116
Сол кездегі саяхатшылар мен орыс ғалымдары
оның бұл еңбектерін өте жоғары бағалаған.
1857 жылы Шоқан Орыс географиялық қо-
ғамының мүшесі болып сайланады. Орыс үкі-
метінің тапсыруы бойынша ержүрек саяхатшы
1858–1859 жылдары өзін бүкіл әлемге паш еткен
Қашқарға саяхатын жасады. Ол кезде Қашқар
еуропалықтарды қабылдамайтын, орыс ғалымы
екенін білсе Шоқанды
да өлтіріп тас
тар еді.
Сондықтан Шоқан қазақша киініп, өзін «сау-
дагер Әлімбаймын»
деп атап, 5 айдай Қашқар
елінде тұрады.
Қашқарға саяхат нәтижесінде жазылған
«Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу
провинциясының шығысындағы алты қала-
сының жағдайы туралы» атты еңбегі Гер-
манияда неміс тілінде, кейінірек ағылшын
тілінде Англияда жарияланады.
Бұл еңбекті
шығыстанушылар жоғары бағалады.
Ш. Уәлихановты Ресей патшасы II Александр
өзі қабылдап, оған штабс-ротмистр атағын,
4-дәрежелі «Әулие Владимир» орденін табыс
етеді. Патшаның ұсынысы бойынша Санкт-
Петербургте жұмысқа қалдырылады. Жаңа
зерттеулерге құлшына кіріскенмен Санкт-
Петербургтың ылғалды климаты денсаулығына
кері әсер етіп, өкпе ауруы асқынған Шоқан
1861 жылы көктемде елге оралады. 1865 жылы
Шоқан 30 жасында қайтыс болды. Ол
өзінің
қысқа өмірінде бес томдай әдеби және ғылыми
шығармалар жазып қалдырды.
Ш. Уәлихановты ға лым ретінде орыс зерттеушілері ерекше баға лады.
Белгілі академик Н. И. Веселовский: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
шығыстану әлемінің аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте
шықты. Орыс ориенталистері бірауыздан оны таңғажайып құбылыс деп
қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды, ұлы
жаңалықтар ашады деп үміт күтіп еді» деп жазған.
Ш. Уәлихановтың
жан-жақты қабілеті,
зеректігі туралы
әңгімеле.
Ш. Уәлиханов
ғылымның қандай
салаларына өз үлесін
қосты?
Шоқанның қандай
еңбектер жазғанын
мәтіннен тауып оқы.
Шоқанға мына жоспар
бойынша мінездеме бер:
– Қай жылдары
өмір сүрді?
– Келбеті мен мінезі.
– Қандай істер
атқарды?
– Оның есімі неліктен
ел есінде?