Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет56/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   244
Байланысты:
5 synyp

2. Шырақтың ерлігі. Кирдің  шапқыншы лық 
жорықтарын I Дарий жалғастырады. Шамамен 
б.з.б. 519–518 жылдары парсы патшасы I Дарий 
қалың қолмен сақтарды жаулап алуға аттана-
ды. Алғашқы ұрыс сақтар үшін сәтсіз аяқталды.  
I Дарий бастаған парсылар Сырдария дан өтіп, 
сақтардың бір тобын қолбасшысымен бірге 
тұтқынға түсіреді.
Осындай қиын жағдайда сақтардың қалған 
әскері кең далаға қарай шегінуге мәжбүр бола-
ды. Осы сәтте сақ тайпасының 
Шырақ есімді 
жас жауынгері шапқыншылардан құтылудың 
жолын ойлап табады.
Шырақ сақ көсеміне барып: «Мен парсы әске-
рін алдап, адастырып, қырғынға ұшыратамын. 
Сол үшін менің қол-аяғымды байлап, әбден 
сабап, қонысқа тастап кетіңдер», – дейді. Сақ 
көсемі Шырақтың айтқанын орындайды. Сақ-
тардың соңынан қуып келе жатқан парсылар 
қансырап жатқан Шырақты көреді. Оның қол-
аяғын босатады. Аузына су тамызады.
Сақ жауынгерлері 


58
Шырақ өзін сақ көсемдері «сатқын санап, 
осылай жазалағанын, жәбір көргендіктен олар-
дан кек алу үшін парсы әскеріне сақтарды қуып 
жететін қысқа жолды көрсетемін» деп сендіреді. 
Шырақ парсыларды бастап, ұзақ жүреді. Кең 
даланың шеті көріне қоймайды. Парсылар су-
сыз шөл далада қырыла бастайды. Алданғанын  
түсінген парсылар Шырақты жазалайды. 
Шы рақ өз елін бас қыншылардан аман алып 
қалғанын, өлсе де өз жерінде қала 
тынын, 
мақсатына жеткенін айтады. Оның  Отанын 
азат ету жолында өлімнен де қорық 
пағаны 
батырлықтың үлгісіне, аты аңызға айналады.
Парсылардың бұл жорығы сәтсіз аяқталады. 
I   Дарий әскерінің жартысы шөл далада қы-
рылып, қалған әскерімен еліне әрең жетеді. 
Бұдан кейінгі А.  Македонскийдің де сақ тайпа-
ларына жорығы сәтсіз аяқталады. Грек қол-
бас шысы  Александр Македонский (қазақша – 
Ескендір патша) Сырдария алқабына дейінгі жер-
лерді басып алса да, сақтарды жеңе алмайды.
 
Отанға деген 
сүйіспеншілік 
ұғымының  
мағынасын түсіндір.
 
 Тұмар патшайым 
қандай ерлік 
көрсетті?
 
Шырақтың ерлігін 
қалай бағалайсың?
 
Сақ тайпалары  
қандай халықтармен 
қарым-қатынас  
жаса ған?
I Дарий туралы бізге мынандай аңыз әңгіме жетті. I Дарий қалың әскер  
жинап, Азия мен Еуропаны бағындыру үшін сақтарға қарсы жорық бастады. 
Дарий патшаға сақтар елші арқылы құс, тышқан, бақа және жебе жібереді. Бұл 
сыйлық нені білдіретінін шешу үшін парсылар жиналып, кеңес құрады. I Да-
рий сақтар қарсыласудан бас тартып, билікті маған бермек екен деп түсінеді. 
Бірақ оның көріпкел ақылшысы Гобрий: «Егер сендер, парсылар, құстай аспанға 
ұшып, тышқандай жерге кіріп немесе бақадай балшыққа батып кетпесеңдер, 
онда мына жебе сендерді кері қайтармайды дегені», – деп шешімін табады.
Бірақ Дарий оны тыңдамай, сақтарға шабуылға аттанады. Ұрыс алаңында 
екі жақ қарама-қарсы тұрғанда сақтардың арасынан бір қоян зымырап өтеді. 
Қоянды көрген сақтар оны қуалап, айғай-шу, қарбалас басталады. I Дарий сақ 
жауынгерлерінің айғай-шуына елеңдеп қалады. Сақтардың қоян қуып жүргенін 
естіген ол жауынгерлеріне: «Бізден қорықпай, қоян қуалап кеткен бұл адамдар 
шетінен батыр екен. Гобрийдің сыйлық туралы айтқан сөзінің дұрыс екенін енді 
түсіндім. Біз енді аман-есен елге жетуімізді ойлауымыз керек!» – дейді. Сөйтіп, 
I Дарий түн қараңғылығын пайдаланып, сақ жерінен тайып тұрған көрінеді. 


59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет