Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық


§40. наурыз 1.   Ұлыстың  ұлы  күні



Pdf көрінісі
бет128/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   244
§40. наурыз
1.   Ұлыстың  ұлы  күні.  Наурыз – шығыс 
халықтарының мейрамы, жыл басы, көктем 
мерекесі. «Наурыз» – парсы тілінен аударғанда 
«нау – жаңа, руз – күн, яғни жаңа күн» деген 
мағынаны білдіреді. Наурыз айында күн жы-
лынып, қар еріп, жылғалардан су ағып, жан-
жануар көктемнің келгенін сезеді. Ағаштар 
бүршік атып, шөп шығып, күн сәулесі әлемге 
нұрын шашады. Міне, табиғаттың осыншама 
керемет өзгерістері  кезеңінде елімізге жаңа 
жыл – Наурыз мерекесі келеді.
Наурызда күн мен түн теңеседі.  21 наурыз 
түнін «Қызыр түні»  деп  атаған. Бұл күні дала-
ны Қызыр ата аралайды. Қызыр – адамдарға 
бақ-дәулет, жақсылық әкеледі. Қызыр ата жерге 
түссе, тоң кеудесін жібітіп, ал тасқа түссе, тасты 
ерітіп жібереді деген аңыз бар.
Қазақтар Наурызға дейін үй ішін жуып-
тазартады. «Қызыр ата таза үйге кірсе, ол үй 
ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» 
Наурыз таңын 
қарсы алу


128
деп сенген. Ыдыстарды аққа (сүт, айран, шұбат, 
т.б.) және суға толтырған. Наурыз күні кәрі-жас 
ауыл-ауылды, үй-үйді аралап, амандасқанда:
Наурыз құтты болсын! 
Өмір жасың ұзақ болсын! 
Ұлыс бақты болсын! 
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс берекелі болсын!
Пәле-жала жерге енсін! – 
деп құттықтаған.
Ер адамдар бір-бірімен қос қолдап амандасып, 
төс түйістірген, ал әйелдер құшақ айқастырған. 
Бұл күні қар не жаңбыр жауса, «нұр жау ды, 
жаңа жыл жақсы, молшылық жылы болады» 
деп қуанған.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет