Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана концепциясын өзгерту



Pdf көрінісі
бет25/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101
Мейрамхана концепциясын өзгерту. Құрастырылған концепцияны 
жүзеге асырған соң, ақтамаған жағдайлар болады, немесе белгілі бір уақыттан 
соң ескіреді. Егер мейрамхана бастапқыда сол уақытқа сай сұраныс 
тенденцияларына бағытталған және негізделген жағдайда болуы мүмкін. 
Әдетте, бұндай жағдайларда мейрамхананың даму стратегиясында бұндай 
өзгерістер мүмкіндігі қарастырылады және мейрамхананың ары қарай бизнес 
ретінде даму нұсқасы қарастырылады. Бұл кезде концепцияны ауыстыру
мейрамхананы сату, мейрамхананы жабу, сол концепцияға «адал» клиенттер 
арасында мейрамхананы алға жүргізу жөнінде арнайы шаралар және т.б. 
қарастырылу мүмкін. Кейде концепцияны ауыстыру – мейрамхананың батпай 
жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін жалғыз шешім болып табылады. Белгілі бір 
мағынада бұл басқа мейрамхана болады. Оған жаңа идея негізделеді, жаңа 
концепция құрастырылады. Кейде орналасу орнынан басқа мейрамханадан 
онше ешнәрсе қалмайды. Бұл аса орасан мәселе. Сәтті немесе сәтсіз 
мейрамхана болса да, ол белгілі бір ортада танымал болып қалған. Онда болған 
немесе естіген адамдарда белгілі бір ойлары қалыптасқан. Кез келген жағдайда 
да, бұрынғы мейрамхана имиджі біршама уақыт бойы мейрамхананың жаңа 
концепциясының соңында жүреді.
Кейбір жағдайларда мейрамхана идеясы ретінде қызықты тақырып 
таңдалады. Бірақ оны жүзеге асыруда біршама қателіктер жіберілген. Яғни, 
мейрамхана концепциясының әртүрлі құрамдас бөліктері ешқандай жоспарсыз 


42 
жасалғандай әсер қалады. Нәтижесінде сыртқы жәні ішкі рәсімдеу 
элементтерінің көзге көрінетін дисгармониясы, мзыкалық бағдарламаның 
кәсіпорын рухы мен стиліне сәйкес келмеуін бақылауға болады. Бұндай 
дисгармония тұтынушылардың көңілінен шықпайды да, олар мейрамханадан 
кетеді немесе мейрамхана өз шығынын өзі өтеу деңгейіне де шыға алмайды. 
Бұл жағдайда концепци қажетті түрде «құрастырылмау» ықтималдылығы бар. 
Яғни, мейрамхана идеясы ықтимал тұтынушылардың мейрамханада қалй болу 
керек және қалай жүргізілу керек деген дәстүрлі ойларынан күрт ауытқып 
жүзеге асырылған. Бұл мәселені көбіне косметикалық өзгерістер енгізіп 
шешуге болады. Мүмкін қызмет көрсету деңгейін өзгерту қажеттілігі 
туындалады. Алғашқы қарағанда маңызды емес бөлшектер де мейрамхана 
атмосферасының ішкі тартымдылығының тұрақсыздық факторы бола алады. 
Ал тәжірибе жүзінде бұл клиенттерді жоғалту және табысты жоғалту дегенді 
білдіреді.
Бір нәрсені өзгерту үшін алдымен нені өзгерту қажет екенін анықтау керек. 
Мейрамхана әрекетінің диагностикасын жүргізу қажет. Барлық дерлік құрамдас 
бөліктер мен оларға тұтынушылардың қатынасы зерттеледі. Тағамдар бағасы
сапасы, қызмет көрсету, безендіру, музыкалық бағдарламалар,персоналмен 
басқару құрылымы, мейрамхана атмосферасы зерттеледі. Кейбір жағдайларда 
ауқымды зерттеулер жүргізу қажеттілігі туындамайды. Кейде мейрамхана 
мәселелерін сарапшы-кеңесші бір келгеннен айқындай алады, бірақ жұмысшы 
гипотезаны (сарапшының мейрахана әрекетінің нақты осы секторында әселенің 
болуы туралы гипотезасы) растау үшін объективті ақпарат қажет. Оны тек 
мейрамхана әрекетін маркетингтік диагностикалау ғана бере алады.
Концепцияны толықтырып, бір қорытындыға келтірген жағдайда да уақыт 
әрқашан мейраханаға қарсы жұмыс істейді. Мысалы мейрахана жаңа түрге еніп, 
өз клиенттері алдында жаңа жағынан көрінуге дайын. Бірақ бұрынғы және 
мүмкін жоғалған келушілер мейрамхананың жақсы жағынан өзгергеніне сенуі 
өте қиын. Бұл тек мейрамханаға келіп көруі кезінде ғана жүзеге асады.
Мейрамхананың қайта туындауы туралы өте қысқа уақытта дүр сілкіндіріп 
білдіру керек. Мысалы, БАҚ өкілдерін шақырып презентация жүргізу, интернет 
басылымдар және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет