17
Құндық
бағыттық әрекет түрін көбіне тану әрекетімен шатастырады.
Бірақ олардың арасында айырмашылық бар. Тану мақсатынақты
бар табиғи
және әлеуметтік құбылыстарды объективті көрсету. Құндық бағыттық әрекет
мақсаты осы құбылыстардың адамға деген маңызын орнату, оған баға беру.
Құндық бағыттық ірекет саласындағы сервис жарнама, сараптама,
психодиагностика,
имиджмейкер қызметі, сурет рәсімдеу әрекеті, діни
сипаттағы әрекет арқылы жүзеге асады.
Коммуникативтік әрекет жеке адамдар және (немесе) ұйымдар арасында
қатынасуды (коммуникацияны) қйымдастыру. Бұл бағытқа презентация,
кездесу, конференция,
көрме ұйымдастыру, Интернет арқылы сөйлесу, бір
тілден, екінші тілге аудару, психологиялық тренингтер жатады.
Сервис – қажеттілік ретінде. Кез-келген қызмет көрсету әрекеті
тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Қажеттілік өте
күрделі құрылымды. Онда екі басты компонент- объективтілік пен
субъективтілікті атап көрсетуге болады.
Қажеттіліктегі объективтілік – бұл
адамның сыртқы табиғи және
әлеуметтік ортадан және оның организмінің қасиеттерінен нақты тәуелділік.
Бұған ұйықтау, тыныс алу, тамақтану және басқа негізгі биологиялық
қажеттіліктер және басқа да күрделі әлеуметтік қажеттіліктер жатады.
Қажеттіліктегі субъективтілік – субъектпен анықталатын, оған тәуелді,
қажет нәрсе. Субъективті компонент – адамның
объективті қажеттіліктерін
түсіну.
Қажеттіліктің объективті және субъективті компоненттерінің арасындағы
байланысты ескеріп, мынандай анықтама беруге болады.
Қажеттілік – қолда бар және қажеттілік арасындағы қарама-қайшылық
негізінде құрылатын және осы қайшылықты жоюға әрекет етуге итермелейтін
адам күйі. Сервис қызметі осы қайшылықты шешу әдісінің бірі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: