§52. Қазақстандықтар Ұлы отан соғысында 1. Қазақстандықтар мәскеу үшін шайқаста. Фашистік Германия Кеңес Одағының астана-
сы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып ала-
мыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі
шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан
фашист басқыншыларын тоқтатып, өз дері қар-
сы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақ стан-
дықтардың үлесі зор болды.
1941 жылы Алматыда генерал И.В. Панфи лов
316-атқыштар дивизия
сын жасақтайды. Осы
дивизияның 28 панфиловшы-батырлары Мәс-
кеу қаласын қорғауда ерліктің өшпес үлгісін
көрсетті.
Волоколамск тас жолының маңында-
ғы маңызды жерді қорғаған 28 жауынгердің
22-сі қазақстандықтар еді. Онда түрлі ұлт адам-
дары: орыс, украин, қазақ, өзбек, қыр ғыз, тү-
рікмен де болған еді. Оның төр теуі қазақ жауын-
герлері: Н. Ес болатов, Ә. Қо жа бергенов, Ә. Қо саев, М. Сең гір баев болатын. 316-дивизия 1941
жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін
ер лікпен шайқасты. Дубосеково разъезі
маңында саяси жетекші В.Г.
Клоч
ков:
«Ресей – кең-байтақ, бі
рақ шегінерге
жер жоқ. Артымызда Мәскеу!» – деген
ұран тас тап, жауын герлерді жауға қарсы
шайқасқа жігер лендірді.
28 жауынгер басқыншылар дың 50 тан-
кісіне қарсы тұрды. Тан кілер бірінен соң
бірі жанып жатты. Батыр лардың бар лы-
ғы дерлік қаза тапты. 28 батырға Кеңес
Ода ғының Батыры атағы берілді.
1941 жылы аға лейтенант