§18. алтын киімді адам
1. сақтардың наным-сенімдері. Сақтар да
басқа халықтар сияқты табиғаттың түрлі құ-
былыстарын түсінбеді, одан қорықты. Таби ғат-
тың әр құбылысының өз Құдайы бар деп есеп-
теді. Олар – Күнге, найзағайға, жел-дауылға,
жерге табынған. Ата-бабаларының аруақтарына
сыйынған.
Сақтар құдайларды қанатты тұлпар, аңдар
мен құстар, жануарлар бейнесінде елестеткен.
Олардың қаһарынан қорқып жалбарынған,
құрбандыққа мал сойған.
Сақтар өлген адамды қорғанға жерлеген.
Өлікке жақсы киім кигізіп, онымен бірге қару-
жарақ, тамақ, тұтынған бұйымдарын бірге
көм
ген. Бұлар оған о дүниеде қажет болады
деп түсінген. Патша не көсем қаза болса, үлкен
қорғанға жерлеп, атын да қоса көмген.
Достарыңызбен бөлісу: |