73
- қозғалу (квитанция жазу, тағамдарды ұсыну және т.б.);
- ойлау (тағам ассортиментіндегі бағдары, тапсырыс құнын есептеу);
- сенсорлық (келушілердің психикалық күйін тану);
- мінез-құлық (сөйлесу, этикетті сақтау, гигиена және т.б.).
Ептілік- қабылданған білімдері мен дағды есебінен жұмысшының
меңгерген іс-әрекетті орындау әдісі. Ол іс-әрекеттерді
тұрақты жағдайда ғана
емес, өзгермелі жағдайда орындауға мүмкіндік береді. Іс-әрекеттерді орындау
қажеттілігі әдет тудырады.
Әдет – тұрақты болып қалған адам тәртібінде түзілген әрекет. Әдет дағды
сияқты әрекетті автоматты түрде орындау әдісі.
Әдет пен дағды
айырмашылығы неде? Дағды белгілі бір әрекетті жемісті орындауға ықпал
етеді. Әдет белгілі-бір әдіспен әрекет етуге итермелейді. Ол үйреншікті әдіспен
қатаң орындайды.
Білім,ептілік,дағды және әдеттер адамның
өмірі бойы және қызметінде
өзгеруі мүмкін. Білім, дағды, ептілік және әдеттер бірлігі
жиналған тәжірибені
құрайды. Тәжірибе байланыс аймағы жұмысшысының тәжірибелік қызметі
ретінде кәсіби шеберлік деңгейін сипаттайды. Бұл
шеберлік еңбек өнімділігі
мен келушілерге қызмет көрсету мәдениетін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: