113
Кенесарыны үш жүздің ықпал ды билері мен
сұлтандары қолдап, 1841 жылы
Қазақ хан-
дығының ха ны етіп сай лады. Уақытша болса
да Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Кене-
сары елді басқару ісінде бір қатар жаңалықтар
енгізді. Хан кеңесін құрды.
Кенесары Қазақ
хандығының соңғы ханы болды.
Патша Кенесарыға қарсы түрлі
айла-амал-
дарды қолданып, әскерін күшейтті. Күш тең емес
болатын. Қазақтың садақ, қылыш, қарапайым
мылтығына қарсы патша әскері винтовка мен
зеңбіректен оқ жаудырды.
Көтеріліс жеңіліс тапты. Бұл 10
жылға
созылған, Қазақстан жерін түгел қамтыған,
отаршылдыққа қарсы бағытталған ірі көте-
ріліс еді. Ол жеңіліске ұшырағанымен, Қазақ-
стандағы патша үкіметінің саясатына ауыр
соққы болды. Отаршылдыққа қарсы көте-
рілістер өрістей берді. Бұдан кейін де
Жанқожа
Нұрмұхамедұлы, Есет Көтібарұлы, т.б. бастаған
көтерілістер болып жатты.
Отарлау дегенді
қалай түсінесің?
Сырым Датұлы қандай
адам еді? Ол бастаған
қозғалыстың қандай
нәтижесі болды?
Исатай мен Махамбет
бастаған көтерілістің
шығу себептері неде?
Көтеріліс нелік тен
жеңіліске ұшырады?
Кенесары Қасымұлы
не үшін күресті деп
ойлайсың?
Кенесары мен Исатай
қандай істерімен
тарихта қалды?
Аталған көтеріліс-
тер дің бір-бірінен
ұқсастығы мен
айырмашылығы неде?
«Кене хан орта бойлы, тарамыс денелі, жуан мойын, қараторы, қағілез жүзді
кісі еді. От
шашып тұратын қызарыңқы, қыран көзді еді, мұрты, жирен-қоңыр
түсті қалың шоқша сақалы болатын. Аз сөйлейтін,
өзін байсалды да сұсты
ұстайтын, барынша тектілік байқалатын… Кенесарының сырт келбеті елден ерек-
ше көрінбейтін, алайда оны өзгелерден бөлектетіп тұратын сыртқы көрінісі емес
еді. Кенесары Қасымұлының мінезіне тән күрделі де нақ өзіндік қасиеті – оның
өз мемлекетін құру жолындағы жоғары идеяны көздеген құштарлық еді».
Уәлиханов Е.Ж. Кенесары. – М., 2004. 25-бет.
Достарыңызбен бөлісу: