Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Қонақ үй-туристік кешен сервисі



Pdf көрінісі
бет13/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

2.2. Қонақ үй-туристік кешен сервисі
Қонақ үй-туристік кешен сервисі орналастыру секторынан, туристік 
қызмет көрсету секторынан, тамақтануды ұйымдастыру секторынан, 
саудалыққызмет көрсету секторынан, көлік секторынан, ойын-сауық, бос 
уақыт, спорт және т.б. секторлардан тұрады.
Қонақтарды орналастыру секторы уақытша тұру және қосалқы 
қызметтерді (тамақтану, тұрмыстық қызмет, ойын-сауық және т.б.) ұсынатын 
кез-келген объектілер болып табылады. Негізгі орналастыру орындары қонақ 
үйлер болып табылады, олар әрт үрлі типті және категориялы нөмірлік қордан 
тұрады және белгілі бір міндетті және қосымша қызметтер тізімін ұсынады.
Нақты жабдықталуы мен ұсынылатын қызметтер түріне байланысты кең 
профилді қонақ үйлер, пәтер типті қонақ үйлер, мотельдер, жол бойындағы 
қонақ үйлер, курорттық қонақ үйлер, тұруға болатын клубтар және т.б. болып 
ажыратылады. 
Тамақтану секторы үш негізгі белгі бойынша ерекшеленетін тамақтану 
кәсіпорындарынан тұрады: 
- белгілі бір әрекетке қатыстылығы; 
- негізгі әрекетке қатысу түрі бойынша; 
- аспаздық өнімдерді өндірудегі рөлі бойынша. 
Тамақтану кәсіпорындарының кәсіби қызметі тағам даярлау және өткізу 
болып табылады. Тамақтану кәсіпорындарының құрылымына қосалқы 
шаруашылықтар, сауда орындары және т.б. кіруі мүмкін.
Біздің елімізде тамақтану кәсіпорнының негізгі типі тағам шикізатын 
толық өңдеу циклды кәсіпорындар болып табылады. Толық емес 
технологиялық циклды тамақтану кәсіпорындары прогрессивті болып 
табылады. Олардың өндірістік циклы қысқа болғандықтан өндірілетін тағамдар 
ассортименті 
мен 
көлемін 
кеңейтуге 
мүмкіндік 
береді. 
Бұндай 
кәсіпорындардың бірқатары тағамдарды даярлаудың бастапқы кезеңдеріне 
және жартылай фабрикаттар даярлауға маманданған, сл басқа кәсіпорындар 
аспаздықөнімдер мен жартылай фабрикаттарды қосыма өңдеумен айналысады. 


21 
Сонымен қатар тамақтану кәсіпорындары қосымша белгілер бойынша 
ажыратылады: 
- басқару байланысы бойынша (тізбеке біріккен кәсіпорындар); 
- жеке кәсіпорындары; 
- қызмет көрсету әдісі бойынша; 
- қызметтер сипаты мен көлемі бойынша; 
- аспаздық түрі бойынша; 
- жұмыс істеу тәртібі бойынша және т.б. 
Қонақжайлық индустриясының саудалық қызмет көрсету секторы 
тұтынушыларға азық-түлік және өндірістік тауарлардығ; сусындардың; 
дәрілердің, сыйлықтар мен сувенирлердің кең ассортиментін, кітаптар, 
журналдар, жағажай және курорт саймандарын және т.б. ұсынатын бөлшек 
сауда орындары желісінен тұрады. Тауарларды тұрақты сауда орындары 
арқылы да, жылжымалы сауда желілері арқылы да өткізіледі.
Бөлшек сауда орындары қонақ үй кәсіпорнының құрылымына кірмейді, 
олар өз әрекетін жалға алынған аудандарда өзіндік шаруашылық бірлік ретінде 
жүзеге асырады. Бұл арнайы білімді, қойма шаруашылығының болуын, білікті 
кадрларды, оңтайлы құрылған тауар ассортиментін қалыптасыруды қажет 
ететін бөлшек сауданың технологиясы мен ұйымдастырудың ерекшеліктеріне 
негізделген. Бірақ өзіндік әрекет қонақ үй клиенттеріне толық қызмет 
көрсетуіне ықпал етеді.
Көлік секторы қонақ үй тұрғындарына әртүрлі көліктік қызметтерді 
ұсынады. Туристер барлық көлік түріне билеттерге алдын-ала тапсырыс бере 
алады және сатып ала алады. Бұл көлік ұйымдары, туристік агенттілік пен 
қонақ үй арасындағы тығыз іскерлік байланыстардың орнатылуына негізделген. 
Сонымен қатар көлік секторы автокөліктерді жалға алу, аэропортқа, вокзалға 
дейін әртүрлі көліктермен жеткізумен айналысады. Көліктік қызметтің іскерлік 
туризм мен конгресс-туризм саласында жұмыс істейтін тұлғалар үшін аса 
маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет