Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


 Қонақтарды қабылдау және орналастыру қызметінде жұмысты



Pdf көрінісі
бет66/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

7.1.1. Қонақтарды қабылдау және орналастыру қызметінде жұмысты 
ұйымдастыру 
 
Кез-келген категориялы қонақ үйде клиенттерге қызмет көрсету үрдісі 
бірқатар реттелген кезеңдерден тұрады; қонақ үйде орынға алдын-ала тапсырыс 
беру; қонақтарды қабылдау, тіркеу және орналастыру; әртүрлі қызметтер 


103 
ұсыну, қонақтарға қонақ үйде ыңғайлылық қамтамасыз ететін; соңғы есептесу 
және кетуін рәсімдеу. 
Қабылдау және орналастыру қызметі қонақ танысатын қонақ үйдің бірінші 
бөлімі. Осы кезде алынған әсерлер жалпы қызмет сапасы мен қызмет көрсету 
мәдениеті туралы пікір қалыптастырады. 
Қабылдау және орналастыру қызметінің негізгі функциялары қонақ үйде 
орынға алдын-ала тапсырыс жасау, қонақтарды тіркеу және орналастыру, кету 
кезінде есептесуді рәсімдеу, әртүрлі ақпараттар беру. 
Қонақ үйде орындар мен нөмерлерге алдын-ала тапсырыс жасау 
қпабылдау қызметінің арнайы маманданған бөлімшесі- орындарға алдын-ала 
тапсырыс жасау бөлімі арқылы жүзеге асады. Отель де нөмерлерге түсетін 
тапсырыстарды қабылдаумен қатар, бұл бөлім мамангдары қонақ үй 
орындарына сұранысты болжау керек. Өткен кезеңде қонақ үй жұмысының 
тәжірбиесін зерттеп, маусымдық ерекшеліктер мен аймақта жүргізілуі 
жоспарланатын ықтимал шараларды ескеріп, күтілетін қонақтар саны мен 
қонақ үй қызметтеріне ықтимал сұраныс бағаланады. Нөмерлік қорды 
максималды толтыру үшін негіз құрылады. 
Қонақ үйде орындарға алдын–ала тапсырыс беру ауызша, жазбаша немесе 
компьютер арқылы жүзеге асу мүмкін, кез-келген жағдайда қонақ үй клиенттен 
белгілі-бір кепілдік алу керек ( төлеу туралы кепілдік хатғ төлем жүргізілгенін 
банктік растау, алдын-ала төлеу және т.б.) Содан кейін борнь нөмерлік қорды 
толтыру графигіне енгізіледі, ал клиент броньді растау алады. Әдетте растауда 
тапсырысты тіркеу нөмері, тапсырысты алу күні, қонақтың болжаулы келу 
және кету күндері, тапсырылған нөмер типі, орын саны, сонымен қатар қонақ 
пен келісілген арнайы шарттар көрсетіледі. 
Қонақ үй кепілді алдын-ала тапсырыс жасау- қонақ үй қонаққа оның 
тапсырған нөмерін алуға кепілдік беретін арнайы растаумен тапсырыс жасау 
жүзеге асыру мүмкін. Бұндай растау егер қонақ үйге кешігіп келуі мүмкін 
болғанда қажет. 
Алдын-ала тапсырысты жою тәуекелін төмендету үшін көптеген қонақ 
үйлер қос тапсырыс жасау қолданады, бұл кезде бір орынға бір мезгілде екі 
клиентке растау беріледі. Егер екі клиент те белгіленген уақытта келсе, бір 
қонақты басқа отельге жібереді. Бұндай жағдайлар клиенттермен алдын-ала 
келіседі. Клиент үшін де, қонақ үй үшін де нөмерлерге алдын-ала тапсырыс 
берілгені жөн. Сондықтан қонақ үйлер үшін ұйымдармен, соның ішінде 
туристік фирмалармен және агенттіктермен ұзақ мерзімге келісім шарт құру 
тиімді. 
Алдын-ала тапсырыс жасау бөлімі орындарға алдын-ала тапсырыс жасауға 
тапсырыстарды тіркейді және тапсырыстарды жояды. Егер уақытылы 
тапсырысты жоймаса, қателік табылмағанша нөмер сатылмай тұрады. 
Қабылдау және орналастыру қызметі бөлімшелерінің үнемі өзара байланысы 
ағымды уақытта нөмерлердің толуы туралы сенімді мәлімет алуға және белгілі 
бір кезеңге қонақ үй толтыру жоспарын құруға қажет. 


104 
Қабылдау және орналастыру операциялық үрдісінің келесі кезеңі- 
орналастыру. Ол өз алдына қарсы алу, тіркеу кілт беру, нөмерге дейін шығарып 
салудан тұрады. Қонақтарды қарсы алудың екі нұсқасы бар: алыс жерден қарсы 
алу (аэропортта, вокзалда) және жақын жерде қарсы алу (қонақ үйде кіре-
берісте немесе холлда). Аэропортта немесе вокзалда қарсы алу туралы 
орындарға алдын-ала тапсырыс беру кезінде келіседі. Жоғары класс отельде 
қонақтарды кіре-берісте қарсы алады, кішігірім қонақ үйлерде қонақты 
администратор қабылдау және орналастыру қызметі тұрағы жанында қарсы 
алады. Көптеген қонақ үйлерде администратор тұрақ қасында отырмай, тұрып 
қарсы алуы шарт, бұл қонақтарға құрмет білдіру деп саналады. 
Қонақтарды тіркеу үрдісі әртүрлі класс қонақ үйлерде қызмет көрсету 
уақыты бойынша ерекшеленеді. Нөмірге алдын-ала тапсырыс берген клиенттер 
тіркеуді тез өткізеді, себебі қонақ туралы қажетті мәліметтер бар, жәнеодан тек 
тіркеу карточкасына қол қою ғана керек. Алдын ала орынға тапсырыс бермеген 
қонақтарды тіркеу үрдісі ұзағырақ уақыт, кейде 5-минутқа дейін алады. Бұл 
жағдайда администраторға клиент туралы мәліметтерді енгізумен қатар, нөмір 
бағасы, тұру мерзімі, төлеу реті және т.б. мәселелерді шешу керек. Тіркеу 
карточкасы мәліметтері отель әкімшілігімен демалыс кезінде қонақ үйге 
шақыру үшін, іскерлік кездесуге немесе клиент мүддесіне қатысты басқа 
шараларға қатысу үшін шақыру үшін қолданылу мүмкін. Дұрыс жазып 
алынбаған мекен жай жарнама материялдарын бекер жіберуіне ықпал болады. 
Тіркелу карточкасын (сауалнаманы) толтырған соң администратор қонақ 
үйге тұруына рұқсат жазып береді және қонақ визит картасын немесе карта 
береді. Визит картасы қонақ үйге кіруіне және кілт алуға құқық беретін құжат 
болып табылады. Көптеген қонақ үйлер картасын қонақ үй туралы және 
ұсынылатын қызметтер туралы жарнамалық ақпарат құралы ретінде 
қолданылады. 
Рәсімдеу процедурасы аяқталған соң қабылдау және орналастыру 
қызметінің қызметкері қонақты ұсынылған нөмерге дейін шығврып салады. 
Қазіргі жағдайда қонақтарға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін 
қамтамасыз ету жаңа технологияларды қолданбай мүмкін емес. Қонақ үй 
персоналы жұмыс орны жабдықтарын автоматтардың ең алдымен қонақтарды 
қабылдау және орналастырумен байланысты негізгі функционалдық үрдістерді 
автоматтандыруды қамтамасыз етеді. 
Жергілікті компьютерлік желі мен интернет қонақ үйде қонақтардың 
қажеттілігі мен отель мүмкіндігіне байланысты орындарға алдын ала тапсырыс 
беру, іздеу үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Іскерлік серіктестер 
іздеу, байланысты орнату, клиенттер жарнамасы мен өткізу, көптеген 
делдалсыз тікелей клиенттермен байланысудың шексіз мүмкіндіктері пайда 
болады, бұл қызметтердің өзіндік қызметін біршама төмендетеді.
Компьютерлік желілер қонақ үйдің ақпараттық-есептік орталықтарында 
кең қолданылады. Компьютерлік желілер көмегімен орындарға алдын-ала 
тапсырыс беруге; номерлік қор толуын бақылауға; клиенттерді тіркеуге; 
қонақтар карточкасын жүргізуге; есеп айыруға; қаржылық немесе басқа есеп 


105 
жүргізуге болады. Нәтижесінде қонақтарды тіркеу және орналастыру уақыты 
қысқарады, жалпы қызмет көрсету шығындары азаяды. 
Жоғары класс үйлері қоғамдық және тұрғын бөлмелерде құлыптардың 
электорндық жүйесін орнатады, оны тек электрондық кілт арқылы ашуға 
болады, Электрондық кілт әр түрлі қолданушылар деңгейлері- клиенттер, 
қызмет көрсететін персонал, күзет, директор және т.б. үшін Индивидуалды 
кодпен пластикті магнитті карта болып табылады. Бұл кезде қызмет көрсетудің 
жоғары деңгейі және персонал мен қонақтардың қауіпсіздігі қамтамасыз 
етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет