Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет34/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   244
§10. Қазақстан – менің отаным
1.  отан  деген  не?  Отан  –  әр адамның туып-
өскен жері, атамекені, ел-жұрты. Отан – кіндік 
қаның тамған жерің. Біздің Отанымыз – 
Қазақстан.
Адамның ата-бабасынан бері мекендеген 
аймағын, суын ішіп, өсіп-өніп, өмір сүріп келе 
жатқан жерін – Атамекен дейді. 
Отанды сүю – өз ата-анаңды, туысқандарың-
ды, достарыңды сүю мен сыйлаудан басталады. 
Отанға деген сүйіспеншілік – 
патриотизм деп 
аталады. Өз Отанын сүйетін адам 
патриот са-
налады. Ата-бабаларымыз – біз үшін Отаны-
на, туған еліне, халқына деген сүйіспеншілік 
пен адалдықтың үлгісі. Олар қазақ даласының 
еркіндігі мен елінің бостандығы үшін жан ая-
май күресіп, оны бізге аманатқа қалдырды. Бұл 
жерді өз ұрпағымызға табыстау – бізге міндет.  
Сен Абылай  хан есімін жақсы білесің. 
Абылай хан – қаһарман қолбасшы, ақыл-
ды да айлалы, көреген адам болған. Ол – Ота-
нын, елі мен жерін сүйген көрнекті мемле-
кет қайрат 
ке 
рі. Жоңғарлармен шайқаста ба-
тырлық көрсетіп, ерекше амал-
айласымен  көзге  түс ті.  Өне ге - 
лі  ақыл-кеңесінің,  ал ғыр лығы 
мен көрегендігінің арқа 
сында 
Абы лай кемеңгер деген атқа ие  
болды. 
Отаны үшін еңбек еткен
Отанының азаттығы жолында 
жанын да аямаған адамдар ха-
лық есінде жыр-дастан, күй, 
аңыз болып сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет