Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Тұлғаның психологиялық құрылымы



Pdf көрінісі
бет39/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

 
4.4. Тұлғаның психологиялық құрылымы 
 
Тұлға туралы түсінік. Тұлға мен адам – ұқсас түсініктер емес. «Адам»- 
бұл тектік, жинақтық түсінік. «Тұлға» түсінігі «индивид» (қоғамнан оқшаулап 
алынған адам) және «индивидуалдылық» (берілген адамның басқа адамдардан 
ерекшеленетін белгілер жиынтығы) түсініктерінен де ерекшеленеді.
Адамның сыртқы әлемге қатынасы оның көзқарасында, сенімдерінде, 
басқа адамдармен қатынасында және де оның әрекетінде (ойын, оқу, еңбекте) 
көрінеді. Адамның өз-өзіне оның өз-өзін бағалауы мен идеалдарында 
айқындалады.
Сана. Сана – бұл адамға ғана тән қоршаған шынайылықтың 
психологиялық бейнесінің түрі. Ол күнделікті әрекет үрдісінде қалыптасады 
және басқа адамдармен ойлар мен сезімдермен алмасу кезінде жетіледі. 
Сананың әлеуметтік табиғаты бар, себебі адам адамдар арасында қоғамда өмір 
сүреді және оның санасында қоғамдық құбылыстар мен оқиғалар көрініс 
табады. Тұлға санасы әртүрлі түрде көрінеді: моральды, эстетикалық, 
құқықтық, саяси және т.б. Мысалы моральдық сана уақытағынымен өзгеретін, 
тарихи қалыптасқан моральды қатынас. Эстетикалық сана қоршаған әлемнің 
белгілі-бір құбылыстарын сезімдік бейнеде көрсетеді, эстетикалық талғам 
көзқарасынан бағаланады.
Психологтар ойынша, сана – тұлғаның күнделікті әрекетінде және 
тәртіптің ең жоғарғы реттегіші. Бірақ сана психиканың жалғыз түрі ғана емес. 
Онымен қатар санасыз психикалық үрдістер бар. Санасыздық адамның 
психикалық әрекетінің туындауы ретінде аффектте, интуицияда, үрейде, 


65 
гипнозда, түс көруде, еріксіз есте сақтауда көрініс табады, оның себептері 
белгілі-бір жағдайларда адамдармен қабылданбайды. 
Тұлға құрылымы. Тұлғаның белгілі-бір құрылымы бар, ол барлық 
адамдарға тән төрт құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл құрамдас бөліктердің 
әрқайсысының өзіндік тағайындалуы бар. Бұл құрамдас бөліктерге мыналар 
жатады: 
 әлеуметтік негізделген тұлға ерекшелігі: қажеттілігі, мүдделер және 
т.б.; 
 белгілі-бір білім. дағды, ептілік және әдет қоры, яғни тұлға 
тәжірибесі, оның қоғамдық-пайдалы еңбекке дайындығы (адам 
кәсібі оның мүдделеріне, қажеттілігіне, сұранысына белгілі-бір із 
қалдырады); 
 тұлғаның психикалық үрдістерінің тұрақты ерекшелектері: 
қабылдау, назар, ойлау, эмоция, сезім және т.б.; 
 тұлғаның биологиялық негізделген ерекшеліктері: бағыттылығы, 
қабілет, темперамент, мінез (бұл қабілеттер тұлғаның басқа 
адамдармен сөйлесу стиліне көп әсер етеді). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет