Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет127/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   244
Байланысты:
5 synyp

2.   айша  бибі  кесенесі  –  Тараз қаласынан 
 
18 шақырым жерде орналасқан сәулет ескерткі-
ші. Бұл кесене жартылай ғана сақталған, күмбезі 
құлаған. Бірақ бастапқы көркін жоғалтпаған.
Бүгінгі күні кесене қайта жөндеуден өтіп, 
қалпына келтірілуде. Айша бибі кесенесінің 
төбесі күмбезді. Кесененің төрт бұрышына 
алып тіреу бағаналар қойылған. Кесене баға-
налары белдеу арқылы екі қабаттан тұ 
ра 
ды. 
Ескерткіштің қабырғасы үш қабат етіп жа-
салған. Бірінші қабатының қалыңдығы 40 см. 
Ол күйген кірпіштен қаланған. Ортаңғы қаба ты 
80 см. Сыртқы қабаты күйдірілген керамика-
лық тақтамен қаптал 
ған.  Биіктеген сайын 
ағаш құрсау мен байланған. Мұның өзі кесене-
нің өзіндік ерекшелігі мен беріктігін күшейте 
түскен. Кесененің ортасында күйдірілген кір-
піштен қаланған шағын құлпытас тұр.
«Әмір Темір (Темірлан) 
(1336–1405) – моңғолдың 
түркіленген барлас тайпа-
сынан шыққан жергілік-
ті билеушінің баласы. Ол 
шағын әскердің қолбас-
шысы бола жүріп, өзінің 
империясын құра бас 
та-
ған.
Темір Самарқанды жау- 
лап алып, өзін мемле-
кет басшысы деп жария-
лайды. Самарқанда бекін-
геннен кейін Темір бү кіл 
Орта Азияны, Парсы, Бағ-
дат, Дамаск, Египет, Үн-
дістанды жаулап алып, 
Алтын Орданы тал 
қан-
дайды.
Өзі құрған мемлекет тің 
құдіретін әлемге таныту 
үшін Түркістанда Қожа 
Ахмет Йасауиге кесене 
тұрғызған. Отырардың 
жа 
нынан Арыстан бабқа 
ке 
сене және мешіт сал-
дырған».
Байпақов К.  
Қазақстанның ежелгі 
қалалары. – Алматы,  
2005, 137-бет.


126
Кесенедегі оюлар құйып жа 
салған. Қабыр-
ғалары мен тіреу бағаналарының бұрышы гео-
метриялық және өсімдік тектес өрнектермен 
безендірілген. Барлық қабырғалар мен ба-
ғаналардың беті тұтас күй ді рілген қыш тақта-
лармен қап талған. Әрбір қасбеті (фасад) тере-
зе сияқты сүйірлеу аркамен жиектелген. Есігі 
шығысқа қаратылған.
Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген атақты 
ақын әрі ғалым Хәкім атаның қызы Айшаның 
құрметіне тұрғызылған. Айша өзінің жары 
Қараханға бара жатқан сапарында жылан ша-
ғып қайтыс болыпты.
 
Сәулет өнері  
дегеніміз не? Оған  
не жатады?
 
Қожа Ахмет Йасауи 
кесенесіне сипаттама 
бер.
 
Айша бибі кесенесіне 
сипаттама бер. 
Әмір Темір Түркіс-
тандағы Қожа Ахмет Йа-
сауи кесенесін 1397–1405 
жылдары салдырған.
«Құрылысты салушы 
сәу 
леткер жергілікті ха-
лықтың тұрмысын, сенім-
нанымын, ою-өрнегін жақ-
сы  білген.  Қабырға лар дың 
оюы қазақтың киіз үйі-
нің керегелеріне, басқұр 
әшекейлеріне, кілем, теке-
мет, түр-өрнектеріне елік-
тегендікті білдіреді... Құ-
ран аяттарын қабырғаға 
әсем оймыштап, жазудан 
гөрі оюға ұқсатып жі-
берген. Яғни, шебер шы-
ғыс құрылыс өнерін жер-
гілікті халық өнері 
мен 
тамаша ұштастырған», – 
деп жазды профессор 
X.  Сү йін шәлиев.
Айша бибі кесенесі


127


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет