55
53-беттегі картаға
қарап, сақтардың қай
жерді мекендегенін
айтып бер.
Оқулықтағы сурет
бойынша сақтардың
сыртқы бейнесін
суретте.
«Сақтар өмірінің бір
күні» деген тақы рып та
ауызша әңгіме дайында.
Сақтардың тұрмыс-
тіршілігіне
сипаттама бер.
тануда. Әйелдер
қазанға ет асып, ағаш
күбіде қымыз пісіп, жүн иіріп, киіз басып,
киім тігуде. Барлық сақтар шошақ төбелі
баскиім, шекпен, шалбар мен етік киген.
Сақ қолөнер
шеберлері қо ладан қанжар, жебе
ұштары мен сүңгі, аттың ер-тұрманын, қа зан
мен құрбандық ыдыстарын, алтын-күмістен
әйелдерге арнап әшекейлер мен айна жасаған.
Сақ қоғамы таптық жағынан үш топқа
бөлінді:
жауынгерлер,
абыздар (дін адамдары),
малшылар мен егіншілер. Олар барлық мәселені
халық жиналысына салып шешті. Халық жи-
налы сында ақсақал дар шешім шыға ратын бол-
ған. Сақтар көр гені көп беделді ақсақалдары-
ның сөзін екі етпеген.
Тайпа көсемі өз тайпасының әскеріне
қолбасшылық етті.
Сақтар әскери адамдардан
патша сайлап, оған сөзсіз бағынатын болған.
Садақты шебер ату патшаларға тән ерекше
қасиет саналған. Патша көктемгі жер жыр-
туда бірінші болып жерге түрен салды, жас
жауынгерлерді әскери іске баулыды.
Сақ қонысының шетінде обалар көзге түседі.
Орасан зор обаларда –
көсемдер, орташаларын-
да –
жауынгерлер, ал шағын обаларда
қара па-
йым адамдар жерленген.