71
Мінез – қоршаған әлемгеқатынасы ерекшеліктерін айқындайтын және
тәртіп пен
әрекеттерде көрінетін маңызды, тұрақты (өзекті)тұлғаның
психикалық қасиеттері.
Грек тілінен аударғанда «мінез» - бұл «белгі», «ерекшелік». Бірақ
психикалық үрдістер ерекшеліктері тұрақты көрінгенде және адамға тәне
тәртіпті анықтаған кезде ғана мінез белгісі болады. Мінез белгілері келесі үш
талаптарға сәйкес келу керек: олар айқын, өзара
тығыз байланысқан және
әртүрлі қызмет түрінде көріну керек.
Адам мінезінде төмендегідей белгілерді бөліп көрсетеді:
адамгершілік (адалдық, сыпайылық, коллективизм);
эмоционалды (әсерленгіш, сезімталдық, оптимистік);
еркіндік (ұстамдылық, тәртіптілік, решительность);
интеллектуалды (тапқырлық, зеректілік, сендіру қабілеті).
Бірақ мінез бұл белгілердің қарапайым жиынтығы ғана емес. Адамның
төмендегілерге қатынасы аса маңызды:
коллективке және жеке адамға (көпшілдік, мейірбандық, адалдық,
сыпайылық, сенімсіздік және т.б.);
еңбекке (еңбекқорлық, ақ ниеттілік);
заттарға
(шаруақор,
құнттылық,
ұқыптылық,
салақтық,
ысырапшылық);
өз-өзіне (өзін-өзі сынау, көкіректік, паңдық,
мансап құмарлық,
менменшілдік және т.б).
Әрбір кәсіп адамнан белгілі-бір мінез сипатын қажет етеді. Қызмет
көрсететін персоналға ұстамдылық, ақ жарқындылық,
ұқыптылық сияқты
кәсіби мінез белгілері қажет. Мейрамхана және қонақ үй жұмысшылары
белгілі-бір өнім (қызметті) алуға ықпал ететін қонақтың әртүрлі қажеттіліктерін
білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: