Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


МЕЙРАМХАНА ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ СЕРВИСІНІҢ



Pdf көрінісі
бет29/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

4. МЕЙРАМХАНА ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ СЕРВИСІНІҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ 
Мейрамхана және қонақ үй сервисінің психологиялық мәдениеті
жоғары мәдениетті қызмет көрсету мақсатында тұтынушылардың жеке 
психологиялық ерекшеліктерін ескеру үшін Мейрамхана және қонақ үй 
жұмысшыларының психологиялық білімдері, тәжірибесінің даму деңгейі. 
 
4.1. Психология туралы жалпы түсінік 
 
Психологияадам психикасын, оның туындау және даму заңдылықтарын 
зерттейтін ғылым. Психология – адам психикасын, оның ішкі дүниесін 
зерттейтін ғылым. Адам психикасы – шынайы әрекеттің, яғни қоршаған орта 
бейнелері, сезім мен ойлар, қажеттіліктер, ымдар, қимылдардың психикалық 
бейнесі. 
Психика- психологияның маңызды заты-сырттай мимикада, қозғалыста, 
әрекетте, мінез-құлықта, іштей- күйзелісте, сезімде, қалауда, ойлауда көрінетін 
адамның рухани әлемі.
Психологтардың айтуынша барлық әрекеттер, ымдар, мимика, сезімдер 
және ойлар, қоршаған шынайылық белгілері адам миының жұмысы әрекеті. Бұл 
әрекеттің мәні сезіну, ойлау, сезім түрінде қоршаған шынайы сезімді адекватты 
психикалық бейнелеуден тұрады.
Психикалық бейне – күрделі, активті үрдіс. Оның жүру барысында 
қоршаған ортаның сыртқы әсерлері ішкі рухани әлем арқылы өтеді. Әрбір адам 
қоршаған нақтылықты өздігінше қабылдайды, оның нәтижесінде психикалық 
бейнелер туындайды. Сондықтан психика объективті әлемнің субъективті 
бейнесі деп саналады. Барлық психикалық құбылыстардың субъективті тегі 
бар. 
Психикалық әрекет негізін жүйке жүйесінде жүретін психикалық үрдістер, 
тұлғаның психикалық қасиеттері (белгілері) мен оның күйлері құрайды. 
Психология психикалық құбылыстардың үш түрін бөледі: психикалық 
(тану) үрдістер, психологиялық күй және психикалық қасиеттер. 
Психикалық (тану) үрдістер өз құрамында сезімнен, қабылдаудан
қиялдан, назардан, ес, ойлау, сөйлеу сезімдерінен тұрады. Бұл үрдістер әрбір 
адамда дербес. Кез-келген адам сезімдердің әр түріне ие. Біреуінде есту сезімі, 
екіншісінде көру сезімі жақсы дамыған. 
Адамның 
психикалық 
күйі 
(шаршау, 
белсенділік, 
қанағаттану, 
қанағаттанбау) психикалық үрдістер жүру жылдамдығы мен психикалық 
қасиеттер ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл күйлер қысқа мерзімді немесе ұзақ 
мерзімді болуы мүмкін.
Психикалық қасиеттерде адамның әлеуметтік мәнімен қатар, рухани 
(ішкі) дүниесінің мазмұны көрінеді. Тұлғаның психикалық қасиеттері – 
адамдарды бір-бірінен ерекшелендіретін маңызды және тұрақты психикалық 
ерекшеліктер. Мұндай қасиеттерге темперамент, мінез, қабілет, еңбекқорлық, 


50 
мүдде және қажеттіліктер жатады. Психикалық қасиеттерді білу даяршы, 
метрдотель, барменнің тұтынушылармен сөйлесу тактикасын таңдауда алғы 
шарт болып табылады.
Байланыс аймағы жұмысшыларының еңбегі өзіндік сипатқа ие. Мысалы, 
даяршы, тұтынушарға қызмет көрсету барысында үнемі психикалық 
қоздырғыштар әсерінде болады. Олар мидың сараптамалық-синтетикалық 
әрекеті нәтижесінде туындайды, сонымен қатар ағзаның физико-химиялық 
ортасында құрылады. 
Адамның тәжірибелік қызметінде оған тәне психикалық үрдістер, 
қасиеттер және күйлер өзара байланыс пен өзара әсер етуде туындалады. Бір 
псиихикалық құбылысты бұл жиынтықтан бөліп алу шартты түрде жүргізіледі 
және материалды жақсы сіңіру үшін теориялық мақсатта жасалады.
Қоздырғыш – әртүрлі ақпараттан тұратын, көптеген қоздырғыштарды 
қабылдайтын, ағзада туындаған барлық үрдістер мен құбылыстардың стимулы. 
Бұл ақпарат жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейінде өңделеді. Ағзаға түсетін 
қандай да бір ақпарат тек бір ғана физиологиялық үрдіс – қозумен келтірілген. 
Бұл үрдіс қозу қабілеті, яғни әртүрлі қоздырғыштар әсерінен қозған күйге өту 
қасиеті бар жүйке немесе бұлшық тіндерінен тұратын барлық мүшелерде 
туындайды. Қозатын тіннің бір жерінде туындап қозу басқа жерге өтіп, бір 
мүшеге немесе оның бөлігіне тарайды; мүше қозу әсерінен әрекетке түседі. 
Қозу үрдісін құрайтын жүйке импульстарының белгілі бір жиілігі бар. 
Импульстар бірдей уақыт аралығы арқылы туындап, жиілеуі мүмкін немесе 
сирейді. Туындаған жүйке импульстарында әрекет ететін қоздырғыш туралы 
ақпарат болады. Адамның жүйке тіндері жүйке импульстарын қабылдайды, бұл 
жүйке орталықтарының таңдау реакциясын негіздейді. 
Қызмет көрсететін жұмысшылар жұмысында маңызды рөл атқаратын тағы 
бір үрдіс тежелу үрдісі болып табылады. Бұл күрделі биологиялық үрдіс, ол 
қозған мүше немесе оның элементтері әрекеттерін азайтады және тоқтатады. 
Тежелудің таралу қабілеті жоқ және туындау жерінде қалады, яғни жергілікті 
сипатқа ие. 
Тежелу – қозуға кері үрдіс. Толығырақ айтқанда тежелу – әрекетті 
азайтуға, басуға немесе толық жоюға алып келетін орталық жүйке жүйесіндегі 
белсенді үрдіс. Тежелуге байланысты адам өз ағзасы әрекетін рационалды 
басқарады. Тежелу реакциясы болмаса, адамдар сырттан келетін әрбір 
қоздырғышқа реакция болатын хаосты қозғалыстар жасайтын еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет