Шаршау сезімі және оны жою жолдары. Кең мағынада шаршау деп
белгілі бір жұмыс нәтижесінде туындаған күштің уақытша төмендеуін айтады.
Оның бірнеше түірн ажыратады: физиологиялық шаршау – кейбір
физиологиялық функциялардың бұзылуымен сипатталады, ол өндіріске онша
көп әсер етпейді; психологиялық шаршау – шаршаудың субъективті сезімімен
сипатталады; өндірістік шаршау – өндірудің төмендеуімен, өнім сапасының
нашарлауымен сипатталады. Адам организмінің шаршауы – орталық жүйке
жүйесі және мидың үлкен жарты шарлары әрекетімен реттелетін күрделі
құбылыс.
Жұмыс істеу барысында адам физикалық шаршауды сезінеді. Бірақ
бұлшықтардың шаршауы ағзаның күрделі үрдісінің бір бөлігін ғана құрайды.
Шаршау ең алдымен ми әрекетімен: жүйке тіндерінің жұқаруы,
координацияның бұзылуы, шаршау даму кезінде тежелу үрдісінің жиі
қосылуымен байланысты.
И.П. Павлов көптеген тәжірибелер нәтижесінде адам ағзасының маңызды
ерекшелігін – жұмыс істеу қабілетінің шегін орнатты. Адам ағзасының
әрекетінде энергетикалық заттарды үздіксіз қолдану белгілі бір шектермен
шектелген. Үздіксіз жұмыс істеу кезінде мидың тіндері энергетикалық
заттардың қатаң мөлшерін қолдана алады. Энергетикалық заттарды тұтыну
мүмкіндігі жұмыс істеу қабілеті деңгейін анықттайды. Ағзаның энергетикалық
ресурстар шығынының критикалық сызығынан кейін уақытша шаршау сезімі
басталады және оның нәтижесінде жұмыс істеу қабілеті төмендейді.
Кез келген өндірістік әрекет жүйке импульстарның үлкен мөлшерімен
қатар жүреді. Энергияның аса шығындалуын болдырмау үшін адам ағзасында
тежеу болгы бар. Ол қажетті сәтте белгілі бір жұмыс мүшесіне бағытталған
жүйке импульстары ағынын өшіреді. Нәтижесінде адам ағзасы басқа әрекетке
ауысып, мидың басқа тіндерін қолданады. Әрекеттңғ ауысуы салдарынан
шаршау сезімі жоғалады. Функционалды жүйенің қалпына келуі жүреді.
Кейде адам шаршау сезіміне қарамастан бір жұмысты жалғастыра береді.
Бірақ жұмысты жалғастыру үлкен энергияны қажет етеді. Энергия болмаған
соң, ағза басқа мақсаттарға арналған (мысалы, ақуыздың жаңару үрдісін
қамтамасыз ету, жүйке тіндерін оңтайлы тәртіпте ұстау және т.б.) энергияны
жұмсай бастайды. Шаршау сезімін жүйелі ескермеу ағзаға қауіп төндіреді.