Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет62/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   244
Байланысты:
5 synyp

«Ұлы Қытай 
қорғаны»  деп аталады. 
«Ұлы Қытай қорғаны» – 
көне сәулет өнерінің ес-
керткіші ретінде бүгінге 
дейін сақталған.
Ғұндардың біздің заманымызға жеткен заң-
дарында былай делінген:
– Адамға пышақ не қанжар салып, жаралы ет-
кендер өлім жазасына кесіледі.
– Ұрлық жасаушының мал-мүлкі түгел тәр-
кіленеді.
– Жеңіл қылмыс жасағандардың беті тілінеді.
– Ауыр қылмыс жасағандар өлім жазасына 
кесіледі.
– 
Қамауға алынған қылмыскер он күннің 
ішінде жазалануы тиіс. (Бірақ мемлекетте 
мұндай қамауға алынатын қылмыстар өте 
сирек болған).
 
Ғұндардың өмірі  
мен тұрмысы  
туралы әңгімелеп бер. 
 
Ғұндар қалай  
қуатты  
мемлекетке  
айналды? 
 
Мөде қандай  
билеуші болған? 
 
«Мөде – Ғұн елінің 
билеушісі» деген 
тақырыпта  
әңгіме дайында. 


66
§20. еділ патша
1.  еділ-аттила  (400–453) – Ғұн мемлекетінің 
атақты билеушісі, император атанған қолбасшы, 
адамзат тарихында ерекше орны бар ұлы тұлға. 
Ғұн патшасының баласы Еділ жас кезінен-ақ 
соғыс жорықтарына қатысып, қан майданда 
батырлығымен көзге түскен.
Еділдің Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз 
жорықтары жайлы көптеген аңыз-әңгіме 
тараған. Еуропада Еділді   Аттила, Атыл, Эт-
цель деп те атайды. Венгрлер оны бабамыз деп 
есептейді. 
2.  Батыс  Ғұн  ұлысы.  Ғұндар Еуропаның 
бірқатар жерін жаулап алып, 
Батыс Ғұн ұлы-
сын  құрған. Батыс Ғұн ұлысы II ғасырда Кас-
пий теңізінің жағалауындағы қазақ жерінде құ-
рылды. Б.з. 374 жылы Батыс  Ғұн империясын-
да Балаәмір билік құрды. Балаәмірдің тұсында 
Еділ патша


67
ғұндар Батыс елдерін жаулап алу жорығын 
бастаған болатын. Балаәмірдің басшылығымен 
ғұндар Доннан Днепрге дейінгі жерлерді жау-
лап алып, өзіне бағындырады. Ал Еділ пат-
ша тұсында ғұндардың Еуропаны жаулап 
алуы аяқталды. Олар Ұлы Қытай қорғанынан 
Францияға дейінгі жолды ат тұяғымен басып 
өтті.
Еділ 434 жылы Батыс Ғұн империясының 
тағына отырды. Ол өзінің немере туысы Бледа-
мен билікті бөлісті. Кейін Еділ Бледаны тақтан 
түсіріп, 18 жыл елді жеке өзі басқарады. Еділ 
патшаның тұсында Ғұн империясы өз дамуы-
ның жоғарғы сатысына жетті. Ол өзіне дейін 
билік құрған аталарының ісін жалғастырды.
Еділ білікті қолбасшы, саясаткер әрі көреген 
көсем ретінде танылды. Оны қарсыластары 
«Құдайдың қаһары» деп атаған. Шығыс Рим им-
периясы (Византия) Еділ патшаға тәуелді екенін 
мойындап, ғұндарға алым-салық төлеп тұрады.
Сонымен қатар ол герман тайпаларын және 
Рейн өңірін өзіне бағындырады. Еділдің әділ 
патша деген аты бүкіл Еуропаға тарайды. Ол 
Византияға, Данияға шабуыл жасап, Бургунд 
королін талқандап жеңіске жетеді. Римге қарсы 
Каталун даласындағы шайқаста екі жақтан 
165 мыңға жуық ғұндар мен римдіктер қаза 
табады. Осы шайқастан кейін құл иеленуші 
Рим империя сы құлайды. Рим империясының 
үстемдігінен азат етілген елдер Еуропада жеке 
мемлекеттерін құрады. Ғұндар әлем тарихын-
да ортағасырлық дәуірдің басталуына ықпал 
жа 
са 
ды. Бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірген 
ғұн дардың қаһарлы жорығын басқарған Еділ  
453 жылы қаза табады. Оның орнына таққа ұлы 
Еллақ отырады.
V–VI ғасырларда Ғұн мемлекетінде тақ мұра-
герлерінің билік үшін талас-тартысы күшейеді. 
Ғұн империясы бірнеше иеліктерге ыдырап, бө-
лініп кетеді.
 
Батыс Ғұн мемлекеті 
қай жерде құрылған?
 
Еділдің жорығы тура-
лы әңгімелеп бер.
 
Еділ қандай  
қолбасшы болған? 
Қолбасшылық 
қабілетіне  
сипаттама бер.
 
«Еділ – Ғұн 
мемлекетінің әйгілі 
билеушісі» деген 
тақырыпта әңгіме 
дайындап кел.
Аттила алдына әке-
лінген тұтқын римдік-
терге жаза кесе бастайды. 
Оның алдына қол-аяғы 
байланған римдік жас 
батырды алып келеді. Ол 
шайқаста ғұндарға қарсы 
жан аямай соғысқан екен. 
Ол тұтқынды алдына 
алып келгенде:
–  Ғұндарға  қарсы  неге 
соғыстың, әлде олардан 
жамандық көрдің бе? – 
деп сұрайды.
–  Жоқ,  ғұндардан  еш 
жамандық көрген жоқ-
пын, мен туған қаламды 
қорғап, міндетімді орын-
дадым, – деп жауап береді 
тұтқын.
Еділ патша осы сөзі 
үшін римдік тұтқын Кай-
ге бостандық береді. 


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет