланысты 
қойылған Бәйгеқұм, Биесойған, Қандыағаш, 
Кін діккескен сияқты атаулар да кездеседі.
Аңырақай, Қалмаққырылған, Ойрантөбе, 
Ордабасы, тағы басқа атаулар – еліміздің басы-
нан өткен тарихынан хабар беріп тұрады.
Мұнайшы, Теміртау, Жезқазған, Бүркітші, 
Доланалы атаулары сол өлкенің қазба бай-
лықтары, өсімдіктері мен жануарлар дүние сінің 
ерекшелігін көрсетіп тұр. 
Көкшетау, Ұлытау, Алатау, Қаратау, Ақтау 
тәрізді атаулар жер келбетінің ерекшелігін көзге 
тосып тұрады.  
 
Картадан Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік шекара-
сын көрсет.
 
Қазақстан Республи-
касы қандай мемле-
кеттермен шектеседі? 
 
«Топонимика» сөзінің 
мағынасы нені білдіреді?
 
Өзің тұратын 
жердің атауы неден 
шыққанын сұрастыр.
 
Жер-су аттарын білу 
не үшін керек?
 
Неліктен Қазақстан 
Еуразия кіндігі деп 
аталады? Өз ойыңды 
нақты мысалдар 
арқылы дәлелде.
 
М. Қашқаридың 
дөңгелек картасын-
да біздің елімізге 
қатысты қандай 
мағлұматтар бар?
Бурабайдағы  
Оқжетпес тауы


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет