Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет40/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Тұлға бағыттылығы. Тұлға бағыттылығы деп оның қоршаған ортаға 
таңдау қатынасын анықтайтын тұрақты мотивтер жиынтығын айтады. Мысалы 
қонақ үй немесе мейрамхананың қызмет көрсету персоналының кәсіби 
бағыттылығы 
көбінесе 
оның 
құндық 
бағыттарымен, 
адамдарға 
қызығушылығымен, жұмысқа берілуімен, психологиялық қырағылығы мен 
бақылағыштығымен, төзімділігімен және т.б. анықталады.
Тұлға бағыттылығында өте маңызды орынды оның мақсаты, яғни белгілі-
бір әрекеттерге дайындығы маңызды орын алады. Ол көбінесе адам өз 
қызметтерін орындау барысында өзінің кезекті жасайтын қадамының қысқаша 
бағдарламасы түрінде көрінеді.
Толығырақ түрде тұлға бағыттылығы қажеттілігі мен мүдделерінде 
көрінеді. Қажеттілік шынайы құрылатын адам күйі, ол оның өмір сүруіне 
қажетті әрекеттерде көрініс табады. Қажеттіліктер адамның өмірде ұстанған 
жолы мен белсенділігі болып табылады. Қажеттіліктер материалды және 
рухани болады.
Мүдде деп белгілі-бір қажеттілік объектісінде адамның мақсатты ұзақ 
мерзім көңіл бөлінуі аталады. Адам мүддесінде оның адамдарға, оқиғаларға 
және заттарға қатынасы айқын көрінеді. Мысалы, белгілі-бір тағам адам 
қажеттілігіне сай келсе оның қызығушылығын тудырады.
Қабілеттер. Қабілет деп белгілі-бір әрекеттің орындалу табыстылығын 
анықтайтын тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін айтады.
Қабілеттер екі топқа бөлінеді: 
 жалпы, кез-келген әрекет түрін меңгеру кезінде қажет (еңбекқорлық, 
табандылық, байқағыштық және т.б.); 
 арнайы, белгілі-бір кәсіпті оқу барысында қажет. 
Мысалы, қонақ үй немесе мейрамхана байланыс аймағы жұмысшыларына 
коммуникативтілік, бақылағыштық, әдептілік, қонақ тілегін түсіну, қызмет 


66 
көрсету нәтижесін алдын-ала пайымдау және т.б. сияқты арнайы қабілеттер 
керек.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында жемісті қызмет көрсету осы 
үрдіске қатысатын тұлғалардың қабілетінің даму деңгейімен анықталады. 
Қабілет туралы айтқанда, көбіне белгілі бір нәрсеге, математикаға, әдебиетке, 
бейнелеу өнеріне, музыкаға, құрылысқа қабілетін айтады. Кез келген қабілет 
белгілі бір әрекетке қабілеті деген сөз. Қабілет – нақты әрекет түріне қажетті 
білімдерді, дағдыларды және ептілікті меңгеру жетістігін анықтайтын тұлғаның 
индивидуалды психологиялық қасиеті. Қабілет адамға туа берілмейді, ұрпақтан 
ұрпаққа таралмайды. Қабілетті түсіну үшін жүйке жүйесінің типін, сонымен 
қатар ми құрылымының ерекшелігін білу аса маңызды. Олар басқа да қосымша 
артықшылықтардың дамуына, ал одан кейін белгілі бір әрекетке қабілеттің 
дамуына әсер етеді. Қосымша артықшылықтар тек анатомо-физиологиялық 
қасиетті емес, психофизиологиялық қасиеттерді, соның ішінде адамда белгілі 
бір әрекетті меңгеру басында туындайтындарын қарастыру керек. Қабілеттің 
қалыптасу үрдісінде мида түзілетін уақытша жүйке байланыстары аса маңызды. 
Әсіресе шартты рефлекстердің түзілу және тұрақтану тездігі, тежелу 
реакцияларының түзілу және тұрақтану үрдістерінің тездігі, динамикалық 
стереотиптердің өзгеру жеңілдігі маңызды рөл атқарады. Бұл факторлардың 
барлығы жаңа білімдер, ептілік және дағдыларды меңгеруге ықпал етеді. 
Қабілеттің дамуы үшін сәйкес қосымша артықшылықтар қажет. Мысалы, аспаз 
кәсібі үшін көру сараптаушыларының қасиеттері (пропорция, түсті нақты 
анықтау), жақсы көзбен көріп, есте сақтау аса маңызды. Өздігінен қосымша 
артықшылықтар қабілеттің туындауы мен дамуы дамуы туралы мәселені 
шешпейді. Азық-түлік тауарларын тану, тағам даярлау технологиясы, 
тамақтану физиологиясы туралы білімдер қажет. Кәсіп негіздерінің терең 
білімдері болғанда ғана қосымша артықшылықтардың дамуы мүмкін. Айқын 
қосымша артықшылықтар тек оқу және еңбек ету үрдісінде ғана қабілетке 
айналуы мүмкін. Еңбек әрекеті белгілі бір қабілеттің қарқында дамуына ықпал 
етеді. 
Қосымша артықшылықтардың және қабілеттің дамуы әрекет ету 
жағдайында, білім, ептілік, дағдыларды қарқынды меңгеру жағдайында ғана 
жүзеге асады. Қабілеттердің болуы тезірек және салыстырмалы жеңіл түде 
білім мен ептіліктерді меңгеруге ықпал етеді. 
Кәсіби қабілет – кәсіпті орындау мен жетілдіруде табыс алып келетін 
психикалық қасиеттер жиынтығы. Көптеген адамдарда белгілі бір кәсіби 
әрекетке табиғи қосымша артықшылықтар түрінде алдын-ала қалыптасулар 
бар. Барлық қосымша артықшылықтар қабілетке айналмайды. Қосымша 
артықшылықтар дамуы үшін жағдайлар қажет. Өз қабілетінің дамуы үшін 
қатты мінез қажет. Әдетте, үлкен қабілеттері бар адам, өзіне талапшыл, өз 
әрекетін критикалы түрде бағалайды, өз кемшіліктерін айқындап, оларды жоя 
алады.
Өздерін қоғамдық тамақтандыру саласындаға әрекетке арнауға бел буған 
тұлғалар үшін таңдалған кәсіпке тән белгілі бір қабілеттер керек. Бұл 


67 
қабілеттер тұтынушыға қызмет көрсету бойынша еңбекті сипаттайтын тұлға 
белгілерімен байланысты. 
Қызмет көрсету – осы үрдіспен байланысты тұлға ерекшеліктерінде 
көрінетін өзіндік әрекет түрі. Бұл қабілеттер тұлғаның кәсіби дайындығын 
құрайтын психикалық қасиеттердің күрделі үйлесімінен тұрады. Оған: 
психикалық күштердің үлкен қысымында тұрақты жұмысқа қабілеттілік және 
ұстамдылық; қызмет көрсету қарқынының күрт өзгеру қабілеті, физикалық 
және психикалық күштерін нақты мәсілені шешуге бағыттау қабілеті және т.б. 
жатады. 
Қызмет көрсетуде жоғары нәтижеге белгілі бір физикалық, моральді, 
интеллектуалды және психологиялық қасиеттері бар жұмысшы жете алады. 
Жалпы түрде оларды келесідей сипаттауға болады: 
1. Денсаулық күйі. Ұзақтығы әртүрлі және әртүрлі күшті қажет ететін 
физикалық жүктемелер жақсы денсаулық күйін талап етеді. Жүйке-
эмоционалды қысымның үлкен деңгейімен қатар қызмет көрсету барасында 
аяққа, омыртқаға және барлық корпусқа үлкен ауырлық түседі. Жылдамдық, 
икемділік және қозғалыстағы сенімділік қажет.
2. Моральды қасиеттер. Өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын, өзінің 
кәсіби парызын түсіну. Моральдық бейнені анықтайтын белгілер: сезімдер мен 
эмоциялардың жо,ары мәдениеті, сезімталдық және қайырымдылық, әрбір 
тұтынушыға тез индивидуалды жол табу, сыпайылық, ілтипаттылық. 
3. Интеллектуалды талаптар. Тағамдар мен сусындар тізімінде тез 
бағытталу, оларды ұсыну ретін есте сақтау, жедел ойлау, ойда тез есептеу 
қабілеттері, тұтынушылар мінезі мен типін тез ажырата білу, бай сөз қоры, 
айқын сөйлеу. 
4. Психологиялық қасиеттер. Үнемі назар аудару мен көңіл бөлу 
қажеттілігімен байланысты жоғары жүйке-психикалық жүктеме оперативті 
естің көп көлемін қажет етеді, соның ішінде көру, бақылау, көңіл бөлу, көп 
адамдармен сөйлесу, өзінің жаман көңіл-күйіне қарсы тұра алу, даулы жағдайда 
дұрыс шешім қабылдау. 
Адамдар сыртқы түрі бойынша ғана емес, өз тәртібі, қозғалу манерасы 
бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, екі тұтынушыны бақылай отырып, бұл 
айырмашылықты байқауға болады. Бірі асықпай мәзірді оқып, даяршы келіп 
тапсырысты қабылдауын асықпай күтеді. Екінші тұтынушы айқын 
шыдамсыздық білдіреді, ас мәзірін қайта-қайта оқиды, үстелді саусақтарымен 
тарсылдатады, қозғалысы тез. Бұл айырмашылықты темпераментпен 
түсіндіруге болады, ол оның тәртібінде, жүрісінде, ымдарында көрінеді. Адам 
тұлғасының индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері жоғарғы жүйке 
әрекеті типіне, бас миында қозу және тежелу қатынасы ерекшелігіне 
негізделген. Адамның қоршаған орта әсеріне реакциясы ерекшелігі 
темперамент деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет