Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет47/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Екінші кезең – қонақта тапсырыс жасау (немесе одан бас тарту) туралы 
шешім қабылдаудан өнімді (қызметті) иемдену ойы қалыптасады. Соңғы 
шешім қонақтың қайтадан (кейде көп рет) өнім (қызмет) туралы ойы мен оны 
емдену ойын салыстырудан кейін қабылданады. Салыстыру нәтижесі көбінесе 
өнім (қызмет) туралы ойы мен оны иемдену ойымен ерекшелену дәрежесіне 
тәуелді. Соғы шешім қабылдау үшін бірқатар қосымша факторлар әсер етуі 
мүмкін: 
 өнімнің (қызметтің) құнына сай келуі. Төмен баға тапсырысты пайдалы 
етеді, бірақ оның сапасына күмәндылық туғызады. Жоғары баға тағам 
сапасының көрсеткіші болып табылады, бірақ оған тапсырыс жасау 
шешімін қиындатады; 
 өнім (қызмет) ассортиментінің алуан түрлілігі. Аса көп таңдаудың болуы 
кейбір адамдарға белгілі-бір тағамды таңдауын қиындатады. Бір мезгілде 
үш заттан артық қарау келушіге қиын түсетіні орнатылған; 
 келушінің тұлғалық ерекшелігі (ысырапшылық, аңқаулық,сенгіштік және 
т.б.); 
 келушінің көңіл күйі, ол қонақ үй холлындағы немесе қызмет көрсету 
залындағы қатынаспен анықталады. Келіспеушілік жағдай, қызмет 
көрсету деңгейінің келуші күтімі мен сұранысына сай келмеуі 
тапсырыстың жасалмауына ықпал етеді; 


75 
 қонақ үй немесе мейрамхана жұмысының нақты ұйымдастырылуы, 
жұмысшылардың іскерлігі мен біліктілігі, олардың қонақтарға ілтипатты, 
ынталы қатынасы. 
Үшінші кезең – өнімді (қызметті) алу. Егер қонақ қажетті қызметті алса, 
оған сай уайымдау сол алғашқы «өнім туралы ойы» мен «оны иелену ойымен» 
салыстырумен анықталады. Қонақтың жасалған тапсырысқа соңғы реакциясы 
алынған өнімнің оған қойылған талаптарға қаншалықты сай келуіне 
байланысты. Егер тапсырыс қонақты толық қанағаттандырса, онда қонақ үйге 
деген оң қатынасы туындайды, тағы да келу, тұрақты клиент болу тілегі пайда 
болады. Егер алынған өнім көңілінен шықпаса, онда бұл қонақ үйді айналып 
өтуі мүмкін.
Өнімнен бас тарту да әртүрлі реакциялармен жүреді. Нашар қызмет 
көрсету салдырынан (байланыс аймағы жұмысшысының дұрыс көіл бөлмеуі, 
дөрекілігі) қонақ ызасы мен ашуын тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет