16 миллионнанастам адам тұ рады.
Қазақстан Республикасы 14 облысқа, 159
ау данға бөлінеді. Еліміздің бас қаласы – Аста-
на, республикалық мәртебедегі қала – Алматы,
және бұлардан басқа 84 қа ла бар.
«Қазақстан тарихы» пәні нені оқытып-үйретеді? Осы пәнді оқып-үйренудің маңызы қандай?
Дерек дегеніміз не? Заттық тарихи деректерге не жатады? Жазбаша деректер- ге не жатады?
Өздеріңді ежелгі адамдар қонысын ашқан археологпыз деп елестетіңдер. Қоныстан қандай заттар табылуы мүмкін? Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Этнограф ғалымдар зерттеуді қалай жүргізеді?
Өлке дегеніміз не? Өз өлкең, оның адамдары, белгілі қайраткерлері туралы не білесің? Өлкеңде тұратын халық тардың салт-дәстүрлері туралы не айта аласың?
Уақыт сызығы туралы айтып бер.
Қазақстан Республикасының картасынан мемлекетіміздің шекарасын, қандай көрші елдермен шектесетінін көрсет.
Өзің тұратын қаладағы не ауылдағы жер, су, тау аттары, олардың шығу тари- хы туралы әңгімеле.
Еліміздегі халықтардың бейбіт және татулықта өмір сүруіне күнделікті өмірден мысал келтір.
Қазақстанның қазба байлықтары, жануарлары мен өсімдіктері туралы әңгімеле.
«Қала – білім мен ғылым және мәдениет орталығы» тақыры бында белгілі бір қала бойынша әңгіме құрастыр.