Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет129/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   244
2.  наурыз  дәстүрлері.  Ұлыс күні ел ет асып, 
қазан-қазан наурызкөже дайындайды. Нау рыз-
көже жеті түрлі дәмнен – су, соғымнан қалған 
сүр ет, сүт, құрт, бидай (тары, күріш, арпа), 
тұз, ұннан жасалады. Жеті саны – Шы 
ғыс 
елдерінде жеті қат көк, жеті қазына, аптаның 
жеті күні және жеті 
ата сияқты қасиетті сан 
деп есептеледі. Әр үйде 
дастарқан жайылып, 
оның үсті бауырсақ, 
құрт-ірімшік, жент-май, 
талқан-тары және т.б. 
толы болады.
Ұлыс күні жас жігіт-
тер төңіректі, арықтар-
ды тазартып, бұлақтың 
көзін ашады, ағаш 
егеді. Ал қыздар мен 
әйелдер  «Күн ана, Жер 
ана, жарылқа!» – деп, 
ашыл 
ған бұлақ көзіне 
май құйып, жаңа егілген 
ағаш тарға  ақ бүркеді.


129
Наурыз мерекесі ел бірлігін күшейте түседі. 
Бұл күні жауласып жатқан жақтар соғысын 
тоқтатып, келісімге келетін болған. Бауырлас 
ел, ағайын-туыс реніштерін кешіріп, ақ дас-
тарқаннан дәм татып, татуласады. Түрлі ұлттық 
ойындар өткізіледі.
Жиналған жұрт алдында ақындар өлең ай-
тып, айтыс ұйымдас 
тырған. Ауыл сыртында 
алтыбақан құрылады.  
Наурыз мерекесін Орта Азия, Түркия, Иран, 
Үндістан, Ресей және басқа елдегі мұсылман 
халықтары да мерекелейді. Наурыз мейрамы – 
халықтың ежелгі салт-дәстүрі. Наурыз күні 
халықтар арасында бірлік, тыныштық, бей біт-
шілік орнайды. Бүгінгі күні бұл қадірлі мереке 
елімізде жыл сайын аталып өтіледі.
 
«Ұлыстың ұлы күні» 
деген сөздің мағынасын 
қалай түсінесің?
 
Қазақ халқы Наурыз-
ды қалай қарсы алған?
 
Наурызкөжені қалай 
дайындайды?
 
«Наурыз – Шығыс 
халықтарының 
мерекесі» деген 
сөйлемнің мағынасын 
түсіндір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет