Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет42/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

темперамент 
типі 
жоғарғы жүйке 
жүйесі типі
жүйке үрдістері ерекшеліктері 
күші 
ұстамдылық қозғалғыштығы 

холерик 
ұстамсыз 
күшті 
ұстамсыз 
аса қозғалмалы 

сангвиник 
тірі
күшті 
ұстамды 
қозғалмалы 

флегматик 
тыныш
күшті 
ұстамды 
инертті 

меланхолик
ақырын
әлсіз
ұстамсыз 
эмоционалды-тежеулі 
«Жүйке қызметінің типі» мен «темперамент» түсінігі синоним емес, бір 
түсінік емес. Бірінші түсінік физиологиялық, екіншісі – психологиялық. 
Адамның жүйке жүйесінің типі оның темпераментінде көрінеді.
Қонақ үй немесе мейрамханаға келушілердің тәртіп ерекшелігін 
қарастырайық. Бұл байланыс аймағы жұмысшысына қонақтың индивидуалды-
психологиялық ерекшеліктерін дәл анықтауға және соған сәйкес қызмет 
көрсетудің рационалды тактикасын таңдауға мүмкіндік береді.
Сангвиник – еті тірі, белсенді, өз-өзін ұстай алатын адам. Көпшіл, 
айналасында өтіп жатқан құбылыстарға жеңіл және тез көңіл аударады. 
Әсерлерінің жиі ауысуына ұмтылады, ұзақ уақыт күдіктенбейді. Шешімдерді 
тез қабылдайды. Оның қозғалыстары айқын, әртүрлі, сөйлеу қарқыны тез. 
Ымдарға бай. Көңіл күйі әдетте сергек және көңілді.
Қолайсыз жағдайларда бір нәрсеге көңіл бөлмейді, шашыраңқылық, үстірт 
қатынастар байқалады. Оның жүзінен оның көңіл-күйін, қоршаған адамдарға 
қатынасын және ұсынылатын өнімге (қызметке) қатынасын оңай анықтауға 
болады. Онымен табысты өзара қатынастар орнату қиын емес.
Холерик 
психологиялық 
белсенділігінің 
жоғары 
деңгейімен, 
энергетикалығымен, ұстамсыздығымен, күрт әрекеттерімен ерекшеленеді. 
Холерик тәртібі көбіне ұстамсыз. Вспыльчивость, қозуға жақын, өз-өзін ұстай 
алмайды, өз эмоцияларын, әсіресе даулы жағдайларда бақылай алмайды. 
Мнителен, ренжігіш, бірақ өкпесі тез қайтады. Онша көп көңіл бөлмей, 
шешімдерді тез қабылдайды. Қозғалыстары мен қимылдары жылдам, күрт, 
ымдары айқын. Өз сөздеріне шашалғандай тез сөйлейді. Көңіл күйі сергек, 


70 
бірақ тез ауысып тұрады. Көңіл күйінің жиі ауысуы тән. Қатынасқа жеңіл 
түседі, өз ойын батыл айтады.Оған ақырын және тыныш қарқынды қызмет 
көрсету ұнамайды.
Флегматик 
ақырындылығымен, психикалық белсенділігінің төмен 
деңгейімен ерекшеленеді. Сырттай өз эмоционалды күйін әлсіз білдіреді. 
Тәртібі әдетте салмақты. Ұстамдылықпен, төзімділікпен, өз-өзін ұстай алуымен 
ерекшеленеді. Оны өз-өзінен шығаруға қиынға соғады. Көпшіл, бірақ 
байланысқ түскен кезде бірқатар қиындықтары туындайды. Қималдыры бір 
сарынды, мимикасы сараң. Сөйлеу мәнері баяу. Көңіл-күйі әдетте бірқалыпты, 
тұрақты.
Тапсырыс туралы шешім қабылдау үшін белгілі-бір уақыт қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет