Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Қызметтер сапасының қажетті деңгейін анықтау



Pdf көрінісі
бет28/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   101
Қызметтер сапасының қажетті деңгейін анықтауда ғимараттың өзінде 
және оған қатысты территорияда не жасалу қажеттілігі туралы бағалар мен 
қорытындылар жасалады. Қонақ үйде орнатылатын техникалық жабдықтар 
анықталады (жарықтандыру, энергоқамсыздау, сумен қамсыздау, жылыту 
жүйесі, лифттер, теле және радио, телекоммуникациялық байланыс және т.б.). 
Сонымен қатар нөмірлік қор шамасы мен құрылымын, соның ішінде нөмірлер 
типі мен санын, әрбір типті нөмір ауданын, нөмірдегі дәретхана ауданы мен 
құрылымын анықтау керек.
Сонымен қатар әрбір нөмірді жиһазбен, тұрмыстық және аудиобейне 
техникамен, тоқыма және декормен, байланыс құралдарымен және т.б (FF&E-
Furniture, Fixtures & Equipment, яғни жиһаз, аксессуарлар және жабдықтар деп 
аталады) жабдықтау қажет.
Нөмірлер мен қабаттардағы дәліздерден кейін болашақ қонақ үйдің 
тамақтану бөлмелерін ұйымдастыру керек. Қонақ үй нөмірлері мен қонақ үй 
территориясында не ұйымдастырылу қажеттілігі шешіледі: кафе немесе 
мейрамхана, бір немесе бірнеше; лобби-бар бола ма; нөмірде мини –бар бола 
ма, барлық көмір категориясында бола ма және т.б. Сонымен қатар «room 
service» қызметінің қажеттілігі қарастырылады.
Бөлім соңында әкімшілік, техникалық және өндірістік бөлмелер ескеріледі. 
Қосалқы бөлмелерді орналастыру үшін табыс алу көзқарасы жағынан 
тартымсыз және персоналдың кіруіне ыңғайлы және персоналдар мен 
клиенттер ағынының логистикасы ескеріліп орналасуы керек.
Концепцияны құрастырудың келесі кезеңі – қызмет көрсету 
технологиясы мен қонақ үй табыстылығының әр түрлі көздері бойынша 
тарифтік саясат саласындағы ұсыныстар. Нөмірлік қор – қонақ үйдің негізгі 
және ең табысты қызметі. Оларды майсым ауытқулары мен клиенттердің 
мақсатты категорияларына қатысты толық қарастыру керек. Қарастыру 
нәтижесі барлық тарифтер базалық баға матрицасы (Rack, FIT, Corp, Travel), 
сонымен қатар ARR (average room rate), revPAR (Revenue per Average Room) 
деңгейі және жылдық өзгерістері ескеріліп қонақ үйдің орташа жылдық 
жүктемесі болып табылады. 
Концепцияның ақпаратты бөлімі – қаржылық жоспар юолып табылады. 
Есептеулер қаржылық жоспарлау және есеп беру стандарттары негізінде, 
мысалы USALI (Uniform System of Accounts for the Lodging Industry) сияқты 
стандарт негізінде жүргізіледі.Қонақ үйдің жалпыланған бюджетінің табыс 
бөлімін әрбір табысты көздерден түскен түсімін көрсетеді. Әрбір бөлім 
бойынша операциялық шығындардың қорытынды сомасын қонақ үйдің жалпы 
операциялық шығындарын құрайды. Түсімдер мен операциялық шығындардың 
айырмасы қонақ үйдің операциялық табысын береді. Қонақ үйдің нөмірлік 
қорын қолданудан түскен жалпы түсім клиенттердің әртүрлі категориялары 


48 
бойынша нөмірлерді тарату мен қонақ үйдің орташа жылдық жүктемесінің 
пропорциясын ескеріп, ADR (Average Daily Rate) негізінде есептелу керек.
Операциялық шығындар ішіне жалақы мен персонал бойынша міндетті 
қаржы есептемелері; персонлмен байланысты басқа да шығындар; жөндеуге 
кеткен шығындар; нөмірлік қордағы аксессуарға шығындар (сусабын, сабын, 
нөмірдің безендірілуі және т.б.); жақтас ұйымдардың келісімдегі қызметтерге 
шығындар; кір жуу мен тазалау шығындары; алдын-ала тапсырыс беру және 
басқалары кіреді. Тамақтану бөлігінде қонақ үй бюджетінің есебі нөмірлік қор 
бюджетінің септі статистикалық мәліметтеріне негізделу керек және 
маусымдылық ескерілу керек. Нөмірлік қордың жүктелуі нәтижесінде мысалы, 
нөмірлерді сату кезінде өткізілген таңғы астар мөлшері есептеледі. Тамақтану 
кешенінің операциялық шығындары тағамдар мен сусындар құнынан; жалақы 
мен персонал бойынша міндетті есептемелер; персоналмен қатысты шығындар; 
шығын материалдарына шығындар; фарсор, шыны, ас аспаптары мен тоқыма; 
жақтас ұйымдардың келісімдегі қызметтерге шығындар және басқалары кіреді. 
Осыған 
ұқсас 
есептемелер 
қонақ 
үйдің 
барлық 
табыс 
көздері 
бойыншажүргізіліп, қонақ үйдің жинақтық бюджеті есептелу керек.
Концепцияның қорытындысында құрылатын бизнестің құнын бағалау 
бөлімін қарастыру керек. Бұнда нысанның шекті құнын анықтау керек, ол 
пайданың өсуі ескеріліп, нысанның негізделген құны болып табылады. Бұл 
сома нысанның сатылу құнын бейнелейді және оның әрекетінің негізгі 
көрсеткіштері бойынша қалыптасады.
Концепцияны құру нәтижесінде құрылыстың барлық маңызды 
шығындарын азайтатын, екінші жағынан шағындарды, соның ішінде 
материалды және бизнес-жоспарды құру уақытын азайтуға мүмкіндік береді.


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет