Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет51/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   244
Байланысты:
5 synyp

тайпа  дегеніміз  –  туыс тас, 
ын тымақтас бірнеше рулардың бірлестігі.
3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстан 
же рінде 
қола дәуірі б.з.б. 2-мыңжылдықтан – 
б.з.б. 8-ғасырға дейін созылды. Қола дәуірінде 
адамзат  металды игерді. Осы дәуірде адам-
дар Қазақстанның барлық аудандарында қо-
ныстанды. Орталық Қазақстанды мекендеген 
тайпалар қола дәуірінде (б.з.б. IX–VIII ғасырлар) 
Беғазы-Дәндібай мәдениетін  қа лыптастырды. 
Тас құралды металдан жасалған құрал ығыс-
тырды. Адамдар екі металды – мыс пен қала-
Қазақстан аумағын  
мекендеген  
андроновтықтар


52
йыны қосып қорытып, қола алуды игерді. Қо-
ла мыстан әлдеқайда қатты әрі берік болды. 
Қоладан еңбек құралдарын, қару-жарақ және 
әшекей бұйымдарын жасады, балта мен сүңгі 
дайындалды. Қола дәуірінде дәулетті, бай адам-
дар пайда болды. Қола дәуірінің адамдары мыс 
балқыту, қыш ыдыстар, жер өңдейтін құралдар 
жасау, мал  шаруашылығымен,  егін ші лікпен  ай-
налысты.  
Ғалымдардың анықтауынша, сонау қола дә-
уірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген андрон 
тайпаларында еуропалық нәсілдің белгілері 
бол ған. Осы тайпалар қазақ халқының қа лып-
тасуына өзіндік әсерін тигізген.
Осы кезде рулардың тайпаға, тайпалардың 
одақтарға бірігуі басталды. Тайпаластар бейбіт 
өмірде өз тіршілігімен айналысты. Соғыс болған 
жағдайда туыстас рулар мен тайпалар бірлесіп 
қорғанды. Бірнеше тайпа – тайпа одағына бірі-
гіп, алғашқы мемлекетін құрды.
Тайпа одағы – шыққан тегі, тілі ұқсас, мақ-
сат-мүдделері ортақ бірнеше тайпалардың бір-
лестігі. Тайпа одақтарында ортақ салт-дәстүр, 
әдет-ғұрып, ортақ тіл қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет