Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет228/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   244
Байланысты:
5 synyp

Бозоқ қалашығы. Бо-
зоқ – ежелгі қала, ша-
мамен 8-ғасырдан бастау 
алады. Бозоқ қалашығы 10– 
11 ға 
сырлар ескерткіші. 
Қала қыпшақтар дәуір-
леген 10–11 ғасырларда аса 
күш 
ті өркендеген. Бозоқ 
өңірдің әкімшілік және 
сауда орталығы, сондай-ақ 
қыпшақ билеушілерінің 
Ұлы Жібек жолы бойын-
дағы әскери тұрағы бол-
ған. Қала шығыстан 
ба тысқа  Моңғолия-Алтай-
Хазария-Бұлғария-Русия 
арқылы өтетін керуен 
жол дарының  тоғысында 
тұрған. Бозоқ қаласының 
орны 30 гектар аумақты 
алып жатыр. Қала үш 
бөліктен тұрады. Оның 
орталық бөлігі төрт бұ-
рышты махаллалар (тұр-
ғын үй орамдары) болып 
келеді. Махаллалардың 
ор та лық бөлігінде 3–4 ке- 
 сененің  қалдығы  сақ тал-
ған. Олардың бәрі күй-
дірілген кірпіштен қа-
ланған. Қаланың шет 
жағы 
нан суландыру жү-
йесі табылды. Бұл қала 
халқының егіншілікпен 
ай налысқанын 
дәлел-
дейді.  Елбасшы  Н.Ә.  На-
зарбаев: «Ортағасырлық 
Бозоқ қаласы Ақмоланың 
тікелей атасы, ал оның 
соңғы ұрпағы Астана осы 
заманғы Қазақстанның 
астанасы болып табыла-
ды», – деп атап көрсетті.


212
Қазақ халқының қалыптасуы XIV—XV ға-
сыр ларда аяқталған. 1466 жылы Қазақ  хан дығы 
құрылды.
Қазақ халқы шетелдік басқыншыларға қар-
сы өзінің азаттығы мен еркіндігі үшін әді-
летті күрес жүргізді 1723—1727 жылдардағы 
жоңғар шапқыншылығы ел аузында «Ақта-
бан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен 
қалды.
1731 жылы кіші жүз Ресей им периясының 
бодандығын қабылдады. 1734 жы лы орта жүз 
Ресейдің қоластына өтті. 
Патша үкіметі отаршылдық шараларын жү-
зеге асырып, Қазақстанды өзіне толық бағын-
дырып алды.
Патшалық Ресейдің  Қазақстанды толық 
жау лап алу саясаты шамамен екі ғасырға со-
зылды. Отаршылдар қазақтарды шұрайлы жа-
йылымдық жерлерінен құмды, шөлейт ау дан-
дарға ығыстырды. 
Ашу-ызасы шегіне жеткен қазақтардың отар-
лық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстары 
басталды. Бұл қозғалыстарды Сырым Датұлы, 
Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы, 
Кенесары Қасымұлы және басқа қайраткерлер 
басқарды.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ 
халқының асыл ұлдары Ыбырай Алтынсарин, 
Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлихановтардың 
 
ағар ту шылық  қызметтері  басталды. 
X–XII ғасырлардан Қазақстан аумағында ірі 
архитектуралық ғимараттар тұрғызыла баста-
ды. Ислам дінінің нығаюына байланысты діни 
кешендер: мешіт, кесене, мазар, монша салу 
ісі дамыды. Ғылым мен білімнің дамуына жол 
ашылды. 
Қожа Ахмет Йасауи – ислам дінін таратушы, 
әйгілі ақын және философ. Қожа Ахмет Йасауи 
кесенесі XIV—XV ғасырдағы сәулет өнерінің та-
маша туындысы. 
1.  Қай қала бұрын 
Қазақстанның  
астанасы болды?
а) Ақтау
ә) Қызылорда
б) Семей
2.  Елордамыз қай  
жылдан бастап  
Астана деп аталады?
а) 1992 ж. 10 мамыр
ә)  1993 ж. 6 мамыр
б)  1998 ж. 6 мамыр


213
Наурыз –  адамдарды біріктіретін береке мен 
бірліктің мерекесі. 
Өнер – ауқымы кең ұғым. Өнер көп сала-
лы. Шешендік өнер соның бір түрі. Қазақтың 
шешендік өнері ауыздан-ауызға тарап, түрлі 
айтушының еркімен өңделіп, өзгертілген ха-
лықтық мұра. Қазақ шешендері мен билері: 
Төле, Әйтеке, Қазыбек, Асанқайғы, Жиренше, 
Бөлтірік және басқалары қалдырған шешендік 
сөздер мәңгілік өшпес мұрамыз.
Музыка адамның жан дүниесіне, көңіл күйі - 
не, сезімі мен ерік-жігеріне әсер етеді. Күй – 
қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық 
музы калық  жанры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет