Ыбырай Жақаев(1891–1981) – әйгілі күріш
өсіруші, Қызылорда облысының Шиелі ауда-
нында дүниеге келген.
Осы ауданның «Қызыл ту» колхозының зве-
но жетекшісі болды. Оның звеносы бекітілген
егістің әрбір гектарынан орта есеппен 80–90 цен-
т нер күріш алды. Атақты күрішші 1966 жылдан
бастап дербес зейнетке шыққанына қарамастан
еңбек жолын тоқтатпады, жастарға өз тәжірибе-
сін үйретті. Еңбегі бағаланып, Ы. Жа қаев 2 мәр-
те Социалистік Еңбек Ері ата ғын алды, орден-
дермен, медальдармен марапатталды.
Шығанақ Берсиев (1881–1944) – тары өсіру-
дің әйгілі шебері. Ақтөбе облысы Ойыл ауда-
ны «Құрман» ұжымшарының звено жетекшісі
болды. Жыл сайын Ойыл ақ тарысының саба-
ғы майысып тұрған күлте лерін таңдап, оның
ірі дәнін ғана тұқымға алып отырған. Шөлейтті
ай мақтың қиын ауа райына қарамастан, оның
звеносы тарының жақсартылған жаңа сортын
өсіру арқылы әр гектардан: 1941 жылы – 165;
1943 жылы – 201 центнер өнім жинады. Осы-
лайша тары өсіруден дүниежүзілік рекордқа
қол жеткізді.
Ш. Берсиевтің звеносы соғыстың ауыр кезін-
де майданға 49 вагон тары жөнелтті. Атақты
тары шының еңбегі жоғары бағаланып, ол екі
мәрте Ленин орденімен марапатталды.
Соғыс кезінде Ы. Жақаев, Ш. Берсиевтермен
бірге Ким Ман Сам, В.П. Кривич сияқты ең-
бекшілердің есімі бүкіл елге танылды.
Ұлы Отан соғысы қа- шан басталды? КСРО- ның аумағын карта- дан көрсет.
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері туралы не білесің?
Қазақстандықтардың тылдағы ерліктерін баянда.
Қазақстанға қандай кәсіпорындар көшіп келді?
Брест қамалын ерлікпен қорғаушылар туралы айт. Ыбырай Жақаев Шығанақ Берсиев