5-сынып оқушысының «Наурыз мерекесі» атты шығармасынан «Мен сіздерге Наурыз мерекесі жайлы анам мен атамның әңгімесін айтып
берейін. 22 наурыз күні жаңа жыл келеді. Бұл мейрам күні көшеде адамдар
көп, барлығы көңілді, жақсы, жаңа киімдерін киген. Адамдар бір-бірін жаңа
жылдың келуімен құттықтайды. Ақсақалдар мен жасы үлкен қадірлі адамдар
көпшілікке денсаулық, мал мен азықтың көп, молшылық, береке болуын тілеп,
тілек білдіреді.
Бұл күндері жалпы халық болып үй-үйге кіріп, басқа ауылға қыдырып,
құттықтап отырған.
Мереке күндері түрлі ұлттық ойындар өткізіледі. Мұнда бәйгені, екі жігіттің
күш сынасып жатқан күресін, екі аттының сайысын көресің. Жиналған жұрт
алдында ақындар өлең айтып, қобыз не домбырасымен өнер жарыстырған ай-
тысты көреміз.
Осындай мерекеде қыздар мен жас жігіттердің ойынын да тамашалаймыз.
Жігіт пен қыз жарыса атпен шауып келеді. Егер қызды ер жігіт қуып жетсе,
оны сүюге еркі бар, ал жетпесе, онда қыздар жігітті қамшының астына алады.
Жас жігіттер мен қыздар аттың үстінде осындай кереметтей өнер көрсетеді.
Бұны көріп тұрған басқа елден келген жолаушы қонақтар қазақ халқының
тамаша шабандоз екенін ғана көріп қоймайды, қазақ қыздарының да ер адам-
дармен қатар мерекелерде болып, тіпті әйелдерге арналып киіз үйлер тігіліп,
ұлттық тамақтар дайындалып, олардың көңілін көтеруге жағдай жасалғанына
таңырқап қалады».