79
Ар- тұлғаның әрекеттегі адамгершілік нормаларына сәйкес өз ойын, сезімін
және қылықтарын бағалау, өз тәртібін өнегелі түрде өздігінен бақылауды
жүзеге асыру қабілеті. Ар – мейрамхана және қонақ үй жұмысшысын
қонақтарға жағымсыздық алып келетін қылықтан алдын-ала сақтайтын ішкі
төрешісі. Ардың кең тараған көрінісі– ұят. Қонақ үй немесе мейрамхана
жұмысшысының ар-ұятының болуы – кәсіби жарамдылықтың бір шарты. Ар өз
міндеттеріне жауапсыз, немқұрайлы қарауына мүмкіндік бермейді.
Намыс – қоғамда тұлға, азамат, өз ісінің шебері ретінде адамның өз мәнін
(күйін) түсіну. «Намыс» категориясында қонақ үй немесе мейрамхана
жұмысшысының өз кірленбеген атағын сақтау ынтасын көрсетеді. Намыс –
адамның қоғамдық бағасы және қоршаған ортадан оны құрметтеу шамасы.
Қонақтар және қызметтестер алдында өз намысын түсірмеу үшін барлық
мүмкіндіктерді қолдану – қонақ үй немесе мейрамхана жұмысшысының
адамгершілік міндеті. Егер байланыс аймағы жұмысшысында намыс сезімі
болмаса, онда өз еңбегі үшін жеке жауапкершілік сезімі де жоқ.
Абырой – дербес өзін бағалау түрі, өзінің маңыздылығын түсіну. «Абырой»
категориясында адамның қоршаған орта жағынан сыйлау қажеттілігі көрінеді.
Байланыс аймағы жұмысшысы абыройы оның еңбек сапасы мен мөлшерімен
анықталады. Өз қадірін сезінетін байланыс аймағы жұмысшысы кез-келген
келушінің абыройына құрметпен қарайды.
Бақыт және өмір мәні. Өмір мәні тұлға мақсаттары мен идеалдарымен
анықталады. Егер адам өмірінде мақсат болмаса, онда мәні де болмайды. Сонда
адам өмірінің мәні неде? Көбіне бұл сұраққа: «бай болғым келеді», «жетістікті
кәсіпкер болғым келеді», «оқымысты болғым келеді» деп жауап береді. Бірақ
бұл жағдайларда екі түсінікті: өмір мақсаты мен мәнін шатастырады. Мақсатқа
жетуге болады, оған жеткен соң ары қарай өмір мәні мәселесі туындайды.Өмір
мәні – адам өміріндегі белгілі-бір бағыт және ол адам ұстанатын адамгершілікті
құндылықтарды жүзеге асады. Өмір мәні – оның басты сызығы және адам
өмірінде салыстырмалы тұрақты болып қалады.
Әр адаммен өмір мәні мәселесін шешу көбіне оның тәртібі, оның қоғамдық
оқиғаларға қатынасын анықтайды. Қонақ үй немесе мейрамхана жұмысшысына
оның адамгершілік құндылықтары мен оған жету жолдарын анықтайтын
беделді өмірлік идеал қажет. Оған өз кәсіби қызметінде жоғары моральдық
құндылықтарды күнделікті өнегелі тәртіппен үйлестіру қажет.
Бақыт – адамның өмірімен моральді қанағаттану күйі, оның толықтығы
мен мәнін түсіну. Өмірге тұтынушылық қатынас, жалған құндылықтарға
ұмтылу тек бақыт иллюзиясын құру мүмкін. Бақытты өмір адал,
шығармашылық еңбексіз, әріптестермен достық қатынассыз, белсенді өмірлік
позициясыз мәні жоқ. Бақыт – бар күймен разы болудың идеалды күйі емес.
Бұл жақсы болашаққа, өз жолындағы кедергілерді жоюға ұмтылу.
Достарыңызбен бөлісу: